Хазірет Омар (р.а.) халифа болып тұрған уақытында бірде Үбәй ибн Қағыб екеуі дауласып, Зәйд ибн Сәбиттің төрелігіне барып жүгінді. Хазірет Омар келгенде Зәйд ибн Сәбит халифаға құрмет көрсетіп төрге отырғызғысы келді. Бірақ хазірет Омар бұған қабақ шытып, «Бұл сенің жіберіп алған алғашқы әділетсіздігің» деді. Сөйтті де Үбәй ибн Қағыбтың жанына барып отырды. Үбәйдің дәлелі жоқ еді. Сондықтан шағымданушы ант ішуі керек. Халифа болғандықтан Зәйд ибн Сәбит хазірет Омарға ант айтқызбай-ақ Үбәйға бұдан бас тартуды ұсынды. Алайда хазірет Омар дауға билік жүргізіп отырған Зәйд ибн Сәбитке «Егер сен алдыңа келген халифа мен жай адамды тең тұтпасаң, бұл қызметке лайық емессің» деп ескертті.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
05:45
Күн
07:06
Бесін
12:03
Екінті
15:10
Шам
16:54
Құптан
18:15
30
қаңтар 2025
бейсенбі
30 Ражәб 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!