https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

САЛИХАЛЫ ЖАР ТАҢДАУ

21 Sep 2022 0 comment Оқылды: 392 рет

Аллаға иман келтіргеннен кейін құлшылық қылу бұйрықтарын орындау, тыйымдарынан тыйылу, одан кейінгі өз ұрпағын тарату үшін, ұрпақтарына салихалы ана, жар табу ер адамның ең үлкен жақсы амалы – иманды, ізгі ұрпақтың анасы, жұбай таңдауПайғамбар () хадисінде: «Егер ері оған бұйырса – мойынсұнады, қараса – қуантады, ол үшін ант етсе – антын орындайды, егер ері сыртта болса, өзінің жаны (ар-ожданын) мен оның малын сақтайды» (Ибн Мәже риуаяты). Және бір хадисте («Дүние – қызықтау, ондағы қызықтардың ең қайырлысы – ізгі әйел» (Мүслім риуаяты).Әйел – ер азаматтың, өмірлік жолдасы, жары аяулы ана. Алланың берген нығметтерінің ішіндегі ең үлкені хайырлысы да осы иманды салихалы әйел.Ибн Мажаһ жинағында мынадай хадис бар:

«Аллаға деген тақуалығынан кейін мүмин үшін ізгі әйелден артық қазына жоқ. (Ізгі әйел) күйеуінің тілін алады, күйеуі мұндай жарының жүзіне қараса, жаны жадырайды. Күйеуі істе деген шаруаны орындап, істеме дегенге жоламайды. Сондай-ақ, күйеуінің сырын, ар-намысын, абыройын сақтайды. Күйеуі жоқ кезде қиянат етпейді » деген.

Әбу һурайра (р.а) жеткізген хадисте жарды таңдаған кезде болашақта қателіктерге ұрынбауымыз үшін әрине ардақты Пайғамбар  (сүннетіне көңіл бөлсек:«Әдетте әйелге төрт қасиетінің бірі үшін (қызығып) байлығы, тектілігі, сұлулығы және діні үшін үйленеді. Діндарын (имандысын) таңда, әйтпесе құтың қашып, қадірің кетеді» деген.

Бұл хадисте ер адамды қызықтыратын көркі, мал-дүниесі, тегі және діндарлығы секілді сипаты екендігі айтылған. Егер әйел имандыболмасақалған үшеуінен қайыр болмайтынынескертеді.Міне сондықтан түр әлбетіне емес, рухани жастайыннан азықтанған жарды таңдасақ қателеспейміз.

Жүсіп Баласағұн бабамыз:

... Әйел алса төрт белгісін көздейді,

Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі.

Бай әйелді біреуіздеп жүреді,

Ендібірі сұлуға көз тігеді.

Бірітілер тұқымы асылтектіні,

Қуаныш боп ұлықтығы, бектігі.

Бір нәзік, имандысын таңдайды,

Оны тапса, көңілде алаң қалмайды, - деп жырлаған екен.

Сахаба Әнас (р.а) жеткізген хадисте: «Кім әйелді оның атақ-абыройы үшін алса, Алла ол еркеті қор етеді. Кім әйелді дүниесі үшін алса, Алла ондай еркекті жерге ұрады.

Ал, кім әйелге көзін күнәдан, мүшесін зинадан сақтау үшін және туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін үйленсе, Алла ол кісіге әйелін берекелі, ал әйелге күйеуін құтты етеді», - деген екен.

Жар таңдау ертең ұнамай қалса қайтарып беретін зат емес, өлелгенше бір тұратын жарыңды таңдаған кезде ескеретін жайттарды жастарға болашақта жар таңдап өзі серік іздегендерге ақыл кеңес беріп қойсақ сауаб болмақАбай атамыздың:

Жасаулы деп, малды деп байдан алма.

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, - деген сөзі бойдақтардың құлағына алтын сырға.

Ертеңжақсы әке-шеше болатын, ибалы келін, ұрпақтарына жақсы ана,өзіне адал жар болуын Алла нәсіп етсін.

Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Текелі қаласы «Керімбек би» мшітінің

бас имамы Аман Айтбосынұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз