«Шүбасыз садақа беруші ерлермен садақа беруші әйелдер, сондай-ақ Аллаһқа көркем борыш бергендер, (тиісті орынға мал сарып қылғандар) оларға неше есе арттырады әрі олар үшін көркем сыйлық бар» (Хадид:18)
Қайырымдылықпен садақа беріп адамдарға жақсылық жасау мұқтаж жандарға қолындағы мүмкіндігіне қарай, тек Аллаһтың разылығын ойлап, ешқандай алғыс немесе мақтау күтпестен риясыз жәрдем етіп көмек қолын созу –жоғары адамгершілік қасиет. Ондай жандар «Ризықтың иесіде оны беруші де тек қана Аллаһ», деп сол бойынша амал еткендіктен ондай жандардың жүректері пәк әрі пейілдері бай болады. Қандай жағдайда болмасын айналасындағылар үшін пайдалы болуға тырысып бағады. Тіпті қиналып тұрсада, өзіне тапшы, зәру нәрсесін басқа адамға беруді қалайды. Пайғамбар с.а.с «Садақа мал –дүниені кемітпейді, керісінше оны молайтады»,- деген. (Мүслим). Шын мәнінде садақа мал дүниені кемітпейді, керісінше оны адалдандырып ризық-несібеңнің артуына септігін тигізеді. Өйткені садақа, мал дүниеге береке дарытып, одан әр түрлі жамандықтарды аулақтатады, және садақа берген адам басқаларға да артықша ризық несібе алуына мүмкіндігін ашып жоқ –жітіктер мен мұқтаждарды тамақтандырып және сол арқылы Аллаһ Тағаланың жәннатына лайықты сүйікті құл бола алады. Ендеше дүние –байлықтың азғантай ғана бөлігін өзгелерге қиып бергендігін, осындай ұлы жемістерге алмастырып алудан артық не бар шіркін!
Аллаһ разылығы үшін берілген садақа дүние – байлықты ешқашан кемітпейтініне Құран мен Аллаһ елшісінің с.а.с. сөзі ғана емес, жалпыға белгілі өмірде көріп кездестіріп жүрген нәтижелер де дәлел болады. Одан бөлек Аллаһ Тағала садақа беруші адамға мол сый –сауап әрі игілікпен жоғары дәреже әзірлеген. Сондықтан Аллаһ Тағала былай дейді: «Әй Адам баласы, бүкіл байлықтың ішінен саған тиесілі нәрселерді Мен Өзімде сақтаймын, ол суға батпайды да өртенбейді, жоғалмайды да(сен ол үшін мүлде қорықпа) Мен оны сен өзің қатты керек еткен уақытта өзіңе міндетті түрде қайтарамын».
Біз бұл өмірде басымыз аман, санамыз сау тұрғанда жақсы амалдарымызбен мәңгілік өмірге қамдануымыз керек. Өйткені сол амалдарымыз, мәңгілік өмірде өзімізге мол сауап болып қайтады. Бұл туралы хадисте Хазіреті Пайғамбар с.а.с аяғы бүтін дені сау саламат кезінде садақа беруге шақырып, бұл істі өлгеннен соң кейінге қалдырмауға кеңес беріп:«Садақаның абзалы-өзің берген садақа. Садақа тірі, қолыңда бар кезде қалаған адамыңа қалауыңша бергенің. Әйтпесе, жан алқымға тірелген кезде кеш қаласың. Сендерден кейінгілерге өз қалауынша жасайды,- дейді» (Бұхари). Сондықтан адам баласы өкініште қалмас үшін, Аллаһ айтқандай «Сендерден біреулеріңе өлім келіп: «Раббым! мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам» деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға (Аллаһ жолында) жұмсаңдар» (Мұнафиқун:10) – деу арқылы Аллаһтың берген несібесін тірі кезінде Оның разылығы үшін жұмсауды нұсқайды. Бұл өмірдегі бүкіл нәрсе Аллаһ Тағаланың байлығы, сондықтан біреудің байлығын басқабір мұқтаж адамға беріп, сол арқылы мол-мол сауаппен Аллаһтың жаннатына жету не деген таптырмайтын тамаша мүмкіндік. Осы мүмкіндікті көзіміздің тірісінде жан алқымға келмей тұрғанда уысымыздан шығарып аламайық. Бүкіл кемшілік атаулыдан пәк Аллаһ Тағала өзінен бір нәрсе сұраған адамды жақтырмаушыға өзінің соған дайындаған сол ризығын тоқтатады екен. Яғни Аллаһ Тағаланың жіберген жарлы адамы –ол Жаратушының бізге лайық сыйдан да артық, тағы да бөлек жіберген тартуы деп, оған тағы бір қайырымды іс қылып, үлкен сауап алуға жол ашатын мүмкіндік екенін біліп құр қаламауымыз керек. Тіпті бұл турасында Пайғамбарымыз с.а.с. бізге былай деп хабарлаған: «Бізден қайыр сұраушы-міскін адам да жында емес, ол бізге Аллаһ берген байлықпен игілікті қалай пайдаға асыратынымызды тексеруге келген періште болуы мүмкін». Пайғамбарымыздан с.а.с жеткен бір хадисте былай делінеді: Аллаһ Тағала өзінің періштелерінің біреуін тақуа адам түрінде бір алапес адамға, тазға, көзі соқыр кісіге жібереді. Сонда әлгі кісілер одан Аллаһқа дұға қылып, ауру сырқаудан айықтырып, байытуын өтінеді. Әлгілердің өтініштері орындалған соң періште енді оларға, ішерге асы жоқ, киерге киімі жоқ бір қайыршы міскін мүсәпір хәлде қайтып келіп олардан қайыр садақа сұрайды. Бірақ, кезінде алапес адаммен таз болған кісі оны елемей сараңдық қылады. Сонда Аллаһ Тағала оларға аурумен кедейлікті қайта қайтарады, ал қайыршы мүсәпірге аяушылық жасап садақа берген көзі соқыр болған кісінің денсаулығымен байлығын Аллаһ Тағала өзінде қалдырады. Яғни біз өзіміз жақсы көрген нәрселерімізіді Аллаһ ризалығы үшін жұмсамайынша біз бұл өмірде ешқандай жақсылыққа қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан да кез келген жағдайда басына қиыншылық түскен адамдардың ісін қолымыздан келгенше шешіп беріп, қысылған жандарға көмек қолымызды соза білсек Аллаһтың сүйікті құлдарының қатарынан табылатынымызға күмән жоқ.
Садақа – ол қайырымдылық істердің ең бір жақсы тәсілі. Сол жақсы тәсілді біз өзіміздің дүние-мүлкімізден не берсек, сол өзімізде қалатыны және ризық берушілердің ең жақсысы Аллаһтан еселенген сауап түрінде өзімізге қайтатыны белгілі. Бір күні Аллаһ елшісі с.а.с «Әрбір игі іс- садақа». Және де «Әрбір мұсылман садақа беруі тиіс» деген де, сахабалар, оларға Аллаһ разы болсын:
«Садақа беретін нәрсесі болмаса не істейді?»,- деп сұрады. Аллаһ елшісі с.а.с: екі қолымен бейнеттеніп, өзін қамтамасыз етеді, кейін (мұқтаждарға ) садақа береді.
-Оған шамасы жетпесе не істейді?
-Мұқтаждармен зұлымдыққа ұшыраған адамдарға қол ұшын берсін.
-Оған шамасы жетпесе не істейді?
-Жақсылыққа үндейді
-Ал оған да шамасы жетпесе не істейді?
- Жамандық атаулыдан сақтанады, күмәнсіз, мұның өзі садақа бергені болады.(Әбу Муса). деді. Қиямет күні әркім өзі қылған қайыр садақасының көлеңкесінде ұлы Есеп сағаты аяқталғанша саялайтын болады. Ал көптеген адамдар ол Күні дәл төбесінен күйдіріліп, шыжғырған күннің астында қақталып тұрады. Және де Садақа беру – ол тозақ отынан құтылу. Себебі Жаратушы Аллаһ міскінге көмек қолын созушы құлына қуана қарайды, ал Аллаһ кімге күліп қараса Ол оны кешіреді. Сонымен қатар біз садақаны лайықтыға да лайықсызғада бөле – жармай беруіміз керек. Бұл турасында Пайғамбар с.а.с былай дейді:«Бірінші садақасын ұрыға, екінші садақасын зинақорға, ал үшіншісін байға берген адамға ол былай деді: Мүмкін, сенің бұл берген садақаң ұрыны ұрлық жасаудан, зинақорды зина жасаудан тияр, ал байға берген садақаң оған ой салар да, ол да міскінге садақа беруге асығар. Барлық жағдай да Аллаһ Тағала сенің садақаңды қабыл алады». (Бухари, Мүслим)
Бір шайыр өз өлең жоларында;
Садақаң берген жақсылыққа жетелер,
Сол үшін Аллаһ бағыңды сенің көтерер.
Адасып жүрген кез-келген бір пенденің,
Тербетіп ойын тура жолға әкелер,- дегендей өзіміз үшін отбасымыз бен ата-аналарымыздың, достарымыз бен туыстарымыздың отанменен халқымыздың амандығы үшін, өлер сәтіміздің сәтті болуы үшін, қабірдегі шара айлаң жоқ кездегі пайдаң үшін, Аллаһтың алдына жиналған күні амал дәптеріңнің оң жағыңнан ба әлде сол жағыңнан ба біле амай тұрған кездегі алдыңнан оң жағыңнан берілуі үшін, Жаннаттық өмірің үшін садақаны аяма. Аллаһ елшісінің айтқанындай: Аллаһтың алдында Есеп қисап күні басталған сәтте Бүкіл әлемнің әміршісі Өзінің барлық қайырымды адамдарын бір жерге жинайды да былай дейді: Мынау сендердің істеген игіліктерің, Мен бұларды сендерден қабылдап алдым, енді оны өздеріңе қайтарамын». Сонда олар сұрайды; «Уа біздің Иеміз, біз бұл игіліктерді не істеуіміз қажет?» Аллаһ оларға былай деп жауап қатады: «Бұны алыңдар да өздерін күнәлармен ластағандарға садақа етіп таратыңдар». Аллаһ елшісі с.а.с және былай дейді: «Содан кейін әлгі таудай күнә арқалаған туысын немесе досын кездестіреді. Оған өз игіліктерінен біразын береді де, сонысымен бірге оны жаннатқа алып кіреді»(Нажар). Садақа –ол жаннатқа апаратын берік жолдардың бірі. Садақа беруші фәни нәрселерді Жаратушысына беру арқылы бақилыққа қол жеткізеді. Өзі ішіп –жеп кеткен нәрселер осы дүниеде қалып жатса, ішкізіп жегізгендері, мұқтаждарға бергендері жанната сый ретінде есесімен өзіне қайта беріледі. Яғни бұл өмір біздің о дүниеге азық жинау үшін берілген қамшының сабындай қысқа ғана өлшеулі бір уақыт. Егерде өмірде істеген салихалы амалдарымызбен, берген садақаларымыз көп болса Аллаһтың алдындағы сұрақтарды жеңілдетіп жаннатқа кіруімізге себепкер болады. Аллаһ тағала біздің баршамызды өзінің мейіріміне бөленген иманды құлдарынан қылсын. (Амин)
Оразбаева. Балкүнай. Көмекбайқызы