https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

«ВАЛЕНТИН КҮНІ»: рухани азғындау мен коммерциялық мүдде

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1666 рет

Міне, ақпан айы басталғалы дүкендер мен базарлар қызыл-сары жүрекшелерге, ленталар мен басқа да заттарға толып кетті. Тіпті, бірер аптадан кейін көше-көшенің барлығы базарға айналады. Олардың барлығы «Қасиетті Валентин күнінің» өзіндік белгілеріне айналған жоғарыдағыдай сыйға тартар бұйымдарды саудаға шығарады. Осы мерекенің тойлануына мүдделі топтар өз саудаларын жүргізіп бір пайдаға кенелсе, екінші жағынан жастарымыздың санасын улап, ұлттық болмысынан айырып, рухани жұтаң-дыққа жетелеп, теріс пиғылдарын дау-жанжалсыз, ұрыс-керіссіз-ақ, тамаша іске асыруда. Бұл «махаббат күні» жастардың қалайша рухани дүниесіне кері әсер етіп жатыр дейсіз ғой? Ол үшін осы күндері басталысымен кез келген «валентинка» сататын орындарға барып көріңіз. Сол жерде сіз қарапайым ғана деп ойлаған «Мен сені сүйемін» деген открыткаларды емес, жыныстық қатынасты жарнамалаған «Ты мой, я твоя», «Мой страстный», «Я помню первый поцелуй» сияқты және осыған ұқсас мәтіндегі открыткаларды жиі кездестіресіз. Айтуға ауыз бармайды, айтпаса тағы болмайды, сол открыт-калардың арасында мүшеқап жапсы-рылғандары да кездеседі. Соңғы жылдары қазақша открыткалар да қаптап шыға бастады. Ал оларды бірі-біріне сыйлап жатқандардың көпші-лігі біздің етбауыр жақындарымыз. Тіпті, мұндай оғаш қылықтарды ұятқа санамайтындар көбейді. Бұған да етіміз үйреніп барады. Сол күні ең сорақысы – әйелдерімізге, ана-ларымызға бөтен еркектер әлгіндей жазуы бар открыткаларды сыйлап жатса намыстанбайтын, ренжімейтін дәрежеге жеттік. Бөгде еркектерден оларды қызғанбайтын да болып барамыз ба қалай? Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әйелін бөтен еркектерден қызғанбайтын адам жәннаттың иісін де сезбейді»,– деген хадисін жадымыздан шығарып алдық…
Бұл күні мейрамханалар мен қонақүйлер келушілерге лық толы болады. Арақ-шарапқа сұраныс еселеп артады. Ащы суды сіміріп алған сормаңдай қыздар білегінен ұстағанның жетегінде кетеді. Елімізде жылына 200 мыңдай аборт жасалады екен. Бұл ресми тіркелгені. Олардың көбі осындай бір күндік жалған махабаттың құрбаны еместігіне кім кепіл… Міне, билік та-рапынан бақылау болмауы және ондай бақылау қоюдың халықаралық талаптар-ға жат екендігі бізді осы халге жеткізді. Бірдеңе дей қалсаң, ар-ұждан еркіндігі дегенді алға тартады. Амалсыздан аузыңа құм құйылады. Жерден жеті қоян тапқандай, сол күні берілген хаттарға сыйлық жариялаған басылымдар да шықты. Елімізде ресми тілде шығатын басылымдар бәйге жариялап, мерекені жарнамалап әлек. Сонымен, бізге керексіз күн неге атап өтіледі? Атап өтіледі демекші, жастарға тәлім-тәрбие береді деген жастар ұйымдарының өзі бұл күнді тойлауға мұрындық болып отыр. Мысалы, Астанадағы «Жастар» сарайының ұжымы мұндай шараны қатарынан 4-5 жылдан бері өткізіп келеді екен. Өткен жылы олар кіру ақысын 500 теңге деп белгілеп, біраз жастардың басын қосып, дүркіретіп тойлаған. Жұптасу ойынын өткізіп, онда жеңімпаз болған екі жасқа қаладағы ең қымбат мейрамханалардың біріне жолдама берген.
Ең сорақысы – сол бұл күнді атап өту жоғары оқу орындары немесе колледж студенттерімен ғана шектелмейді. Мектеп қабырғасынан бастап, бала-бақшаларға дейін «тойлап» жатыр. Олардың атын айтып, түсін түстеп жатпай-ақ қояйық. Бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндер бір-біріне жүректің суреті бар открыткалар сыйлайды. Осының бәрін ұйымдас-тырып отырған олардың ата-аналары.
Атам қазақ өңі түгіл түсінде көрмеген «Қасиетті Валентин күнін» жылда осылай дүркіретіп өткізіп жатырмыз. Қазақтың кім көрінгенге қолдана бермейтін «қасиетті» деген сөзін қайдағы бір Валентинге апарып таңа салдық. Осыншама әспеттейтіндей Валентин кім еді?!
Христиан дінінің алғашқы тараған жылдарында Валентин есімді бірнеше католик шіркеуінің қызметкері болған көрінеді. Солардың бірі Рим императоры Клавдий-ІІ тұсында өмір сүрген дейді. Сол Клавдий-ІІ тұсында жас жігіттер әскери қызметтен бас тарту үшін, үйленіп алатын. Жігіттердің мұндай айлакерлікке бармасы үшін, ол оларға әскерге алынардан бұрын үйленуге тыйым салады. Ал, Валентин пірадар болса, оларды құпия түрде некелестіріп отырды. 14 ақпан күні билікке қарсы шыққан Валентиннің басы шабылады. Кейінірек, 469 жылы Римнің Геласиус деген императоры 14 ақпанды «Әулие Валентин күні» деп жариялады. Сөйтіп, көпқұдайшылардың мейрамы католик христиандардың мерекесіне айналды. Уақыт өте, мереке рәсімдері біршама өзгерді. XIV ғасырда Еуропада қайта өрлеу кезінде шіркеудің ықпалы әлсіреп, бұл мерекенің тән ләззаты мен сүйіспеншілік сипаты қайта қалпына келді. Осылайша ынтызарлық пен құмарлықты қоздыратын әдеттер кең таралып кетті.
Бұл мерекені ақпан айы басталмай жатып, жарнамалауды бастап жіберген-дейміз. Еліміздің мақтанышына айналған «Эйр-Астана» әуе компаниясы осы мейрамға орай халықаралық ба-ғыттардағы екінші билетті небәрі 5 мың теңгеге саудалап жатыр. Мысалы, Алматы – Дубай бағытындағы билеттің бағасы 55 мың теңге. Ал қайтар жолыңыз 5 мың теңге. Әрине, оның өзіндік шарттары бар. Дегенмен, неге бұл компания Наурыз, Тәуелсіздік күні сияқты ұлттық мерекелерімізде осындай акциялар ұйымдастырмайды? Мұның, меніңше бір ғана себебі бар. Ол күндері адамдар демалыс болғанымен, ешқайда шыға қоймайды. Ал, Валентин күні «сүйіктісімен» Дубайда демалатындардың бары рас.
«Ғашықтардың бір-біріне сый-лықтар тарту еткенінде тұрған не бар?» дегенімізбен, осы күні көптеген компаниялар ақшаның астында қалады. Өзіңіз ойлап қараңыз. Бүгінгі күні миллиондаған доллар шоколад, ішімдік, открытка, әшекей сынды түрлі сыйлықтарға жұмсалуда. Мейлінше көп адам мерекені атап өтсе, соншалықты табыс та молая түсетіні анық. Сондықтан, ақпарат құралдары оны жабыла наси-хаттауға кірісіп кеткен. Олар түрлі бәйгелер ұйымдастырып, көпшіліктің назарын өздеріне аудартады. Осыдан кейін мерекені атап өтпей қалай тыныш ғана жата аласыз. Әрине, бұл жерде қазақтілді ақпарат құралдарына өкпе жоқ. Көршіміз Ресейде бұл мерекені халықтың 80 пайызы атап өтетін әлеуметтанушылар анықтап отыр. Бұл – 100 миллионнан астам деген сөз. Олардың 64 пайызы түрлі сыйлықтарды алдын-ала алып қояды екен. Ал әлем бойынша…
Тек қана әуе жолымен жүк тасымалдайтын «Луфчансо Карго» компаниясына еуропалықтар осы мейрамға орай Кения, Эквадор, Колумбия елдерінен 1 миллион тонна раушан гүлін жеткізуге тапсырыс береді екен. АҚШ тұрғындарына күніне ұшақпен 25 рейске дейін гүл тасымалданады. Бұл күндері колумбиялық гүл өсірушілер жылдық табыстың 30 пайызына (!) ие болатынға ұқсайды.
Ал, Гонконг тұрғындары түрлі шоколадтарға, әшекейлерге әуес екен. Өткен жылы аталмыш тауарларға «Валентин күні» сұраныс артқаннан соң, олардың бағасы 30-40 пайызға көтеріліп кеткен. Сондай-ақ, олар раушан дестелеріне де аса құмар. 99 раушанды біріктіретін бір дестенің құны 8 мың гонконг (1 мың АҚШ долларынан астам!) долларын құрайды.
Байқап отырғаныңыз-дай, бұл «мереке» кей-біреулер үшін қыруар пайданың көзі. Бұдан оның таза, адал сезімге қатысы жоқ екенін байқауға болады. Екінші жағынан, азғындаудың жалғасы сынды. Олай дейтініміз – қазақ қызы ешқашан бірінші болып өз сезімін білдірмеген еді. Мұндай әдептіліктен біздің халқымыз ұтпаса, ұтылған жоқ. Бүгін сол «өлдім, талдым» дегендер аз ғана уақыттан кейін ажырасып кетіп жатыр. Артында көзі мөлдіреген қарадомалақтар жанарына қарауға жасқанасың…
Р S «Махаббат тілі – тілсіз тіл,
Көзбен көрде, ішпен сез…» Бүгінгінің жасы үшін бұл жолдар – тек әдемі сөз ғана. Ештеңе білдірмейді. Аласапыран дәуірдің дүбірімен сұлу сезімнің шерлі сыры да ашылып қалғандай. Қызға – қырық үйден, ұлға-отыз үйден тыю салған ұлы халықтың ұрпағы – осы. Ашық-шашық, махаббат ойынын ойнайды. Олардың жасы 20-ға толмағанына кім сенеді. Адам да, оның махаббаты да қорланған заман…
СІЗ, НЕ ОЙЛАЙСЫЗ?
Әдемі ТҰРЛЫБАЕВА, Абай атындағы Алматы мемлекеттік педаго-гикалық университетінің ІІІ курс студенті:
– Өзім студенттер жатақханасында тұрамын. Жылда осы «Валентин күнін» студенттер кеңесі ұйымдастырады. Ал жастардың көбісі бұған қарсы. Бір күн бұрын олар бізге қағаздан 10 жүректің кейпін жасап тапсыруды сұрайды. Жатақханада тұрып жатқандықтан, олардың талабын орындауға тура келеді. 14-ақпан күні әр қабаттағы жәшіктер ашылып, ішіндегілері иелеріне табысталады. Солардың көбісі махаббатты ойыншыққа айналдырған еріккендердің хаттары. Шынайы ғашықтық сезімге толы хаттар өте аз. Бір сөзбен айтқанда, махаббат мазаққа айналуда. Мектепте оқып жүргенімізде «Баян сұлу күнін» атап өтетінбіз. Өте қызықты… өтуші еді. Алматыға келіп сол кездерді сағынып жүрмін…
Нұрлан КӨПЖАСАРОВ, жұмысшы:
– Мен мүлде қарсымын. Егер өткізгіміз келіп жатса, Қыз Жібек пен Төлегеннің, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін неге атап өтпеске?! Олардың арасындағы махаббат Валентиннің махаббатынан әлсіз деп кім айта алады? Мен үшін оның қызығы шамалы. Өйткені, жастарға беретін ешқандай өнегелі сипаты жоқ.
Кеулімжай ҚҰТТИЕВ, «Ислам және өркениет».

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз