https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

МУМИННІҢ СИПАТЫ

11 May 2015 0 comment Оқылды: 3720 рет

“Мүмин дінде қуатты (яғни, дінді мықты ұстайды). Жұмсақ бола тұрып–табанды. Иманда–тұрақты. Білімде–ынталы. Талапта–сабырлы. Ғылымда–саналы. Байлықта–үнемді. Кемтарлықта–шыдамды. Ынта, тілекте (яғни, өзіне бір нәрсе талап еткенде)–ұялшаң. Кәсіпте–адал. Туралықта–таупықты. Басқаруда–белсенді. Құмар–лыққа–есті (яғни, құмарлыққа елікпейді). Әрекет еткенге–қамқор болушы. Мүмин–өзін күндегенге жәбір көрсетпейтін Аллаһ Тағаланың құлы. Жақсы көргеніне және аманатқа қиянат етпейді.  Күндемейді. Масқаралап, даттамайды және тіл тигізіп лағынеттемейді. Өзіне қарсы болса да, растықты мойындайды. Жалған ат қойып, мазақ етпейді. Намазда–момын, зекетте–асығыс. Күйзелісте–байсалды да байыпты. Молшылыққа–шүкір етуші. Барына–қанағатшыл. Мүмин бөтеннің нәрсесінен дәмеленбейді және дөрекіліктен аулақ болады. Бір жақсы іс істеуін қаласа, оған жоқшылық кедергі бола алмайды (мысалы, барымен бөлісу). Мүмин адамдармен жақсы қатынаста болып, ақылға қонатын сөз айтады. Аллаһ Тағаланың қамқорлығына лайық болу үшін зұлымдық пен қысымшылыққа сабыр етеді.”

“Ибн Омар (р.л.ғ.) бір міскінмен дастархандас болмаса өзі жеке тамақ ішпейтін. Бір күні мен Ибн Омарға (р.л.ғ.) бір адамды ертіп келдім. Ол адамның тамақты қомағайланып көп жегеніне қарап Ибн Омар (р.л.ғ.): “Ей, Нәфиъ. Мынаны екінші рет маған ертіп келуші болма. Мен Нәбидің (с.ғ.с.): “Мүминнің бір қарыны болса, кәпірдің жеті қарыны болады”,–дегенін естігемін”,–деді.”

Түсініктеме: Мүминнің бір қарыны болудағы мақсат–мешкейлікке салынбайды. Әрі тамақты таңдап, яғни тек халал болғанды жейді. Кәпірдің жеті қарыны болудағы мақсат–нәпсісін билей алмаған мешкейлікке салынады. Әрі кәпір ешқашан тамақ таңдамайды, халал мен харамның парқын білмейді.

“Мүмин жәннатқа кірмейінше жақсы сөзді тыңдаудан жалықпайды.”

Түсініктеме: Мүмин тек жақсы сөзге құлақ асып, өсек–аяңнан аулақ болады.

“Мүмин басқаларды масқараламайды, әдепсіздік істемейді, ұятсыз болмайды және лағынет айтпайды.”

“Мүминді құрмамен салыстырса болады. Одан не нәрсе алсаң да пайдалы (яғни, мұсылманнан тек жақсылықты көресің).”

“Мүмин мүминнің айнасы және бауыры. Мүмин бауырын зиянға ұшыраудан сақтап, абыройын қорғайды.”

“Қиямет жақындауының шарттары (белгілері): бұзықтық пен әдепсіздіктің жайылуы. Көршілердің жамандық істеуі. Туыстар қатынасының үзілуі. Опасыз сенімге ие болып, аманат жүктелген адамның қиянатқа баруы. Алайда, мүмин сап алтынның құймасы тәрізді. Алтынды отқа салса қоспадан тазарады, сонымен қатар өзінің таза салмағын жоғалтпайды. Мүминді бал арасымен салыстырса болады. Бал арасы жақсы нәрсені қорек етіп, пайдалы нәрсені өндіреді. Шаһидтердің абзалы–әділ болғандары, муһажирлердің абзалы–Аллаһ Тағалаға жақындау ниетімен Тәңірі харам еткеннен бас тартқаны, ал мұсылмандардың абзалы–мұсылман бауырларына қол және тілінің зиянын тигізбегені емес пе? Қияметте Маған ұзындығы енімен тең болған хауыз нәсіп етіледі. Оның суы сүттен ақ, дәмі балдан тәтті. Хауыздың суын ішетін алтын және күміс ыдыстарының саны аспандағы жұлдыздардың санындай. Хауыздан бір ұрттам болса да ішкен адам ешқашан шөлдемейді.”

“Мұсылман мұсылманның бауыры. Мұсылман бауырына зұлымдық етпейді, оны сөкпейді. Аллаһ Тағала мұсылман бауырының қамын ойлағанның қамында болып, бұл дүниеде мұсылман бауырының уайым–қайғысын кетіргеннің уайымын Қиямет күні кетіреді. Кім бұл дүниеде мұсылман бауырының айыбын жасырған болса, Аллаһ Тағала оның айыбын Қияметте жасырады.”

“Мұсылман бұл дүниеде мұсылман бауырының уайым–қайғысын кетірген болса, Аллаһ Тағала Қиямет күні оның уайымын кетіреді. Кім бұл дүниеде мұсылман бауырының айыбын жасырған болса, Аллаһ Тағала оның айыбын Қияметте жасырады. Аллаһ Тағала мұсылман бауырының қамын ойлаған мұсылманның жәрдемінде болады.”

“Біреудің айыбын көре тұрып, оны жасырған тірідей көмілгенді тірілткенмен тең болады.”

“Аллаһ Тағала мұсылман бауырының айыбын жасырған мұсылманның айыбын Қияметте жасырады. Кім мұсылман бауырының айыбын жария еткен болса, Аллаһ Тағала оның өзінің айыбын ашып, тіпті үй ішіне масқара етеді.”

“Сендерге мүминнің кім екенін айтайын ба? Адамдардың малы мен жаны, оның жамандығынан аман болған адам. Мұсылман бауырларына қол және тілінің зиянын тигізбеген–мұсылман. Мужәһид (Аллаһ Тағала жолында әрекет етуші)–Жаратушысының әмірлеріне мойынсынуда өз нәпсісімен күрескен адам. Муһажир–Аллаһ Тағалаға жақындау ниетімен қате–күнәларынан бас тартқаны.”

“Мұсылман мұсылманның бауыры. Мұсылман буырына қиянат қылмайды, жалған айтпайды және қажет болған жағдайда қол ұшын береді. Мұсылман үшін мұсылманның ары мен малы және қаны (яғни, өмірі) қасиетті. Мұсылман мұсылман бауырын жек көруін теріс қылық деп білумен тақуалық мұнда (яғни, жүректе) болады.”

“Өзара сүйіспеншілік пен мейірімділікте және есіркеуде мұсылмандар бір дене тәрізді. Дененің бір мүшесі ауырса, оған басқа мүшелері ұйқысыздық және қызумен жауап береді.”

“Мұсылмандар өзара қатынаста бір құрылыс тәрізді. Оның бөліктері бір-бірін нығайтып, орнықтырып тұрады.”

“Мүмин дос болады, әрі достастырады. Өзі дос болмаған және достастырмағанда не жақсылық бар.”

“Өзінен жасы кішіге қызмет ету, кедейлермен қатынаста және қызметшісімен дастархандас болу. Осы үш нәрседен жиренбеген мүмин болады. Осы амалдар Аллаһ Тағала Кітабында (Құранда) айтқан мүминдердің сипаттамасы. Міне осыны істегендер ақиқат мүминдер.”

“Мүминнің әдептілігінен: сөйлегенде дұрыс сөз сөйлеу, сөйлеушінің сөзіне құлақ асу, кездескенде жайдары болу, уәде берсе уәдесінде тұру.”

“Мүмин тамағын жас баланың зауқымен жесе, мұнафық (діндегі сөзі ісімен келіспейтін екіжүзді) өзіне тән зауқымен жейді (яғни, халал мен харамның парқын білмей, таңдамай жейді).”

“Менің үмметімнен болған біреу бір игі іс істеп, істегені игілік екенін және Аллаһ Тағала істеген игілігі үшін жақсылық нәсіп ететініне сенсе, күнәлі іс істемесе, істеген жағдайда Аллаһ Тағаладан жарылқау тілеп, күнәсін кешіруші жалғыз Аллаһ Тағала екенін білсе, онда ол күмәнсіз мүмин болғаны.”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Мүминдердің абзалы–жүрегі таза, тілі шыншыл болған мүмин”,–деді. Адамдар: “Таза жүрек қандай болады?”,–деп сұрағанда Ол (с.ғ.с.): “Тақуа, күпірліктен таза, күнә істеу ниеті мен әділетсіздіктен аулақ, кек сақтамаған және күншіл болмаған жүрек”,–деді.

-          Ондай жүректің иесі кім?

-          Дүниені ұмытып Ақыретті қалағандар.

-          Одан кейін кім?

-          Мінез–құлығы жақсы болған мүмин.”

Түсініктеме: “…күншіл болмаған жүрек”–өкінішке орай адамның бойын “күншілдік” “қара қызғаныш” яғни көре алмаушылық тәрізді жексұрын қасиеттер билеуі мүмкін. Сонымен қатар Имам Ибн Әл–Қайюм: “Қара қызғаныш сезімі әр адамның бойында бола бермейді”–деп айтқан. Өйткені, көреалмаушылық сезімі қатты қызығу немесе қызғанудан пайда болады. Бойындағы сезім мен нәпсісін тыйя білген адам үшін мұндай сұрқия қасиеттер жат болады. Өмірде қызғана қарағанның нәтижесінде көз тию себебінен өсімдік, жануар, тіпті адам да мерт болатын жағдайлар кездеседі. Имам Ғазали: “Көре алмаушылық–жүрек ауруы. Оның емі–ғылым, яғни білім үйрену”,–деп айтқан. Көре алмаушылықты жан кеселі екенін ескерсек, оның асқынған түрі кәпірлерге тән болады. Олардың Ислам мен оның құндылықтарын қаралап, мұсылмандарға жала жабуын тек осымен түсіндіруге болады. Мұсылман адамның көре алмаушылық, қызғаныш пен күншілдіктен сақтанудың жолы–үнемі “Фаләқ” және “Нас” сүрелерін оқып жүру. Мәселен, таңертең және кешке.

“Мүмин барлық ісімен пайда келтіреді. Онымен бірге жүрсең де, одан кеңес сұрасаң да, онымен бір істе серік болсаң да пайда табасың. Мүминнің барлық ісі пайдалы.”

 “Иман мүминді біреуді өлтіру қылмысынан (яғни, біреудің қанын мойынына алудан) қайтарады.”

“Мұнафықтың белгісі–ансарларды (Мәдиналық мұсылмандарды) жеккөру. Мүминнің белгісі–ансарларды жақсы көру.”

“Адамдардың ішінде тіршіліктің қамын ойлауда мүминнен кемел адам жоқ. Себебі, мүмин бұл дүние (адал кәсіп, азық, мал–дүние) мен о дүниенің (құлшылық) ісіне мән береді.”

“Мүмин жәннатқа кірмейінше, оны Жаратушысына жақындататын игі іс істегенге қанбайды.”

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз