Ислам – адам баласының өміріндегі барлыққұндылыққа ерекше мән береді және оларды қалай сақтау керектігін көркем түрде үйретеді. Шындығында әрбір отбасы шариғат бекіткен тәртіптерді мүлтіксіз орындаған кезде бақыттылардан болатыны анық. АллаТағала бұл туралы қасиетті Құранның «Нұр» сүресі, 26 аятында:
الْخَبِيثَاتُ لِلْخَبِيثِينَ وَالْخَبِيثُونَ لِلْخَبِيثَاتِ ۖ وَالطَّيِّبَاتُ لِلطَّيِّبِينَ وَالطَّيِّبُونَ لِلطَّيِّبَاتِ ۚ أُولَٰئِكَ مُبَرَّءُونَ مِمَّا يَقُولُونَ ۖ لَهُم مَّغْفِرَةٌ وَرِزْقٌ كَرِيمٌ
«Пасық әйелдер пасық ерлерге лайық, сондай-ақ пасық ерлер де пасық әйелдерге лайық. Ал, ізгі әйелдер ізгі ерлерге лайық, сондай-ақ, ізгі ерлер деізгі әйелдерге лайық. Міне, осынау ізгі жандар жалақорлардың жапқан жалаларынан пәк, ада. ОларғаАлланың кеңшілігі мен берекелі де қайырлы ризық нәсіп болады»– деп аражігін ажыратып көрсеткен.
Жаратқан Раббымыз осы аятта егер ер адам жақсы болса оған салихалы жұбай нәсіпететінін, ондай отбасыға Алланыңжарылқауыменберекелі ризық-несібесі келетінінашып айтып тұр.Ондай болса кез-келген ер-азамат отбасын ұстап тұруы үшін өзін дұрыс тәрбиелеуге міндетті.
حديث أبي هريرة رضي الله عنه قال: قال رسول الله ﷺ: أكمل المؤمنين إيماناً أحسنهم خلقاً، وخياركم خياركم لنسائهم، رواه الترمذي
Абу Хурайрадан(р.а.)жеткен хадисте Алла елшісі(с.ғ.с.): «Иман тұрғысынан мүміндердің ең кәмілі – мінез-құлқы ең жақсы болғандар.Ең жақсыларың – әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың»– дегені айтылған (Тирмизи). Пайғамбарымыз Мұхаммедтің(с.ғ.с.) осы хадисіненмінез-құлқымыздың жақсы болуы өзге адамдармен емес өмірлік жарымыз, отбасымыздың қуанышы – әйелдеріміздің қасында анық көрінуі керектігінескерткенін байқауға болады.
Жаратқан Раббымыз «Ниса» сүресінің19 аятында:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَحِلُّ لَكُمْ أَن تَرِثُوا النِّسَاءَ كَرْهًا ۖ وَلَا تَعْضُلُوهُنَّ لِتَذْهَبُوا بِبَعْضِ مَا آتَيْتُمُوهُنَّ إِلَّا أَن يَأْتِينَ بِفَاحِشَةٍ مُّبَيِّنَةٍ ۚ وَعَاشِرُوهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ ۚ فَإِن كَرِهْتُمُوهُنَّ فَعَسَىٰ أَن تَكْرَهُوا شَيْئًا وَيَجْعَلَ اللَّهُ فِيهِ خَيْرًا كَثِيرًا
«Уа, иман келтіргендер! (Дүниеден озған жақындарыңның) әйелдерін (мұраға қалған дүниедей көріп) қаламаса да әмеңгерлік жолмен иелену, (мәһірлерін бермей өздеріңе некелеп алу немесе қалың мал алу үшін мәжбүрлеп қосу) адал іске жатпайды. Сондай-ақ, ашық түрде азғындық (зина) жасап, ауыр күнә арқаламайынша, өз әйелдеріңе (қалыңдың сыйы ретінде) берген мәһірлеріңнің бір бөлігін қатарып алуды көздеп, орынсыз қысым көрсету (арқылы оларды ажырасуға мәжбүрлеулерің) де адал іске жатпайды. Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды ұнатпай қалсаңдар, (сабырлылық танытыңдар), қайдан білесіңдер, бәлкім, Алла сендер ұнатпаған нәрсенің артын қайырлы қылып, көптеген жақсылыққа ұластыруды қалайтын шығар» – деп қандай жағдайдада әйел адамға қысым көрсетпеу керектігін ескертеді. Тіпті, арсыздыққа бармаған жағдайда әйелмен қалай өмір сүрудің жолын көрсетіп, кейбір қиыншылыққа сабыр етуге шақырып тұр.
حديث أبي هريرة رضي الله عنه قال: قال رسول الله ﷺ: لا يَفرَكْ مؤمن مؤمنة، إن كره منها خُلقًا رضي منها آخر أو قال: غيره رواه مسلم
Абу Хурайра (р.а)жеткен хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.):«Мүмін ер адам еш уақытта мүмін әйелді жек көруші болмасын.Егер де қандай да бір мүмін әйелдің әлдебір мінезі көңіліне жақпаса, басқа бір қасиетін ұнатар»– деген (Мүслим).Бұданұғарымыз – әйел адамның кей қылығы еркекке ұнамасабасқа көңілден шығатын сипаттары болуы әбден мүмкін. Сондықтан осыны ескерткен Алла елшісінің даналығын ата-бабаларымыз:«Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды»– деп тұжырса керек.Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 128 аятында:
وَإِنِ امْرَأَةٌ خَافَتْ مِن بَعْلِهَا نُشُوزًا أَوْ إِعْرَاضًا فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِمَا أَن يُصْلِحَا بَيْنَهُمَا صُلْحًا ۚ وَالصُّلْحُ خَيْرٌ ۗ وَأُحْضِرَتِ الْأَنفُسُ الشُّحَّ ۚ وَإِن تُحْسِنُوا وَتَتَّقُوا فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا
«Егер қандай да бір әйел күйеуінің өзіне салқын қарап, жұбайлық міндеттерін лайықты түрде орындамауынан немесе өзінен сырт айналып кетуінен қорықса, онда бір амалын тауып, екеуі өзара келісімге келу арқылы жарасатын болса (яғни әйелі күйеуінің көңілін табу мақсатында алған мәһірінен яки өзіне тиесілі басқа да дүниеден күйеуіне тарту-таралғы берсе немесе басқа да жақсылықтар жасаса, мұны істеген әйел де, әйелінің бергенін алған ер адам да) екеуі де күнә арқаламайды. Өзара келісімге келіп жарасу – қайырлы іс. Задында, нәпсі атаулының бәрі сараң һәм өзімшіл келеді. Ендеше, (әй, ер адамдар), егер (өзімшілдікке салынбай) әрдайым Алланы көріп тұрғандай немесе Оның өздеріңді үнемі бақылап, көріп тұратынын біліп, игілікті істер істесеңдер, (әсіресе, әйелдеріңнің хақысын беру мәселесінде) тқуалық танытсаңдар, біліп қойыңдар, Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар» – деп ашық ескерту жасайды. Жаратқан Алла Тағаланың әмірі– ер мен әйелдің кез келген мәселеде ортақ тіл табысып, өмір сүруі керектігін ұғындырып тұр.
Ескелді ауданның бас имамы Мухамет Ордбай.