Сіздерге «Адамзаттың асыл тәжі әз Мұхаммед (с.а.с)» шығармашылық бәйгесінде Ынталандыру -орынға ие болған мақаланы ұсынып отырмыз!
Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Сансыз мақтау-мадақтар бүкіл әлемді жаратушы бір Аллаға тән. Алланың сәлемі және игілігі сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке(с.ғ.с) үй ішіне, достарына, баршамызға болсын.
Отбасы-қоғамның негізгі бөлшегі саналады. Сол себепті отбасылар бір-бірінің жеке құқығы мен міндеттеріне қаншалықты құрмет пен қараса қоғамда соншалықты берік болмақ.
Ислам діні отбасыға перзент бойына сүйіспеншілік пен өзара көмектесу жан ашырлық сезімін қалыптастыратын қасиетті шаңырақ ретінде қарайды.Ұрпақтың жалғасып,олардың баянды өсіп- жетілуі ата-анаға тікелей байланысты.Адамның дуниеге келуіне себепкер болып,жетілуінде ерекше рөлі бар ата- аналар-ең әуелі құрмет көрсетілуі тиіс аяулы жандар.Ата-ананың қадірін түсініп ,оларды Аллаһтың рахымына бөленуге себепкер деп білгендер- бұл дүниеде де,арғы дүниеде де бақытты жандар,ал оларды өздеріне жүк санап ауырсынғандар-өз келешегінің бақытсыз болуына қадам жасағандар.Ата-ананы сыйламау- Хақ Тағалалға қарсы келумен бірдей күнә. Аллаһ тағала мұны бізге былай білдіреді: “Cіздерге Раббыңыздың нені харам еткенін білдірейін”. Оған (Аллаһқа )еш нәрсені серік қоспаңдар,ата-анаға жақсылық жасаңдар (“Әнғәм” сүресі, 151 аят)
Ислам діні отбасыға,әсіресе,оның ең негізгі екі тірегі – ата-анаға ерекше мән берген.Мықты отбасы негізінде баянды қоғам қалыптасатынын айта отырып,осы күрделі мәселеге қатысты маңызды қағидаларды бекіткен. Әуелі Аллаһ алдындағы борыштарымыздан кейін бірден ата-анаға деген міндеттеріміздің келуінде ерекше мән бар.
Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с) келіп:
- Иә, Расулуллаһ, менің анам жүре алмаушы еді. Мен ол кісіні арқалап қажылыққа апарып, ол жерде де көтеріп жүріп, қажылықтың шарттарын түгел орындаттырдым. Енді мен анамның хақысынан құтылдым ба? – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз(с.а.с):
- Сен тек ананың бір рет қиналған толғағынан ғана құтылдың, — дейді.
Яғни, анамыз бізді тоғыз ай, тоғыз күн көтергенде, қаншама қиын толғақтарды басынан өткерді. Олай болса, анамыздың ақ сүтінен, әкеміздің хақынан құтылу мүмкін емес. Ата-анаға перзенттері өмір бойы борышты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) хадисінде: “Бала ата-анасының хақынан құтыла алмайды, тек қана ата-анасын құлдықтан азат етсе ғана құтылар”, — делінген.
Барша анаға тән қасиет осындай. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады.
«Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса», «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер», «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың», «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, Алла оның өмірін ұзартады».
Міне, біздің дініміз де Ананы бәрінен де артық ардақтауды талап етеді.
Мына аят әке-шешеге құрметтің нағыз шыңын көрсетеді. “Раббың тек қана өзіне құлдық жасауды,әке-шешеңізге жақсы қарауды бұйырды . Ал егер олардың біреуі немесе екеуіде қолдарында тұрған кезде қайтарса, оларға “уһ” деп кейіс білдірме .Әрі оларға зекіме! Әрдайым оларға сыпайы сөйле. Мейіріммен оларға құшақ жайып оларға былай деп дұға жаса »О,Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірсе, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр”(Исра сүресі, 23-24 аяттар). Мұның әр сөзіне терең мән беріп қараған абзал.
Аятта сенім негіздерінің ең бастысы- Аллаһқа серік қоспауды бұйырғаннан кейін,қоғамды жеке адамдардың жауапкершіліктеріне тоқталып,Аллаһтан кейінгі кезекте ата-ананың ақысы бар екенін еске салынып, оларға жақсы қарау әмір етілген. Осылайша Аллаһтың алдында қаншалықты маңызды екендігі көрсетілген.
Пайғамбарымыздың(с.а.с) бір хадисінде:“Әке-шешесі қолында қартайып, жәннатқа кіре алмағанның жағдайы қандай өкінішті” (Муслим, Бирр, 3(251) Тирмизи, Дауд 110 (3539)) – дейді.
Раббымыз біздің көңіліміздегіні, ойымыздағыны білуші, егерде сіз ата-анама мойынұсынып, қызмет істеп, жақсылық жасаймын деген ойда болсаңыз, Аллаһ, иншалла, күнәларыңызды кешіреді. Себебі, Алла тағала мейірімді де рақымды, тәубе етушілердің күнәларын кешіруші.
Әке-шешелеріміздің сөздерін тыңдап, олардың айтқандарына қарсылық білдірмеуіміз қажет. Олар ашуланса, ренжісе сабыр сақтап, кешірімді болу керек. Себебі, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): “Алла тағаланың разылығы – ата-ананың разылығында, Алла тағаланың ашуы – ата-ананың ашуында”,-деп ескертті.
Ата-аналарыңызды ренжітіп, көңілдеріне қайғы салғаннан сақтаныңыздар. Алла тағала алдында ауыр күнәға батудан сақ болыңыздар! Әке-шешесін ренжітіп, көңіліне қаяу салғандарға ахирет күні жер мен көк көтермейтін қатты азаптар болар және бұл дүниеде де күнәсіне лайық жазасын алар. Ата-анасына қалай құрмет көрсетсе, өз балаларынан да сондай құрмет көрер.
…Алқамә Пайғамбардың көзі тірісінде құлшылыққа жан-тәнімен берілген, садақаны көп үлестіретін өте бір ізетті, иманды жас жігіт еді. Бір күні аяқ астынан ауырған Алқамә төсек тартып жатып қалды. Ауруы әбден меңдеп, өлетін халге жеткенде, тілі куәлік сөзге келмей күрмеле берді. Оның қатты қиналғанын көрген сахабалар пайғамбарға жүгіріп мән-жайды хабардар етті.
Пайғамбарымыз бірден әлгі жігіттің шешесін шақыртты.
– Алқамә қандай еді? – деп сұрады.
Әйел: – Балам көп намаз оқитын, көп ораза ұстайтын, садақаны көп тарататын, – деп жауап берді.
Пайғамбарымыз бұл жолы сұрақты төтесінен қойды: – Сізбен қарым-қатынасы қалай еді? Әйел: – Енді «іштен шыққан балам ғой» деп қанша кешіріммен қарағаныммен мені ренжітетін кездері көп еді. Оны айтып отырған себебім, көбіне әйелін жақтап, маған қарсы шығатын, – деген кезінде пайғамбар:
– Анасының реніші баласының тілін күрмеп тұр екен. Қане, отын жинаңдар, Алқамәні тірідей отқа жағамыз, – деп маңайындағыларға бұйырды.
Ана байғұс бірден жанұшырды: – Ойбай-ау, қажеті жоқ. Баламды өртей көрмеңіз, – деп жалынғанда, пайғамбар салиқалы түрде: – Аллаһ Тағаланың о дүниедегі азабы балаңыздың қазіргі азабынан да қатты болмақ. Егер Аллаһ ұлыңыздан разы болсын десеңіз, сіз де аналық ақ сүтіңізді кешіп, ұлыңызға деген бар реніш-өкпеңізді қойып, онымен ризалықпен қоштасыңыз, – деді.
Ана байғұс разылығын айтып, күбірлеп кешіргенде баласының да кәлимаға тілі келіп, өмірден озған екен. (Бухари Әдәбуль-муфрад)
Адамның ең жақыны – әке-шешесі. Оларға жасаған әрбір игі істеріміз секілді дұғаларымызда да олардың бірінші кезекте болуын Құран былай деп баяндайды: «Уа, Раббым! Есеп күні мені, әке-шешемді және бүкіл мүминдерді жарылқай көр!». (Ибраһим, 41)
Сондықтан, Алланың разылығын табу үшін – ата-анамызды разы етейік!!
Тобықбаева Алтынбике Бекболқызы