https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

АМАНАТШЫЛДЫҚ ТУРАЛЫ

11 May 2015 0 comment Оқылды: 3013 рет

Аманатшылдық (أَمَانَةٌ) сөзінің мағынасы: тапсырылған істі ықыласпен орындау, бір затты иесіне тапсыру немесе қайтару.

Шарғи тұрғыдан қарағанда “аманатшылдық” дегеніміз:

Біріншіден: Құлшылықтағы адалдық.

Екіншіден: Арадағы келісім, шартты орындау.

шіншіден: Сауда мен төреліктегі адалдық.

Төртіншіден: Қоғам алдындағы адалдық.

Бесіншіден: Отбасы алдындағы адалдық.

Алтыншыдан: Пенденің өз денсаулығы мен дене мүшелеріне қатысты адалдық. Әрбір мүше Аллаһ Тағаланың пендесіне берген аманаты. Осы себептен, шариғат адамға өзіне–өзі қол салуға, денесін суретпен таңбалауға (наколка) тыйым салады.

“Аманатшылдық–құнсыз дәулет.”

“Саған сенім білдіргеннің аманатын тапсыр. Біреу саған қиянат істеген болса, сен оған қиянат істеме.”

“Бойыңда төрт қасиет болса дүниеден ешнәрсе жоғалтпағаның: өтірік айтпау, аманатқа қиянат жасамау, көркем мінез–құлық және мешкейліктен аулақ болу.”

“Ерлі–зайыптылар өзара сырласқаннан кейін, ері әйелінің сырын ашуы Қиямет күні Аллаһ Тағаланың алдында аманатқа істелінген ең үлкен қиянат болып есептеледі.”

“Аманатшылдық–молшылық алып келсе, қиянатшылдық–кедейлікті алып келеді.”

“Дін жолында соғысу аманатқа қиянат жасаудан басқа барлық күнәларды жуып–шаяды. Пенденің намаз оқуы–аманат. Ораза ұстауы–аманат. Өтірік айтпауы–аманат. Ал, аманаттың ең үлкені–біреудің затына қиянат жасамау.”

“Ораза ұстау–аманат. Сондықтан аманаттарыңа берік болыңдар.”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.) Ибн Әл–Лютабийа есімді адамға Су–ләйм ұруынан зекет жинауды тапсырған болатын. Бір күні Ибн Әл–Лютабийа зекетті жинап келіп Расулуллаһқа (с.ғ.с.) есеп беріп: “Мынау–сіздердің малдарыңыз, ал мынау–маған сый етіп берілгені”,–деді. Мұны естіген Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Сен жалғаншы болмасаң, сыйлықтың берілуін күтіп ата–анаңның үйінде отырмадың ба (яғни, бұл жиналған зекеттен жалғандықпен иеленіп алғаның емес пе)?”,–деп айтты. Осыдан соң мінбарға шығып Аллаһ Тағаланы ұлықтап, Оған мақтау айтты. Кейін: “Мен Аллаһ Тағала маған тапсырған істі атқару үшін араларыңнан біреуіңді тағайындасам, ол алдыма келіп: “Мынау–сізге, ал мынау–маған сый етіп берілгені”,–дейді. Айтқаны рас болса, сол сыйлықтың берілуін күтіп ата–анасының үйінде отырмады ма? Аллаһ Тағалаға қасам етейін! Сендерден біреуің хұқұғы болмастан бір нәрсені алатын болса, Қиямет күні Жаратушысымен соны арқалаған күйде жүздеседі. Қиямет күні боздаған түйені, мүңіреген сиырды немесе маңыраған қойды арқалап келгендеріңді үмметім деп мойындамаймын”,–деп айтты. Осыдан соң қолтығының ақтығы көрінетіндей дәрежеде қолын аспанға көтеріп: “Я, Тәңірім! Көзім көрген және құлағым естіген пендеге (яғни, мойыныма қарыз болмайтындай етіп) әміріңді жеткіздім бе?”,–деді.”

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз