https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

ШЫНШЫЛДЫҚ ТУРАЛЫ

11 May 2015 0 comment Оқылды: 11399 рет

Шыншылдық (صِدْقٌ–сыдқ) сөзінің тілдік мағынасы–шындықты айту, алдамау, растау. Шарғи мағынасы–мұсылманның сөзі мен амалы қайшылықта болмауы .

Шыншылдық адам бойындағы көркем қасиеттерінің бірі. Аллаһ Тағала шыншылдарға жәннаты сый ететінін уәде еткен. (Ахзаб сүресі, 24 аят. Әли Ъимран сүресі, 15–17 аят) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылманның шыншыл болуына қатысты: “Білімсіз берілген пәтуаның күнәсі, сол пәтуаны берген адамға болады. Жауапты біліп тұрып, оны жасырған–қиянат еткен болады”–деп айтқан

“Шыншыл болыңдар. Себебі, шыншылдық тақуалыққа алып келеді, ал тақуалық жәннатқа кіргізеді. Расында, пенде шыншылдықты ұстанумен Аллаһ Тағаланың жанында “шыншыл” деп жазылады. Жалғандықтан сақтаныңдар. Себебі, жалғандық азғындыққа алып келеді, ал азғындық тозаққа кіргізеді. Расында, пенде жалғандықты ұстанумен Аллаһ Тағаланың жанында “жалғаншы” деп жазылады.”

“Шыншыл болыңдар! Өйткені, шыншылдық болған жерде тақуалық болады. Ал, шыншылдық пен тақуалықтың орыны–жәннат (яғни, шыншылдық пен тақуалық жәннатты нәсіп етеді). Жалғандықтан сақтаныңдар! Өйткені, жалғандық болған жерде азғындық болады. Ал, жалғандық пен азғындықтың орыны–тозақ. Аллаһ Тағаладан денсаулық тілеңдер. Себебі, пенде үшін ақиқат иманнан кейін денсаулықтан артық нәрсе жоқ. Бір-біріңді күндемеңдер, жек көрмеңдер, қарым-қатынастарыңды үзбеңдер және өзара жауласпаңдар. Ей, Аллаһтың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар!”

“Жәннаттың амалы–шыншылдық. Шындықты айтқан пенде тақуалық қылған, тақуалық қылған шын жүректен иман келтірген болады. Ал, шын жүректен иман келтірген жәннатқа кіреді. Тозақтың амалы–жалғандық. Жалған айтқан пенде күнә істеген, күнә істеген күпірлік еткен болады. Ал, күпірлік еткен тозаққа кіреді.”

“Күмәндіні қойып, күмәнді болмағанға бет қой. Себебі, шыншылдық–сенімділік болса, ал жалғандық–күмән емес пе?”

“Сатушы да, сатып алушы да айырылысқанға дейін сату және сатып алу еріктерінде болады. Сатушы сатылатын заттың артықшылығы мен кемшілігін жасырмаса, ал сатып алушы ақшаны төлеудің тәртібі мен мерзімін айтып екеуі де жалғандыққа бармаса, онда саудалары берекелі болады. Ал, кемшілік, айыптарын жасырып бірі–біріне жалған айтса саудаларының берекесі кетеді.”

“Қауіпті екеніне көздерің жетіп тұрса да шыншылдықтан бет бұрмаңдар. Өйткені, шыншылдық қауіптен құтқарады. Қауіптен құтылатындарыңа көздерің жетіп тұрса да жалғандыққа жоламаңдар. Өйткені, жалғандықта қауіп бар.”

“Жалғандықтың ең ауыры: адам бөтен біреуді өзінің туған әкесі деп айтуы, түсінде көрмеген нәрсені көрдім деп айтуы және Расулуллаһ (с.ғ.с.) айтпаған нәрсені, Ол (с.ғ.с.) айтты деп айту.”

Түсініктеме: “…бөтен біреуді өзінің әкесі деп айту…”–шариғат бойынша асырап алынған балаға, ол ержеткеннен кейін, оның шын әкесі кім екені айтылуы тиіс. Жетімдер үйінен алынып, әкесі кім екені беймәлім болған жағдайда, ол жетімдер үйінен алынғаны айтылады.

“Расулуллаһ (с.ғ.с.) айтпаған нәрсені, Ол (с.ғ.с.) айтты деп айту…”–яғни, Расулуллаһқа (с.ғ.с.) жала жабу. Бұл өте ауыр күнә болып есептеледі. Оның жазасы–жалғаншы қыздырылған ошаққа отырғызылуы. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) депті, хадисінде былай делінген деп айтатын адам, алдымен ойланғаны дұрыс.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз