https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Пайғамбарлардың падишасы Хз.Мұхаммед (с.а.у)

11 May 2015 0 comment Оқылды: 2947 рет

Сіздерге «Адамзаттың асыл тәжі әз Мұхаммед (с.а.с)» шығармашылық бәйгесінде ІІ-орынның 2 -не  ие болған мақаланы ұсынып отырмыз!

Аса қамқор, ерекше мейірімді, әлемдердің раббысы, 18 мың ғаламды жаратушы әрі қаһарынан мейірімі басым ұлы Аллаһтың атымен бастайын. Ассалаумағалекум, армысыздар! « Мәуліт» мерекесіне орай ұйымдастырып отырған бауырларымыздың ізгі ісіне Аллаһ риза болсын.

Салмақты да салиқалы тақырыптарыңыздың ішінен мен әрине адамзат баласына ақиқаттың ақ жолын көрсетуші ұлық пайғамбар хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у) жақұттай жарқыраған, таусылмас кеңдей ғибратына кірпіш болып қаланғым келіп отыр. Оны қаламау менің мұсылмандығыма сын. Ең әуелі бізді жоқтан бар етіп, әрі мұсылман қылып жаратқан және жер бетінің халифасы сайлаған раббым Аллаһқа сансыз шүкір, шексіз мақтау- мадақтар болсын! Ал сол халифасына қылдай қиянат жасамай түзу де пәк өзінің адал жолын нұсқаушы раббым Аллаһ құлы әрі ең соңғы пайғамбары реттінде жіберген Мұхаммедке (с.а.у) Аллаһтың рахымы, сәлемі, берекетті сансыз игіліктері болсын! Әмин!

Екі дүниенің нұры болған жазиралы жәннаттың алтын көпірін салушы пайғамбарымыз Хз.Мұхаммед (с.а.у) туралы айтсам, дін әлсіреп, алдынғы белгілі қауымдарға түсірілген парақтар мен кітаптардың ақиқаты жойылып, өзгеріске түскен кезде Перғауын сияқтылар «мен құдаймын» —  деп жар салса, християндар Иса пайғамбарды құдайымыз деп санады. Ал кәпірлер қолдан құдай жасап пұттарына табынды. Жер бетін рухани қаранғылық басып, көзсіз адасушылар жайлады. Арабтардың өзі қыз бала дүниеге келсе өздерін қор санап, оларды жерге тірідей көмген азғын заманда жақұттай жарқырап Рабиғұл әууәл айының 12-ші күні таңға жақын Меккеде  ислам дінінің негізін салушы әрі ақыр заман пайғамбары Мысырдың – Нілі, Меккенің — гүлі дүниеге келді. Әбдумутәлибтің жетімі, құрайыштардың Мұхаммадул Әмині, Ибраһимнің дұғасы, Мариямның ұлы Иса Мәсіхтің хабарлаған сүйіншісі. Әминаның мақтанышы. Әбуталиптің нұры. Сүт анасы Халиманың берекеті. Хадишаның көңіл қойған сүйіктісі. Жердің Мұстафасы. Көктің Махмуды. Інжілдің Ахметі. Құранның Мұхаммеді туылды. Ол дүниеге келген күні Қағбадағы пұттар өздігінен жер жастанып, Ирандағы мәнгілік оттар өздігінен сөнді. Және әлем өзгеше нұрға бөленіп тұрды. Әкесі Абдулланы көрмеді. Ол кісі біраз бұрын дүние салып еді. Атасы Абдумүтәліп Мұхаммед деп ат қойып, той жасады. Оны көкте хақ, жерде халық мақтайды деп үміттенген. Мұхаммед сөзі – мақтаулы деген мағананы білдіреді. Арғы тегі Хз. Ибраһим ғ.с ға барып тіреледі. Өйткені ол Ибраһимнің дұғасы. Бұл туралы Құранда анық көрсетілген: «Раббымыз, олардың сөздерінде аяттарымызды оқитын, кітап пен хикметті  үйрететін һәм оларды тазартатын елші жібер. Күдіксіз жалғыз Азиз, Хаким (дана) сенсің» (Бақара-129)

Айтқанындай, Құрандағы бүкіл адами болмыс Хз. Мұхаммедтің (с.а.у) бойынан табылады. Пайғамбарымыз «Мені Раббым өте жақсы тәрбиеледі»- десе, қыздай алған сүйікті жары Айша анамыз оның мінезі «Құран» еді деп дәлелдейді. Ал құран Аллаһтың ақ жолы болған адами қасиеттерді яғни сабырлықты, төзімділікті, адамгершілікті, жомарттықты, жұмсақтықты, қанағатты, әділдікті, жауапкершілікті, адалдықты, тақуалықты, еңбекқорлықты, мейірім мен махаббатты, батыл да батыр, сыпайы шыншыл болуды үйретсе, бұл асыл қасиеттердің бәрі пайғамбарымыздың бойынан табылған. Ол әркімді лайықты силау мен қатар үмметіне де солай істеуді бұйырады. Өте әдепті әрі ұқыпты еді. Кездескенде жылы шырай танытып, қол алысып амандасатын. Хз. Мұхаммед (с.а.у) бір хадисінде: «науқастың көңілін сұрай барғанда оның маңдайынан сипап хал-ахуалын білу шын мәнінде Қажыға барған мен бірдей есептеледі. Қол берісіп амандасу толық сенімді болады». Жылы жүзді пайғамбарымыз жымиып күлгенде ақ маржандай тістері көзге бірден түсетін. Оның күлуі де жылауы да үнсіз болатын. Расулуллаһ сөйлеген кезде аузынан нұр төгілгендей болатын. Мүбарак даусы ешкімнің даусы жетпейтіндей жерлерге дейін естілетін. Хз. Мұхаммедтің (с.а.у) мүбарак денесінің исі мушки анбардан да хош әрі күшті болатын. Оның әдемі қолдары жібектен де жұмсақ, терісі гүлден де артық еді. Ол ешқашан есінемейтін. Көзі ұйықтаса да жүрегі ояу болатын. Көлеңкесі жерге түспейтін. Бір жерден өткенін оның қалдырған хош иісінен білетін. Тағы бір керемет белгілерінің бірі екі жауырынының ортасында орналасқан қалы болған екен. Оны мұсылмандар Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлық мөрі дейтін.

Бірде Айша анамыз: «Малдас құрып, кішкене емін еркін тамақтаныңызшы»- деп өтінгенде, бұрынғыдан да еңкейе түсіп:«Құл қалай жесе мен де дәл солай жеймін, ол қалай отырса мен де солай отырамын. Өйткені мен құлмын ғой»- деп еді. Құлша өмір сүргені болар, тоя тамақ жеуді өзіне ар санап өтті. Күнара аш жүретін. Бұл нағыз құл болу мен қанағатшылдықтың символы болса, Меккеде тұрғанда мушриктер мен кәпірлер көп жәбір көрсеткен. Соның бәріне сабыр қылған. Оның Ұхут соғысында денесінен сау тамтық қалмады. Басы жарылып, бүбәрак тістері сынды. Аққан қанын жерге тамызбай, өзі ұстап отырған. Егер бір тамшы қаным жерге тамса, аспаннан азап түседі деген. Сахабалары шыдай алмай дұға етіңіз кәпірлердің бәрі қырылсын деңіз,- дегенде пайғамбарымыз: Ей, Аллаһ, бұларды тура жолға салып, күнәларын кешір.

 Бұлар не істеп жатқандарын білмейді- деп дұға еткен. Бұл қылығынан шексіз шыдамдылығы мен сабырлылығы байқалады. Үмметіне бесіктегі балаға қарағандай қарады. «Білмейді олар, Аллаһым, білмейді. Білсе қателікке бой ұрмас еді»-деп үмметі үшін Аллаһтан кешірім сұрады. «Үмметім, Үмметім» деп өле өлгенше Аллаһтан оларға иман сұрады. Үмметінің бақыты үшін Аллаһтан жәрдем сұрап, ұзақ уақыт құлшылық жасап, дұға қылатын. Нұрлы жүзін жасы нөсерше жуатын. Намаз көздерінің нұры болды. Аллаһты жақсы танып, шексіз сүйгендіктен ғибадаты да соншалықты көп болатын. Тіпті түнгі намаздарды тік тұрып ұзақ оқитыны соншалықты аяқтары ісіп кететін. Мұны көрген Айша анамыздың жаны ашығандықтан жанарына жас үйіріліп: «Ей Аллаһтың елшісі! Аллаһ сенің ілгері де, кейінгі күналарыңды кешіріп қойған ғой. Неге мұншалық көп құлшылық етесің?»- деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз: «ендеше мен осының бәрі үшін шүкір етуші құл болу керек емеспін бе?!»- дейді.

Хз. Мұхаммедтің (с.а.у) бойынан пайғамбарлық мұғжизалар да көп табылған. Құран пайғамбарымызға нәсіп болған ең үлкен мұғжиза. Құран  әрбір ғасырдың адамына өзінің мұғжизалығымен сан қырлы кереметті көрсетіп, алдында еріксіз бас игізеді. Құран адамзат түгілі жын, шайтандардың оған ұқсас сүре, аят келтіруге дәрменсіз болған Ұлы жаратушының мұғжизасы. Құран қияметке дейін мұғжизаларды сақтап, ғасыр өткен сайын жаңара береді. Пайғамбарымыз мұғжизаларды  өз өмірінде аз көрсеткен жоқ. Сондай мұғжизадан келтірсек. 621 жылы Режеп айының 26- нан 27- не қараған түні Пайғамбарымыз пыраққа мініп, Мәсжидул Харамнан Мәсжидул Ақсаға барып, одан көкке Аллаһтың құзырына көтеріледі. Аллаһпен перде арқылы сөйлесіп, сол мұғжизалық қасиетті сапарынан үмметінің сыйы болған бес уақыт намазбен оралады. Яғни қасиетті миғраж түні жеті қабат аспан әлемінде пайғамбарлармен кездесіп, жәннат пен тозақты көреді. Бұл жайында «Исра» сүресі дәлел боолып, оның алғашқы аяттында: «құлым Мұхаммедті (с.а.у) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін мәсжид Харамнан біз айналасын мүбәрак қылған мәсжид Ақсаға апарған Аллаһ әртүрлі кемшіліктен пәк. Шексіз ол естуші, білуші». (исра -1) Пайғамбарымыз арқылы келтірілген Аллаһтың тағы бір мұғжизасы сауаты жоқ адамға «Оқы!»- деген бұйырық келгенде оқи алмайтындығын айтқан. Қайтадан «Жаратқан иеңнің атымен оқы! Оқы! Сенің тәңірің ең жомарт»- деген әмір қайталанады. Бұл мұғжиза қаранғылықтан шығаратын адамзатқа шынайы бақыт жолын көрсететін Аллаһтың нұры еді. Әлі де көп ғибратқа толы пайғамбарымыздың, пайғамбарлардың падишасына әбден лайық санқырын ашар едім парақ шектеулі. Сондықтан пайғамбарымыздың әдебінен аспай 1-2 шумақ өлеңмен мақаламды қорытындылағым келіп отыр.

Үлгі тұтар қасиет бізге көп сізден,

Әр минутын ғибадатпен өткізген.

Жаратқанның әз жәннатын қаласаң,

Әз айғамбар адаспаңдар ізінен.

Үмметтерің айтады сізге салауат,

Ғибратқа толы әрбір ісің ғаламат.

Нұрлы дінің мәңгілікке көпір боп,

Жайнай берсін, қызыл шоқтай алаулап. Әмин!

Нұржан Ғазезқызы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз