https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

ЕКІЖҮЗДІЛІКТЕН САҚТАНУ

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1933 рет

“Мұнафықтың (айтқан сөзі ісімен сәйкеспеген екіжүзді) үш белгісі бар. Ол: сөйлесе өтірік айтады. Уәде берсе уәдесінде тұрмайды. Аманатқа қиянат жасайды.”

“Сөйлесе өтірік айтады. Уәде берсе уәдесінде тұрмайды. Аманатқа қиянат жасайды. Кімнің бойында осы үш қасиет болса, ол ораза ұстаса да, намаз оқыса да мұнафық болғаны.”

“Сөйлесе өтірік айтады. Уәде берсе орындамайды. Келісімге опасыздық етеді. Пікірде қайшылық болған жағдайда шариғатқа қайшы әрекетке барудан тайынбайды. Бұл мұнафыққа тән төрт қасиет. Кімнің бойында осы төрт қасиет бірдей болса, ол нағыз мұнафықтың өзі болғаны. Ал, кімге осы төрт қасиеттің бірі тән болса, ол одан құтылмайынша, оның бойында екіжүзділіктің бір қасиеті болғаны.”

“Қиямет күні мүмин Раббысына жақындатылып, Раббысы оны өз қамқорлығына алады. Раббысы мүминді істеген күнәларын мойындауға мәжбүр етіп: “Сен мынадай күнә істегеніңді мойындайсың ба?”,–деп сұрағанда, ол: “Иә, Раббым, мойындаймын”,–деп жауап береді. Сол кезде Аллаһ Тағала: “Расында, Мен сенің күнәларыңды фәни дүниеде жасырған едім. Ал, бүгін сол күнәларыңды кешіремін”,–дейді. Осыдан соң мүминге оның істеген жақсы амалдары жазылған кітабы беріледі. кәпірлер мен мұнафықтарға келер болсақ, бүкіл жаратылыс еститіндей етіп: “Бұл–Аллаһ Тағаланы алдағандар”,–деп жар салынады.”

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз