https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Күндердің төресі жұма

11 May 2014 0 comment Оқылды: 1736 рет

Кемшілік атаулыдан пәк Иеміз Алла тағала жаратылыстың ардақтысы етіп жаратқан адамзатқа қасиетті кітабы құранды түсірсе, сол құрандағы 114 сүренің бірін пайғамбарымыз (с.а.с) үмметіне сыйлық ретінде берілген жұма күнінің құрметіне арналғандығы мәлім. Жұма, күндердің қасиеттісі, өйткені Алла тағала Жұма сүресінің 10-9 аятында «Ей мүміндер жұма намазына шақыратын азан айтылған кезде (яғни жұма намазын оқып хұтпа тыңдауға) асығыңдар. Сауда саттық (басқа да дүние тіршілігін қоя тұрыңдар) егер білсеңдер сендерге сол қайырлы. Намаз оқып болғаннан соң жан-жаққа тарап Алланың мол рақымын кәсіптерің арқылы өз несібелеріңді іздеңдер. Нағыз жетістікке жетуге үміттене отырып Алланы жиі еске алыңдар» делінген. Біздің жас ұрпақтың санасына сіңген жаңа жыл, әулие валентин күні сынды тағыда басқа адамның санасын, қазақтың даласын бұлғайтын шым – шытырман мереке сымақтар, күндердің төресі болған қасиетті жұманың орнын басқаны өкінішті. Ал бұл жұма күні расында қандай күн? Алланың елшісі (с.а.с) «Бұл жұма, күндердің төресі, оның дәрежесі екі айт намазынан артық. Онда бес қасиет бар.

1. Адам ата жаралған күн.

2. Адам ата жәннәттан жерге түсірілген күн.

3. Адам ата дүниеден қайтқан күн.

4. Бұл күнде бір уақыт бар дұғалар қабыл болатын.

 5. Қиямет осы жұма күні басталады.» дегені бізге аян.

 Ендеше адамзаттың бастауы болған атамыздың осы күні жаратылғандығын еске ала отырып, шүкірлік ретінде неге Аллаға мадақ айтпасқа? Сұраған тілектер қабыл болатын болса, Жаратушыға жалбарынып неге жәрдем сұрамасқа? Қиямет осы жұма күні болатын болса, неге сол бір күнге дайын болмасқа? Бұлардың бәрінен мақұрым қалған күйде, жұма күндерін бос өткізіп жатқанымыз қалай болар екен. Біз жұма күндері туысқан бауырларымыздың қалын біліп, ата-аналарымызды зиярат етіп, балаларымызға сыйлық сыйлап, бұл күнді олардың санасына сіңіруге неге ат салыспасқа? Олар қайдағы бір жаңа жылды аңсайды, бірақ ол қаншама күнәләр мен зинақорлықтың белең алатын күні . Қиялдағы аяз атаны аңсап жүрген жоқ па? Міне бұл біздің өскелең ұрпаққа қылған қиянатымыз. Өйткені Алланың мейірімі түскен күннен олардың хабарсыз тіпті ол күннің қандай күн екеннінде білмейді. Кей адамдар жұманың парыз екенінен де бейхабар. Әйтеу бір жұма күні мешітке келіп құран оқытсам болды деп ойлап жүргендер қаншама. Құран оқытып дұға жасағаны дұрысақ, бәлки оданда абзалы,  Алла парыз еткен намазын өтегесе нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені пайғамбарымыз (с.а.с) «Кім үш жұманы себепсіз қалдырса Алла оның жүрегіне мөр басады» деген. Жұма адамдардың жиналып, бір-бірін көріп көзайын болатын, және сәлемдесетін күні. Абу Хурайрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.а.с)«Сендер толық иман келтірмейінше жұмаққа кіре алмайсыңдар, өз араларыңда сүйіспеншілікте болмайынша толық иманға келмейсіңдер, араларыңда сүйіспеншілік тудыратын ісіті айтайын ба?, ол өзара сәлемдесіп, амандық сұрасуды кеңінен жайындар»Басқа бір  хадисте пайғамбарымыз (с.а.с) «Кімде кім жұма күні толық ғұсыл құйынып мешітке ерте барса құрбандыққа түйе шалғанның, одан сәл кеш барса сиыр шалғандай, одан кештеу барса  қошқар шалғандай, одан кештеу барса тауық шалғандай, одан кештеу барса жұмыртқа бергендей сауап алады. Имам мінберге шыққанда періштелер жамағатқа қосылып хұтпа тыңдайды» деп Жұма намазға ерте келудің артықшылықтарын ашып айтып кеткен. Алланың еш қалауысыз етіп жаратқан тап-таза періштелерінің өзі имамның хұтпасын тыңдап жатса, біздің жұма күні болмашы іспен айналысып, жұма намазын қаза жіберуіміз сонда қалай болмақ. Бұл дүниедегі әр нәрсенің сұрағы болғандай,  жұма күнінің де сұрағы бар екенін ұмытпасақ екен деген тілегіміз бар. Пайғамбарымыз (с.а.с) «Екі нығымет бар адамдар оның қадірін біле бермейді, оның бірі бос уақыт, екіншісі денсаулық»осы екі нығымет барда бұл күндерде жасалатын құлшылығымыз көп болсын ағайын!

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі 
бойынша және «НҰР» орталық
мешітінің Бас имамы:

Ахмадиев С.Р

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз