Әлемдердің раббысы Алла тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар, сансыз шүкірліктер айтамыз! Бір өзіне ғана ғибадат - құлшылығымызды арнап, оған тәуекел етеміз! Екі дүние сардары, Алланың сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с) салауат-сәлемдер жолдаймыз!
Құдіреті күшті, Алла тағала күллі жаратылысты бостан-босқа жаратпады. Әр жаратылыстың жаратылғандағы мақсатын, орынын, уақытын, бейнесін белгіледі.
Сол сияқты, Алла тағала қасиетті Құрани Кәрімде айтқанындай: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (Зарият сүресі 56-аят) Алла осылайша адамзаттың да міндетін анық баяндап, жеткізді! Демек, адам баласының мақсаты мен міндеті айқын: Шынайы жаратушы тәңірін - Алланы танып, оған құлшылығын қылып, бұйырған әмірлерін орындау. Яғни, бұл біздің жаратылғандағы негізгі міндетіміз. Сонымен қатар тіршілік иесі болғандықтан ішіп-жем, киім, жатын жайлы орын тб барлығы дерлік адам баласының өз қол еңбегіменен, себептеріменен Алланын қалауымен жүзеге асырылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқанындай: «Адал кәсіпке талпыну парыздан кейінгі – парыз» Асыл шариғатымызда бұл істердің өзін адал жүзеге асырған пендесіне Алланың мейірімімен сауаптар бар. Солардың бірі неке қию рәсімі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларымен (р.а) сұхбаттарының бірінде , үйленген адамның жарымен қарым-қатынасының өзіне сауап барып айтқанда, сахабалар (р.а) таң қалысып, пайда, ләзатын өзіміз көреміз, соған да сауап болама дегендерінде, Пайғамбар (с.ғ.с) осы ләзат үшін харамға барсаңдар күнә, ал адал жолы - сауап деген мағанадағы жауапты берді. Бұл да болса жаратушы тәңіріміз Алланың құлдарына деген мейірімі мен сүйіспеншілігінің белгісі емес пе? Яғни, адамзатты бір ер мен бір әйелден өрбіткен Алла тағала жалпы адамзатқа үйленіп, ұрпақ көбейтуге рұқсат берді.Әрине, оның да дұрыс болу өзіндік жолдары мен шарттары бар. Мысалы: Ер мен әйелдің үйленуі рұқсат болса, ер мен ер, әйел мен әйелдің некелесуі –харам, яғни дұрыс болып табылмайды! Мінеки, осы үрдіс Қазақ даласы, Қазақ халқында салты мен үрдісінде Ислам шариғаты шарттарымен тікелей санасып, байланысқан! «Отан - отбасынан басталады» десек Қазақ халқы әр отбасыға Ақ-некесіз ақ баталарын бермеген. Бұрын соңды, Алла сақтасын қазіргі заман дерті десек те болады ер мен ердің некелесуі Қазақ даласында орын алмаған. Сонымен қатар, ажырасу мәселері де қазіргідей кең етек алмаған. Себебі ата-бабаларымыздың таңдаған жолы, үрдісі неке мәселесінде де толықтай Алланың бұйырғанындай адал, таза бола білді және де адал некеден адал ұрпақтар шығарып, адал тәрбиелей білді. Мысалы : 13 те отау иесі деп жасы жеткен ұлы болса құда түсіп тб әулет болып, қала берді ауыл болып жақсымен құда болып, текті жердің қызын алып, ұрпағына жақсы жар тауып, болашақ ұрпағының да текті болуына мән берген! Қызы болса «Теңін тапсаң тегін бер» деген сияқты жасы жеткен қызды аманат деп біліп, діндар, тақуа , білімді, текті ер азаматқа ертерек ұзатып, жарына тапсырып беруге асыққан. Осы арқылы Алладан сауап, мейірім үміт етеді. Себебі: Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Кімде-кім үш қызы дүниеге келсе, сол үш қызының қиыншылығына шыдап, қуанышымен бөліссе, жақсылап тәрбиелесе, жеткізсе, Алла тағала осы қыз балаға жасаған рақымы үшін ол кісіні өз жұмағына кіргізеді» дегенде Сахабалар (р.а) екі қызы, бір қызы болса дегенде де ия деп жауап берен. Сонымен қатар хадистерде «Қызын пасыққа (күнәхарға) берген адам Алла тағаланың аманатына қиянат еткен болады.Аманатқа қиянат еткендердің баратын жері –тозақ» деген. Лайым Алла екі дүниеде де жүзімізді жарық етсін!
Алакөл ауданы,Достық ауылдық Абдыкаримов Мақсат
«Ақ-мешіт» мешітінің имамы: Нұрмұратұлы