Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Барлық мақтау мадақ əлемдердің раббысы Аллаға тəн. Сіздермен біздерді қараңғылықтан жарыққа шығарған əрі иман мен ислам нығметін сыйға тартқан . Салауат сəлемдер ардақты пайғамбарымызға ,оның жанұясына ,сахабаларына ,ізгілікте солардың жолымен жүріп келе жатқандарға болсын.
Құрметті оқырман жамағат !
Жаратушы Раббымыз ,адамзатты ең көркем бейнеде жаратып,мақсатын айқындап, өмір сүру өнегесін түсіндіретін,ғайыптан сыр шертетін ,ақ пен қараны ажыратушы ,иманға келгендерге жолбасшы,қараңғылықтан жарыққа,надандықтан даналыққа шығарушы ,оқылуының өзі ғибадат саналатын,сондай ақ Алла тарапынан қияметке дейін өзгеріссіз сақталынуы уəде етілген ұлы кітап Құран Кəрімді берді. Бұл Құранды Алла Тағала осы əлемнің жаратылуы мен осы əлемнің соңғы аяқталуы сəтін ,тіпті одан кейінгі де болатын əрбір жағдай баян етілген. Əрбір нəрсенің басталуы болса ,аяқталуыда болары сөзсіз. Яғни өзіміз көріп өмір сүріп жүрген дүниенің де межелі мерзімі болатындығын осы бір дана кітаптың бірнеше сүрелерінде айқындаған. Сол қиямет сағатында болар істерді сөйлеген сүрелердің біріне тоқтала кетуді жөн көріп отырмын. Ол қасиетті сүре Зілзəлə сүресі.
Зілзəлə сүресі меккелік сүрелер санатынан, бұл сүре қияметтегі үрейлер мен өте қатты сілкіністі, жердің ішіндегісін ақтаруы мен əр адам істеген амалы үшін не сауап , не жаза алатындығын баяндайды. Олай болса осы сүренің түсініктемесіне тоқтала кетейік.
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1. Жер алапат болып сілкінген кезде.
Яғни жер сілкінісі өте қатты болған кезде, адамдардың да жүректері сілкініске ұшырайды. Сілкіністің қатты болғаны сонша ,тіпті үстіндегі құрылыстар мен бекініс қамалдарды лақтырып тастайды. Осындай ұлы сілкініс кезінде əр емізуші емізіп отырғанын ұмытады , сондай ақ əрбір жүкті іш тастап қояды. Сол кезде адамдардың барлығы мас күйде көрінеді ,алайда олар əсте мас болмайды, алайда Алланың азабы өте қатты.
2. Сондай ақ жер қойнындағы жүктерін шығарғанда . Осы аятқа қатысты Ибн Аббас р.а Жер өліктерді шығарғанда деп түсініктеме жасаған.
3. Əрі адамдар жерге не болды деген кезде тəпсіршілер: əсіресе иманға келмеген пенделер осылай айтады деген.
4. Сол күні жер хабарларын баяндайды. Яғни жер үстіндегілердің амалдарына куəлік етеді ,ол амалдар жақсы болсын не жаман болсын . Əбу Хурайрадан жеткен риуаятта. Алла елшісі с.а.у осы аятты оқып ,былай деді. Сендер білесіңдерме жердің хабарлары деген не ? Деп сұрағанда , Сахабалар "Алла жəне оның елшісі жақсырақ біледі -деді сонда Алла елшісі с.а.у бұл жердің хабары əрбір жанға куə болуы, әркімнің ісіне куəлік етуі . Сол күні жер былай дейді : Пəленше мына күні былай істеді ,мына күні осындай амал істеді дейді.
5. Бұл оған уахи берілгендігінен өйткені жерге Алла əмір береді , сонда жер сөйлейді шүкіршіл құлға алғыс айтады , күнаһар пендеге куəлік етеді. Алланың əр нəрсеге қуаты толық жетеді.
6. Сол күні адамдар істеген істерінің нəтижесін көру үшін топ -топ болып шығады.
Тəпсіршілер :бір топ жəннатқа , бір топ тозаққа бару үшін деген.
7. Кімде -кім түйірдей жақсылық істеген болса оның жақсылығын көреді.
Тəпсіршілер: "түйірдей"дегенге құмырсқадан кішкентай деген.
8. Ал кімде кім түйірдей жамандық істесе оны көреді.
Имам Қуртуби : Бұл Алланың берген мысалы , адам баласы түйірдей не таудай амал істеген болсада Алла Тағала ешкімге зəредей əділетсіздік қылмайды.
Алла Тағала баршаларымызға осы Зілзəлə сүресінің мағынасын түсініп , пайда алуымызды нəсіп етсін.
Ринат Мұхашұлы
Алакөл ауданы, Үшарал қалалық мешітінің имамы