https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

АШУДЫ БАСА БІЛУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1455 рет

“Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Сендерден сарыла күтуші деп кімді айтса болады?”,–деп сұрағанда, біз: “Баласы болуын аңсағаны болар”,–деп жауап бердік.

– Жоқ. Баласы болуын аңсаған емес, бәлкім оған баласынан еш қайыр болмаған адам аңсап күтуші. Сендердің қайсыбіріңді күшті деп айтса болады?

– Иығы жерге тимеген адамды күшті деп айтса болады.

– Жоқ, иығы жерге тимеген емес, бәлкім ашуы келгенде өз–өзін тежей білген адам күшті.”

“Мен Расулуллаһтың (с.ғ.с.): “Ұрда–жық адам күшті емес”,–деп айтқанын естідім. Адамдар: “Сонда кім күшті?”,–деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с.): “Ашуы келгенде өзін–өзі ұстай білген кісі күшті”,–деп жауап берді.”

“Бірде Нәбидің (с.ғ.с.) жанында екі адам бірін–бірі сөге бастады. Бірінің ашуланғаны соншалық, оның көздері бозарып, күре тамырлары ісініп кетті. Мұны байқаған Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Мен бір сөзді білемін. Бұл адам оны айтса, ашуы басылар еді. Ол сөз:

«أَعُوذُ بِاللهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ»

– Әъузу бил–ләһи минаш–шайтонир–рожим (Аллаһ Тағаладан шайтанның азғыруынан пана тілеймін).”

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз