Бұл мақаланы жазудағы себебімнің бірі, Іле ауданына қарасты, Ашыбұлақ ауылдық округінде орналасқан « Радонеж » атты тастанды қарттар мен балалар үйі. Онда жүз он бес қарт адамдар мен жүз жиырма бес жасөспірім балалардың тағдыры жатыр. Жанарлары жәудіреген мұсылмандар да жетерлік. Көзіңізбен көрсеңіз көңіліңіз құлазып, жүрегіңіз ауырып, « неге екен? » – деген сұрау белгісімен кетесіз. Осы тағдырларды тастап кеткен адамдардың арамдығы мен қатігезді, тасжүректігі мен безбүйректігі деп есептеймін.
Қазақ елінде, әлеуметтік – экономикалық дамуында, ерекше маңызды өзгерістер болуда. Соның ішінде, Ислам әлемінде. Қазақстан халқы Тәуелсіздік алғаннан бері, қол жеткен табыстарымызбен қатар, рухани өмірде әлеуметтік рухани дүниесі бай, шынайы жеке адамды қалыптастыру ісінің қолға алынғандығы белгісі. жетістіктеріміз ұшан – теңіз деп мақтанышпен айта аламыз. Дінің қайта оралуы — дей тұрғанмен, көп кедергілер пайда болғаны анықталып отыр. Мысалы олардың бір — әке шешесін, ата — әжесін, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алуы. Бұл мәселе әлеуметтік эканомикалық даму жолындағы ең басты проблемалардың бірі.
Ислам діні – отбасы, ошақ қасы мәселелеріне үлкен мән беріліп, немқұрайлы қарауды білмеген. Тіпті ата – бабаларымыз бағзы заманнан ата – анаға адамзаттың ішіндегі ең қастерлі де сыйлы жан ретінде құрмет көрсетіп келгені белгілі. Құранның аяттары мен хадистерінде ата – ананы сыйлау, оларға қарсы келмеу, айтқанын екі етпеу, қартайғанда көңілдеріне қаяу түсірмей, қамқорлық көрсету мәселелері жиі айтылған. Мысалы, Құранда Аллаһ Тағала « Біз адамдарға ата – анасымен жақсы қарым — қатынаста болуды бұйырдық. Себебі анасы оны қиыншылықтарға төзе отырып құрсағында көтеріп жүрді. Туғаннан кейін екі жыл емізеді. (Ей, Адамдар!) Алдымен Маған, сосын ата — аналарыңа алғыс айтындар. Соңында Маған қайта ораласыңдар…» тағы да, « Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп та айтпа. Сондай –ақ, құшақ жайып оларға былай деп дұға жаса « О, Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр » Аллаһ Елшіс Мұхаммед (с.ғ.с. ) ең көп тоқталған тақырыптарының бірі де, ата – ананың ақысы еді. Хадистерде ата – ананың ақысын өтеудің мүмкін еместігін ескерткен. Шын мәнінде, ата – ананың балаға деген мейірімін, оны өсіру жолында тартқан азаптарын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның куәегері деп өзімді айта аламын. « Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің » - деп атам қазақ біліп айтқан. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ана өзін — өзі ұмытып барлық күш жігерін жұмсайтынын білемін, себебі мен анамын. Мәпелеп, аялап, өсіріп отырған бір қызым бар. Аллаһ Тағалама мың да бір шүкіршілік, жастары жетпістен асып отырған әке – шешем бар.
Ата — бабаларымыз бұрындағы заманда, қанша қиналып, аштықты көрсе де, әке – шешесін далаға қалдырып кетпеген. Ата – бабаларымыз Жаратушы Аллаһтың әмірін орындап, ата – ананы сыйлап, алдарынан кесе – көлденең өтпей, өздерінің перзенттік қарыздарын естерінен шығармаған. Ал ана көңіліне кірбін келтіру, тіпті оның тілін алмау, дауыс көтеру қылмыс болып есептелген. Мұндайда ананың ақ сүті ұрады деп қорыққандықтан ата – ананың тілеуін тілеген. Ал мұсылмандарға ата – анаға қадір көрсету мақсатымен оларға жасалған жақсылықты кейде Аллаһ Тағаланың жолында жиһад етумен тең десе, кейде ең үлкен ғибадаттардың бірі - қажылық жасағанмен бірдей дейді. Сондай ақ, ата – анаңа көрсеткен сый – құрметің құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара — пар деген екен.
Гректің ұлы ғалымы Платонның « Кімде - кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен енесі секілді қымбатты « қонағы » болса, ол үйінде құдайдың одан артық құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің үйесі оған дұрыс қарап, қамқорлық жасаса ата – аналары оның отбасының құты болып табылады. » - делінген. Қазіргі уақытта, ата – ана қадірін түсінбей тіпті далаға тастап кете салу да, қатігездік белең алып кетті. Бұдан асқан сұм іс бар ма? Өз перзенті бойында ата – ананы сыйлау деген қасиет қалмай, керісінше оларға өзінің дегенін істетіп, дөрекілігімен қабақтарына кірбің түсіріп, жандарын жаралайды Осы қауіптен арылудың жолы қалай? Бұл мәселе әлеуметтік эканомикалық даму жолындағы ең басты мәселелердің бірі. Бұл ең алдымен әр жеке адамның жеке басының, ішкі түйсігі, ар ісі және де, от басы, ошақ қасы мәселелеріне байланысты « Адам әдебімен көрікті », «Иманымен ибалы» деген халық даналығы. Құраның мына сөздеріне құлақ түрейік, « Ей адамдар, …. Тегінде атасы баласына сүйеу бола алмайтын, баласы да атасына көмектесе алмайтын күн болатынынан сақтаныңдар …» делінген. Ана алғысымен қатар, ана қарғысы өте қатерлі. Ананың көз жасы — киелігімен ауыр. Хадистердің бірінде айтылғандай 3 түрлі дуа бар екен. Олар. ешқашан тек кетпейді. Ата — ананың қарғыс дуасы, мүсәпірдің дуасы, аш – жалаңаш, азап шегіп ашынған адамның дуасы.
Өмірде ана алақанының қызуы мен әке — шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі « Ана сүтін ақтау » деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың »,- деп түсіндіреді.
Атақты орыс жазушысы, М. Горькийдің: « Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған », - деуі де сол шындықты айқындайды. Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген. Сондай — ақ, Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу – айрықша парыз. « Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу – Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.
Қорыта келгенде айтарым, Ата анасын қараусыз қалдырған адамдарды , ұятсыз адам деп айта аламын. « Ұятсыз адам – иттен де жаман » — деген нақылдардың тамырына көз жүгітсек, еш боямасыз өмірдің өзін көруге болады. Өткен замандағы қазақ халқының нақылдары, мысалы, «Үлкеннің алдынан кесе – көлденен өтпе », «Үлкенді сыйла, кішіге өнеге бол » деген көптеген нақылдарын еске сақтап, жүрейікші Адамдар!
Гүлмира Әділжанова Нұрмұхамедқызы