Зұлымдық (ظُلْمٌ) сөзінің мағынасы: әділетсіздік, бассыздық ету, шектен шығу. Зұлымдық сөзінің антонимы–амандық. Ал, амандық сөзінің тілдік шарғи мағынасы: қауіп–қатерден аман болу.
Амандықтың негізін адам басы мен оның мүлкіне қауіп–қасірет пен жамандықтан аман болуы құрайды. Осы себептен, Ислам дінінде амандықтың алатын орыны ерекше.
“Зұлымдық істеуден сақтаныңдар! Өйткені, зұлымдық Қиямет күніндегі адам басына туатын қасірет. Сараңдықтан сақтаныңдар! Өткені, сараңдық сендерден бұрыңғыларды опат еткен. Олар сараңдық себебінен олар бірі-бірінің қанын төгіп, Аллаһ Тағаланың тыйым салғанын халал еткен.”
“Зұлымдық істеуден сақтаныңдар! Өйткені, зұлымдық Қиямет күніндегі адам басына туатын қасірет. Әдепсіздіктен сақтаныңдар! Себебі, Аллаһ Тағала әдепсізді жақсы көрмейді. Сараңдықтан сақтаныңдар! Өткені, сараңдық сендерден бұрыңғыларды опат еткен. Сараңдық сықпарлыққа бұйырғанда, олар сықпарлыққа ұрынды. Бұзықшылыққа бұйырғанда, бұзықшылық етті. Туысқан–бауырмен қатынасты үзуді бұйырғанда, олармен қатынасты үзді.”
“Аллаһ Тағала айтады: “Ей, құлдарым! Мен Өзіме зұлымдық жасауды харам еттім, сендерге де зұлымдық жасауды харам еттім. Бір-біріңе зұлымдық етпеңдер. Ей, құлдарым! Мен тура жолға салған пендемнен басқаларың адасудасыңдар. Сондықтан Менен тура жолда болуды тілеңдер. Мен сендерді тура жолға саламын. Ей, құлдарым! Сендер күндіз–түні қателесесіңдер. Ал, күнәларды кешіруші Менмін. Күнәларың үшін Менен жарылқау тілеңдер, Мен күнәларыңды кешіремін. Ей, құлдарым! Сендер Маған ешбір пайда, не болмаса зиян келтіре алмайсыңдар. Ей, құлдарым! Егер сендердің әуелгілерің мен кейінгілерің, адамдарың мен жындарың қосылып бір адамды тақуа етуін қаласаңдар, одан Менің мүлкіме ешнәрсе қосылмайды. Ей, құлдарым! Егер сендердің әуелгілерің мен кейінгілерің, адамдарың мен жындарың бір жерге жиналып қажеттеріңді сұрайтын болсаңдар, әр пендеге сұрағанын беремін. Одан Менің мүлкімнен ешнәрсе кеміп қалмайды. Ол бар болғаны теңізге инені батырып алғандай. Ей, құлдарым! Расында, Менің жанымда амалдарыңның есебі бар. Оларды өздеріңе қайтарамын (яғни, істегендеріңе қарай нәтижесін көресіңдер). Сол кезде жақсылыққа қол жеткізген Аллаһ Тағалаға мақтау айтсын. Кім жамандыққа тап болса, тек өзінен көрсін.”
“Қиямет күні әр нәрсенің ақысы қайтарылады. Тіпті, ақысын алу үшін мүйізсіз қойдың алдына мүйізді қой алып келінеді.”
“Бір күні біз (яғни, сахабалар) “Қоштасу қажылық” жайында әңгімелестік. Алайда, арамызда “Қоштасу қажылығы” не екенін білетін адам жоқ еді. Сол кезде арамызда тұрған Нәби (с.ғ.с.) Аллаһ Тағалаға мақтау айтып, кейін Масих Дәжжәл туралы көп сөйледі. Сөз арасында Нәби (с.ғ.с.): “Әрбір үмметке жіберілген пайғамбар, соның ішінде Нух ғ.с. және одан кейін болған пайғамбарлар да үмметін Аллаһ Тағалаға қарсы келуден сақтандырды. Араларыңда Масих Дәжжәлдің пайда болғаны сендер үшін құпия болмайды. Себебі, сендерге Аллаһ Тағала жалғыз көзді емес екені мәлім. Ал, Масих Дәжжәлдің оң көзі болмай, жалғыз көзі жүзімге ұқсаған дөнес болады. Расында, Аллаһ Тағала сендердің өмірлерің мен мүліктеріңнің қасиеттілігін сендердің қалаларыңдағы үстіміздегі айдың осы күннің қасиеттілігіндей. Сендерге осы нәрсені (яғни, Аллаһ Тағаланың бұйрығын) жеткіздім бе?”,–дегенде, адамдар: “Иә, жеткіздіңіз”,–деп жауап берді. Осыдан соң Расулуллаһ (с.ғ.с.) үш қайтара: “Тәңірім, (бұйрығыңды жеткізгеніме) куә бол!”,–деп, артынша: “Абай болыңдар! Менен (яғни, мен о дүниелік болғаннан) кейін бірі–біріңнің қандарыңды төгіп күпірлікке түсіп жүрмеңдер”,–деді.”
“Муъаз (р.л.ғ.) айтады: Расулуллаһ (с.ғ.с.) мені Йеменге жіберіп тұрып: “Ей, Муъаз (р.л.ғ.)! Сен Кітап иелеріне (Аллаһ Тағаланың Кітабы түсірілген елге) бара жатырсың. Оларды алдымен: “Аллаһ Тағаладан басқа тәңір жоқ және Мен Оның Ел–шісі”,–екеніме иман келтіруге шақыр. Осыған иман келтіретін болса Аллаһ Тағала оларға күніне бес уақыт намаз оқуын парыз еткенін айт. Осыған мойынсынар болса Аллаһ Тағала оларға байлардан алынып кедейлерге берілетін зекетті бұйыратынын айт. Бұған да мойынсынатын болса олардың мүліктерінен ең құндысын алушы болма. Әрі, зұлымдыққа ұшыраушының дұғасынан сақтан. Өйткені, оның дұғасы мен Аллаһ Тағаланың арасында бөгет болмайды”,–деді.”
“Нәби (с.ғ.с.) Салманды (р.л.ғ.) Әбу Дарда”амен (р.л.ғ.) бауырластырды. Бір күні Салман (р.л.ғ.) Әбу Дарда”аның (р.л.ғ.) үйіне келіп өте қарапайым киінген Әбу Дарда”аның (р.л.ғ.) анасын көреді. Салман (р.л.ғ.) одан: “Сізге не болған?”,–деп сұрағанда Әбу Дарда”аның (р.л.ғ.) Әнасы: “Сенің бауырың дүниеге мұқтаж емес”,–деп жауап берді. Әбу Дарда”а (р.л.ғ.) үйіне келгеннен кейін тамақ пісірді. Кейін оны Сал–манға (р.л.ғ.) ұсынып: “Тамақ ал”,–дегенде ол (р.л.ғ.): “Ауызым берік (яғни, мен оразамын)”,–деді. Әбу Дарда”а (р.л.ғ.): “Сен жемесең мен де жемеймін”,–дегеннен кейін Салман (р.л.ғ.) оған қосылып тамақтанды. Түннің бір уақытында Әбу Дарда”а (р.л.ғ.) нәфіл намазға (нәфіл намаз–парыз намаздан тыс қосымша намаз) тұрғанда, Салман (р.л.ғ.) оған: “Көз іліп алмайсың ба?”,–деді. Әбу Дарда”а (р.л.ғ.) бір ұйықтап тұрғаннан кейін, Салман (р.л.ғ.) оған қайта: “Жатып ұйықтай бер”,–деді. Таңға жуық Салман (р.л.ғ.) ұйықысынан тұрып: “Енді тұрып намазыңды оқы”,–деп Әбу Дарда”аны (р.л.ғ.) намазға тұрғызды. Намаз оқып болғаннан кейін Салман (р.л.ғ.) Әбу Дар–да”аға (р.л.ғ.): “Аллаһ Тағаланың, өз нәпсің мен отбасыңның сенде ақысы бар. Иесіне тиісті ақысын бер”,–деді. Әбу Дарда”а (р.л.ғ.) Нәбиге (с.ғ.с.) барып Салман (р.л.ғ.) осылай айтты дегенінде Нәби (с.ғ.с.): “Салман (р.л.ғ.) дұрыс айтты”,–деп Салманның (р.л.ғ.) сөзін құптады.”
Түсініктеме: “Түннің бір уақытында Әбу Дарда”а (р.л.ғ.) нәфіл намазға тұрғанда…”–Әбу Дарда”аның (р.л.ғ.) жұманың түнінде ұйықтамай нәфіл намаз оқитын әдеті болған. Хадисте әңгімеленгені сол жағдай.
“Таңға жуық Салман (р.л.ғ.) ұйқысынан тұрып: “Енді тұрып намазыңды оқы”,–деп Әбу Дарда”аны (р.л.ғ.) намазға тұрғызды”–Салман (р.л.ғ.) Әбу Дарда”аны (р.л.ғ.) нәфіл намаз оқу үшін тұрғызғаны.
“Расулуллаһ (с.ғ.с.) Ибн Әл–Лютабийа есімді адамға Суләйм руынан зекет жинауды тапсырған болатын. Бір күні Ибн Әл–Лютабийа зекетті жинап келіп Расулуллаһқа (с.ғ.с.) есеп беріп: “Мынау–сіздердің малдарыңыз, ал мынау–маған сый етіп берілгені”,–деді. Мұны естіген Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Сен жалғаншы болмасаң, сыйлықтың берілуін күтіп ата–анаңның үйінде отырмадың ба (яғни, бұл жиналған зекеттен жалғандықпен иеле–ніп алғаның емес пе)?”,–деді. Осыдан соң мінбарға шығып Аллаһ Тағаланы ұлықтап, Оған мақтау айтты. Кейін: “Мен Аллаһ Тағала маған тапсырған істі атқару үшін араларыңнан біреуіңді тағайындасам, ол алдыма келіп: “Мынау–сізге, ал мынау–маған сый етіп берілгені”,–дейді. Айтқаны рас болса, сол сыйлықтың берілуін күтіп ата–анасының үйінде отырмады ма? Аллаһ Тағалаға ант етейін! Сендерден біреуің хұқұғы болмастан бір нәрсені алатын болса, Қиямет күні Жаратушысымен соны арқалаған күйде жүздеседі. Қиямет күні боздаған түйені, мөңіреген сиырды немесе маңыраған қойды арқалап келгендеріңді үмметім деп мой–ындамаймын”,–деді. Осыдан соң қолтығы көрінетіндей дәрежеде қолын аспанға көтеріп: “Я, Тәңірім! Көзім көрген және құлағым естіген пендеге (яғни, мойыныма қарыз болмайтындай етіп) әміріңді жеткіздім бе?”,–деді.”
“Кім мұсылман бауырының ар–намысына немесе басқа нәрсесіне тиген болса (яғни, бір жолмен зұлымдық жасаса), бүгін динар мен дирһам жоғалмай тұрғанда (яғни, бұл дүниеде жолын тауып) айыбын өтесін. Болмаса, Қиямет күні істеген зұлымдығының ақысына оның сауабы алынады. Сауабы айыпты өтегенге жетпесе оған зұлымдыққа ұшырағанның жамандығы беріледі.”
“Ұрылардың ұрысы–басшысының әділ шешіміне көнбей, тек өз сөзін дұрыс деп білген. Қателердің үлкені–мұсылманның меншігіне қол сұғұшылық. Игі істердің абзалы–науқастың көңілін сұрау. Көңіл сұраудың абзалы–науқасты қолыңмен сипап жағдайын сұрауың. Шапағат етудің (қамқорлықтың) абзалы–екі жастың қосылуына септігін тигізу. Шалбардың ішінен іш киім кию–әнбиелердің (пайғамбарлардың) сүннәті (үрдісі). Тілек–дұғасы қабыл болушылардың бірі–түшкіруші.”
Түсініктеме: Тілек–дұғасы қабыл болушылардың бірі–түшкіруші: кеңсірік адамның ішіне шаң–тозаң, микроб т.б. зиянды нәрселердің өтуіне тосқауыл болатын сүзгі қызметін атқарады. Ауамен бірге кеңсірікке кірген зиянды нәрселер ондағы сүзгілерді қоздырған уақытта адам түшкіріп, зиянды нәрселер сыртқа шығады. Бұл Аллаһ Тағаланың адам баласына берген нығметтерінің бірі. Түшкірген уақытта “әл–хамду лил–ләһ” деп Аллаһ Тағалаға шүкіршілік келтіру–мұсылмандық әдеп. Мұның есесіне Аллаһ Тағала түшкірушінің дұғасын қабыл етеді.
“Құқығы болмай тұрып мұсылманның меншігіне қол сұққан Қиямет күні Аллаһ Тағаланмен, Оны ашуландырған күйде жүздеседі.”
“Мен Расулуллаһтың (с.ғ.с.): “Ей, адамдар! Біз біреуге зекет жинау ісін тапсырсақ, ол жинағаннан бір инені немесе одан қымбаттау нәрсені бізден жасыратын болса, жасырғаны кісенге айналып, ол Қиямет күні онымен кісенделген күйде келеді”,–дегенін естідім. Сол кезде қара торы келген ансар (мәдиналық мұсылман) Расулуллаһқа (с.ғ.с.) жақындады. Ол ансар әлгі күнге дейін көз алдымда тұрған тәрізді. Ол Расулуллаһқа (с.ғ.с.): “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! Маған тапсырған ісіңізді (яғни, зекет жинау ісін) қайта алыңыз”,–деді. Расулуллаһ (с.ғ.с.) одан: “Сен не себепті былай дедің?”,–деп сұрағанда ол: “Мен Сіздің зекетке қатысты айтқан сөзіңізді естідім (яғни, ол істің жауапкершілігін сезіндім)”,–деп жауап берді. Сонда Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Мен айтқанымды тағы қайталаймын. Біз біреуге зекет жинау ісін тапсыратын болсақ ол оны түгел тапсырсын (яғни, бір нәрсесін жасырып қалмасын). Одан (айлық есебінде) берілгенін алсын, қалғанына тиіспесін”,–деді.”
Хайбар шайқасы болған күні Нәбиге (с.ғ.с.) сахабалардың бір тобы келіп: “Пәленше шаһид болды, пәленше де шаһид болды”,–деп айта бастады. Шаһид болғандарды атап келе жатып бір адамға жеткенде Нәби (с.ғ.с.): “Жоқ. Тіпті де олай емес. Мен оның біреудің шапанын киіп (яғни, заңсыз иеленіп) тозаққа түскенін көрдім”,–деді.”
“Расулуллаһ (с.ғ.с.) уағызында сахабаларына: “Амалдардың абзалыдін жолында соғысу және Аллаһ Тағалаға шын жүректен иман келтіру”,–дегенінде бір адам орнынан тұрып: “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! Мен дін жолында соғысып жүріп жан тапсырғаным күнәларымның кешірілеуіне себеп бола ма?”,–деп сұрады. Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Иә. Дін жолындағы күресте қиыншылыққа сабырлы болып Аллаһ Тағаланың сауабынан үміт етсең, артқа шегінбей, тек алға қарай ұмтылып жан тапсыратын болсаң күнәларың кешіріледі”,–деп жауап берді. Біраз уақыттан соң Расулуллаһ (с.ғ.с.) әлгі адамнан: “Сен жаңа не деп сұрадың?”,–деп сұраған еді ол: “Мен дін жолында соғысып жүріп жан тапсырғаным күнәларымның кешірілеуіне себеп бола ма?”,–деген сұрағын қайталады. Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Иә. Дін жолындағы күресте қиыншылыққа сабырлы болып Аллаһ Тағаланың сауабынан үміт етсең, артқа шегінбей, тек алға қарай ұмтылып жан тапсыратын болсаң төлемеген қарызыңнан басқа күнәларыңның бәрі кешіріледі. Оны Маған Жәбраил ғ.с. айтты”,–деді.”
“Адамдардың арасында Аллаһ Тағаланың мүлкіне (яғни, аманатқа) қол сұғатындар бар. Қиямет күні оларға тек тозақ нәсіп болады.”
“Кім қастандықпен зұлымдық істесе, біреудің ақысын жесе немесе қоластындағыға шамасынан тыс нәрсені жүктесе Қияметте Мен оның күнә істегеніне куәгер боламын.”
Хадисті Ибн Сәлимнен р.л.ғ. Имам Әбу Дауд риуаят етті.