https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ДІН МЕН ДӘСТҮРДІҢ ҰШТАСТЫҒЫ

21 Nov 2022 0 comment Оқылды: 291 рет

Жаратушы тәңіріміз әлемдердің Раббысы бір Аллаға сансыз мадақ-мақтаулар, шүкірліктер айтамыз. Алланың құлы әрі елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) сансыз салауат-сәлемдер болғай! 

Сан ғасырлардан бері хақ дін – Исламды қабылдап, лайықты деңгейде атқарып келген дана Қазақ халқы, оның талап-міндеттерін өмірінің ұстанымы мен  халқының салт-санасына айналдыра білді. Оның дәлелі аузымыздан шыққан ә деген сөзіміз сәлеміміздің өзі Алланың сәлем, рахмет, берекетін тілеуден басталып, өмірлік қағида-ұстанымызды4 барлығы дерлік Ислам шарттарымен тығыз байланысқан! 

Солардың бірі –ата-ана, отбасы шаңырақ, ата-баба әулетінен тб туыс-туғандардан қайтыс болған жандар үшін Алладан олар үшін жарылқау тілеп, арттарынан садақа беріп, көзі тірі ағайын-туыс, дос-жараң, көрші-қолаңның басын қосып ас беріп, көпшіліктің Алладан тілегі қабыл деп, олар үшін дұға қылу! Міне бұл да болса еліміздің шариғат тұрғысынан үлкен Имандылығының белгісі. Себебі қайтыс болған кісінің Алланың құзырында екенін,(барзақ әлемі) оған дұға-тілек, құран сауабынан басқа ештеңе керек емес, ештеңе пайдасын тигізбейтінін біліп, әрдайым олар үшін дұғада болған. Жасаған дұға, хайыр-ықсан, солардың атынан берген садақаларының пайда тигізетініне иланып, ақыреттің есеп күнінде сол жақсы амалдар амал дәптерлеріне сауап болып жазылатынан үміт етіп, барынша бақилық болған ата-ана, ата-бабалары үшін қолынан келген сауапты істерін аямаған. Бұл үрдіс халқымызда САДАҚА, ҚҰДАЙЫ ТАМАҚ және АС деген сияқты атаулармен аталады. Яғни аты айтып тұрғанындай Құдай үшін берілетін тамақ, садақа, Құдай үшін бас қосу. Мақсат-ниеті осы амалды тек Алланың разылығын қалап атқарып, осы арқылы сауапты ниетеніп, көпшіліктің батасын алып,сол сауапты бақилық жандарға бағыштау!

Ардақты елші Пайғамбарымыз Мұхаммед (сғс) өзінің мүбарак хадис-шаріфтерінің бірінде Әбу Һурайра (р.а) жеткізеді: «Адам баласы дүние салғаннан соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Жария садақа, пайдалы ғылым, артынан дұға қылатын салихалы перзент» (Имам Муслимнің сахих хадистер жинағы)

Лайым Алла  ізгі ниет, дұға-тілек, хайыр жақсы амалдарымызды қабыл етіп, салиқалы ұрпақтардан етсін!

Алакөл ауданы, Достық ауылы                                     Абдыкаримов  Мақсат Нұрмұратұлы

                                                                                            

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз