https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Қажылықтың қасиеттері

26 Oct 2021 0 comment Оқылды: 294 рет

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларымен сұх­баттасып отырғанда бір кісі келіп: «Иман дегеніміз не?» деп сұрайды. Сонда Алла елшісі: «Иман дегеніміз – Аллаға, Оның періштелеріне, пайғамбарларына, Алламен кездесуге, қайтыс болғаннан кейін қайта тірілуге сену» деп жауап береді. Сонда әлгі кісі: «Ислам дегеніміз не?» деп сұрайды.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ислам дегеніміз – Аллаға құлшылық ету, Оған ешнәрсені серік қоспау, намаз оқу, парыз болған зекетті беру, рамазан айында ораза ұстау және қажылық жасау» деп жауап береді. Сұрақ қоюшы: «Ихсан дегеніміз не?» деп сұрағанда әз Пайғамбар: «Сені көріп тұрғандай Аллаға құлшылық етуің. Сен Оны көрмесең де Ол сені көріп тұрады» дейді. Біз осы хадистен «ихсан» ілімінің негізгі мәні Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету екенін түсінеміз. Біз Алланы көрмесек те Ол бізді көріп тұрғандай сеніммен құлшылық ­жасауымыз керек. «Ихсан» ілімі адамды тақуалыққа тәрбиелейді.

Бес парыздың бірі қажылық. Қажылыққа шықпастан алдын әркім «Қажылыққа не үшін бара жатырмын?», «Қандай нәрседен пайда сауап алуым керек, неден тыйылуым керек?» деген сұрақтарды өзіне қойып ойланып алса екен. Қажылық ұлы сапар, ол жайында керек мағұлматтардың мән-маңызын терең түсініп, түсінбеген жерін имам ұстаздардан біліп сұрап алса нұр үстіне нұр болар еді. Қазір Аллаға шүкір әр мешітте қажылық сапар алдында имамдар дұрыс орындалу, рәсімдерін үйретіп сабақтар өткізеді.

Кез келген құлшылықтың өзіндік артықшылықтары болғандай, қажылықтың да өзіне тән артықшылығы мен пайдасы бар.

Біріншіден: Пенде өзіне жүктелген міндетінен құтылып Раббысының алдында сап-сап тұрып есеп бергендей Ләббәйк деп Ия Раббым алдыңа келдім менің бүкіл қәте кемшілігімді кеш деп тұрған адамдай құлшылығын атқарып қоймай сансыз сауаптарға кенеледі. Әрине баршамыз білеміз нәпіл амалдарға қарағанда парыз амалдардың жолы да сауабы да көп екенін.

Екіншіден: Алла үшін қажылық ғибадатын орындаған пенденің күнәларын кешіреді. Ол жайында Ардақты Пайғамбарымыз  (ﷺ)

Хадисінде : «عن أبي هريرة -رضي الله عنه- مرفوعاً: «مَنْ حَجَّ، فلَمْ يَرْفُثْ، وَلم يَفْسُقْ، رَجَعَ كَيَوْمَ وَلَدْتُهُ أُمُّهُ». (Бұхари, 1423)

Әбу һурайрадан (Алла оған разы болсын): «Пайғамбардың  (ﷺ): «Кімде – кім әйеліне жақындаспай, ешқандай күнә және жамандық істемей, Алла үшін қажылық жасаса, (үйіне) анасынан жаңа туылғандай болып қайтады», деп айтқанын естідім»,- деген.

Демек Алланың разылығын тілеп, біліп-білмей, үлкен-кіші, күнәларына шынайы түрде ықыласпен кешірім сұрап, тәубе етіп, жаннатты үміт еткен қажылықтың бүкіл рәсімдерін толық орындаған пенденің Алла жаңа туған сәбидей күнәларын кешіреді.

Ескеретін нәрсе пенде болған соң пендешілік қыламыз біреуден қарыз қаражат аламыз, біреудің ақысын жейміз, біреуге зұлымдық қылсақ, рұқсатсыз затын алсақ қайтарып беру, қаза болған ғибадаттар қазасын өтемей, ақысын бермей қажылықпен ол нәрселер өшпейді.

Үшіншіден: Қажылық пен умраны ниет келген пенделер Аланның қонақтары екенін ұмытпауымыз керек. Әбу һурайрадан (Алла оған разы болсын): «Пайғамбардың  (ﷺ)

«الْحُجَّاجُ وَالْعُمَّارُ وَفْدُ اللهِ عز وجل، إن دَعوْه أجابَهم، وإنِ استغفرُوهُ غفرَ لهُم»

«Қажылар мен умра жасаушылар – Аллаға келген ( өз елдерінің өкілдері). Егер олар оған дұға қылса, жауап береді, егер кешірім сұраса, оларды кешіреді». Әлбетте кімде-кімнің үйіне қонақ келсе құшағымызды жайып қарсы алатымыз мәлім, қонаққа дастархан жайып құрметтейміз. Сол секілді Алла да өзінің қонақтарын сый-құрметпен қарсы алады. Есесіне жомарттығын еселеп, құлшылығының сауабын арттырады. Ислам ғалымдары айтады «Егер де кімде-кім қажылық сапарына қаржы жұмсаса ол Алла жолында жұмсаған болып есептелінеді». Ал Алла жолында жұмсалған азғантай қаражат болсын, заттай болсын, өзіне жеті жүз есеге дейін артығымен қайтады. Кім Алламен саудаласса ешқаншан ұтылмайды.

Қорытындылай келе қажылық адамның жүрегін тәкапарлықтан, дүниеқоңыздықтан, көреалмаушылықтан, риядан, кек сақтаудан тазалайды. Кейде қажылықтан еліне қайтқан қажылардан бата алайық, зәм-зәм суынан дәм татайық, деп кезіккенде  естіп жатамыз, жеңілденіп қалдық, көз қарасымыз ақыретке ойымыз, бүкіл тұла бойымыз жеңілдегендей сезім пайда болды деген сөздерді. Әрине қабыл болған қажықтың сауабы ол – Жаннат. Алла баршамызға қажылықты нәсіп етсін.

Текелі қаласы «Керімбек би»

мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз