https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Уақытты текке өткізбе немесе кітап оқылмаған екі түн

11 May 2014 0 comment Оқылды: 1792 рет

45 жасында қайтыс болған Ислам ғұламасы Науауидің артына тастап кеткен мол мұрасын есептесеңіз, 45 жылға қайта сыйғыза алмайсыз. Өйткені, ол уақытын барынша үнемдеген. Ғылым-білім алуға, ғибадаттарын атқаруға уақыт жеткізу үшін ол кісі күніге тек қана сәске уақытында ғана бір-ақ рет тамақтанған екен.
Әш-шайх Фахраддин «Аллаһқа ант етейін, тамақ жеген уақыттарымда ғылыммен айналыса алмағаныма қатты өкінем. Өйткені, уақыт қашан да қымбат қой»,– деген екен.
Әл-имам Әбул Уәфа Әли ибни Ақил былай деген: «Мен ас ішетін уақыттарды қысқарту үшін қолымнан келген барлық мүмкіндікті қарастырамын. Тіпті, көп шайналатын тамақтан гөрі тез жұтылатынын таңдаймын. Неге десеңіз, шайнауға да уақыт кетіп қалады. Содан барып жазуға, оқуға көп уақыт таба алам».
Имам Малик болса көбірек ғылым-біліммен айналысу үшін үш күнде бір-ақ рет әжетханаға баратындай тамақ жеуді қысқартқан.
Маруфул-Кархи әңгімені тым көбейтіп жібергендерге: «Күн періштесі күнді жылжытуын қояр емес, сендер қашан орындарыңнан тұрмақсыңдар», – деп ренжитін.
Ибни Ақил ешқандай бос уақыт жібермейтін. Тыныққан уақыттарын ол былай деп суреттейді: «Қолым қалт етіп демалған кездерімде мен аяқты созып құр жатқаннан гөрі терең ойға беріліп, ойша шешілетін біраз мәселелерді шешумен айналысам. Жазатындай бірдеңе есіме түсе қалса, дереу тұрам да жазам. Сексен жасымда ғылымға деген ынтам жиырма жасымдағы кезіме қарағанда әлдеқайда жоғары болатын»… Айтқанындай осыншалықты ынтасының арқасында Ибни Ақил ғылымның 20 шақты түрлі саласында өте құнды еңбектер қалдырған.
Көп кітап оқуға құштар Жахыз кітап сатып ала беретін ақшасы болмағандықтан, кітапханаларды түні бойы жалға алып, кітап оқумен айналысатын болған.
Андалусиялық ғалым Ибну Рушд үнемі кітап оқудан бас алмайтын. Кітап оқымай өткізген өмірінде екі-ақ түні болған екен: біреуі – үйленген түні, екіншісі – әкесі қайтыс болған түн.
Фахраддину-Рази дастархан басында да бір жағынан тамақ жеп, екінші жағынан шұқшия кітап оқитын. Үйінен шығып мешітке жеткенше көлікте отырып шәкірттеріне сабақ берумен болатын деседі. Рази уақытқа аса көңіл бөлген.
Медицина саласында өте құнды еңбектер қалдырған, қан айналымының заңын ашқан ғалым Ибну-Нәфс жазу кезінде қолындағы қаламның сиясы бітіп қалғанда, оны ашып уақыт шығындамау үшін қасына бірнеше қалам қойып, солардың кез-келгенімен жұмысын ары қарай жалғастыра беретін.
Ибнул-Жаузи: «Адамға жарасатын нәрсе – уақыттың қадірін біліп, оның әр сәтін ұтымды пайдалана білу. Сол себепті басқаларға сөздің де, істің де ең жақсысын ұсынуы тиіс. Адам үнемі істің ең жақсысын жасауға ниет ете білуі керек. Өйткені, хадисте: «Мұсылманның ниеті амалынан игі» деген. Мен адамдардың уақыттарын сұмдық өлтіретіндіктерін байқадым. Ондай адамдарды батып бара жатқан кемеде алаңсыз әңгіме-дүкен құрып отырған жолаушыларға ұқсатам. Өмірдің мәнін түсініп, жол азығын дайындайтындар қандай аз. Өміріңнің өткен кезеңдеріне көңіл бөл! Мүмкіндіктерді жіберіп алмай тұрып, қарманып қал! Уақыт мәселесінде жарысыңдар!». Оның өміріне көз жібергенімізде, расында да, оның уақытты өте үнемді пайдаланғанын байқаймыз. Ғылым-білім, жазу, пәтуамен өткізген өмірінің бір сәтін де бекерге өткізбеген. Ғылымның біраз саласында еңбек жазып қалдырған. Кейбіреуі 20 томға жететін 340-тан астам еңбек қалдырған. Күн сайын төрт қалың дәптерлік жазу жазған. Бір жылда жазғаны 50-60 томға жеткенін байқаймыз. Ибнул-Жаузидің бір кітап жазу кезінде ұштаған қалам жаңқалары ол қайтыс болғанда мәйітін жуатын суды ысытуға жеткен.
Яхия ибну Хубайра: «Барынша сақтауың тиіс ең бағалы нәрсе – ол уақыт. Бірақ байқаймын қолыңнан тез сусып кетіп жатқан нәрсе де сол».
Эйнштейн киім таңдап уақытты шығындамау үшін бірдей бірнеше костюм сым алып кез-келгенін киіп кете беретін болған.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз