https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Тәкаппарлық мұсылманға жат қылық

23 Aug 2021 0 comment Оқылды: 536 рет

233622843 1279212705827850 8792503631777111619 n

Мұсылман адам қаншалықты бай, бақуатты болса да немесе мансап иесі атанса да, тіпті, биік жетістіктерге қол жеткізген күннің өзінде барлығын Алладан деп біледі және ешқашан тәкаппарлық қылмайды, көкірек керіп, менменсімейді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Фұрқан» сүресінің 63 аятында:

وَعِبَادُ الرَّحْمَنِ الَّذِينَ يَمْشُونَ عَلَى الأرض هَوْناً وَإِذَا خَاطَبَهُمُ الجاهلون قَالُواْ سَلاَماً

«Рахманның хас құлдары жер бетінде сыпайылықтың шегінен аспайтын жандар. Оларға жөн білмес надандар тіл қатқанда, (наданмен надан болмай) оларға: «Аман болыңдар!» – деп өз жөніне кете барады» – деп шынайы мұсылманның сипатын таныстырады. Алла Тағала бұл жерде «Рахманның құлдары» деп кішіпейіл болған, жан сарайы әдемі жандарды айтып жатыр. Әрбір мұсылман аятта айтылғандай Рахманның құлы болуға ұмтылғаны абзал. Қандай қиянат көрсе де шектен шықпай кішіпейілділікті ұстануда жақсылық бар.

وعن عبدالله بن مسعودٍ رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم لا يدخل النار أحدٌ في قلبه مثقال حبة خردلٍ من إيمانٍ، ولا يدخل الجنة أحدٌ في قلبه مثقال حبة خردلٍ من كبرياء رواه مسلم

Абдулла ибн Масғұдтан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Жүрегінде тарының дәніндей иманы бар адам тозаққа кірмейді. Жүрегінде шаңның тозаңындай тәкаппарлығы бар адам жәнәтқа кірмейді. Жүрегінде тарының дәніндей тәкаппарлығы бар адам жаннатқа кірмейді!» – деген (Мүслим).

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) осы хадисімен тәкаппарлықтың кішкентай бөлігінің өзі адам баласын Алладан алыстатынын білдірген. Осыдан тәкаппарлықтың, паңдықтың, менмендіктің жәннатқа кіре алмауға себепкер болатын амал екендігін байқауға болады. «Исра» сүресінің 37-38 аяттарында Алла Тағала:

وَلَا تَمْشِ فِي الْأَرْضِ مَرَحًا ۖ إِنَّكَ لَن تَخْرِقَ الْأَرْضَ وَلَن تَبْلُغَ الْجِبَالَ طُولًا (37) كُلُّ ذَٰلِكَ كَانَ سَيِّئُهُ عِندَ رَبِّكَ مَكْرُوهًا

Осындай тыйым салынған жаман істердің барлығы Раббыңның алдында (немесе Раббыңа ұнамайтын) жағымсыз жат қылықтар болып табылады» – деп мұсылманға ескерту жасайды. Дандайсып, тәкаппарланып жүрудің өзі Алла Тағаланың алдында жақсы көрілмеген іс болғандықтан Раббымыз оны қасиетті Құранда осылайша мысалға келтірген.

عن حارثة بن وهب -رضي الله تعالى عنهما- عن النبي صلى الله عليه وسلم قال: ألا أخبركم بأهل الجنة؟ كل ضعيف متضعف, لو أقسم على الله لأبره, ألا أخبركم بأهل النار؟ كل عتل, جواظ, مستكبر

Харис ибн Уахаб (р.а) былай дейді: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендерге жәннат иелерінен хабар берейін ба? Әрбір кішіпейіл адам жәнәтты сұрап дұға қылса міндетті түрде қабыл болады. Ал, тозақ иелерінен хабар берейін бе? Мінезі дөрекі, күнәкар, тәкаппар адам тозақта түседі» – деді» (Бұхари).

Бұл хадистен кішіпейіл адамның Аллаға жақын болатыны және ол жәнаттық сипат екендігі көрсетілген. Ал, дөрекілік, күнәһарлық, тәкаппарлық адамды түбі құрдым тозаққа түсіретіні ашық айтылған.

وعن أبي هريرة رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: ثلاثةٌ لا يكلمهم الله يوم القيامة، ولا يزكيهم، ولا ينظر إليهم، ولهم عذابٌ أليمٌ: شيخٌ زانٍ، وملكٌ كذابٌ، وعائلٌ مستكبرٌ؛ رواه مسلم

Әбу Хурайрадан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Үш топ адам бар – Алла Тағала қияметте одармен сөйлеспейді, оларға қарамайды. Олар үшін ауыр азап бар. Олар зинақор шал, өтірікші басшы, тәкаппар кедей» – деген (Мүслим).

Бұл хадистен қияметте Алланың қаһарына ұшырайтындардың қатарында қартайса да зинадан тыйылмаған қарт кісі, адамдардың ақысына қиянат қылған кез келген басшы және өз жағдайына қарамай тәкаппарланған кедей екенін ұғынамыз. Соған сай дін ғалымдары «Алла Тағала үш қауымды жек көреді және үш қауымды одан да қатты жек көреді» деген. Бірінші – Алла бұзық адамды жек көреді, қартайғанда бұзықтығын қоймағанды одан да қатты жек көреді. Екіншісі – Алла сараңды жек көреді, сараң болған байды одан да қатты жек көреді. Үшінші – Алла тәкаппарды жек көреді, кедейдің тәкаппар болғанын одан да қатты жек көреді. Ғалымдардың бұл сөзінен адам жастық шағында күнә жасап, бұзықтық істеуі мүмкіндігін, қартайғанда сол күнәларына тәубе етіп, жаман әдетін тастай алмаған адамды Алла ерекше жек көретінін түсінуге болады. Сондай-ақ, адам дүниеқорлыққа беріліп, сараң болуы мүмкін. Бірақ мүмкіндігі бола тұра, дәулетті жете тұрып жоқ-жітіктерге қарайласпаған сараңды Алла ерекше жек көретінін. Адам қаншалықты тәкәпарланып, менменсуі мүмкін болса да мақтанар мал-мүлкі жоқ, басқаларға тәкаппарлығын көрсеткен кедей менменшілді Алланың қатты жек көретінін байқаймыз. Алла Тағала келесі «Хижр» сүресінің 88 аятында: «Кәпірлердің бір бөлігіне берген дүниелік өткінші нығметтерімізге қызығып көз сүзбе! Сондай-ақ, (иман етпеді, ақиқатты түсінбеді деп) олар үшін мұңайма. Мүміндерге жанашыр, кішіпейіл әрі қолқанат бол!» – деп Пайғамбарымызға бұйырады. Бұл аяттан Жаратқан Алла Тағала Елшісіне кішіпейіл болып, мұсылмандарға жәрдем көрсетуін тапсырған.

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رضي الله عنه عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ : لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ مِنْ كِبْرٍ قَالَ رَجُلٌ إِنَّ الرَّجُلَ يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ ثَوْبُهُ حَسَنًا وَنَعْلُهُ حَسَنَةً قَالَ إِنَّ اللَّهَ جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ الْكِبْرُ بَطَرُ الْحَقِّ وَغَمْطُ النَّاسِ

Абдулла ибн Масғуд (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Жүрегінде шаңның тозаңындай тәкаппарлығы бар адам жәннатқа кірмейді! – деген еді. Бір адам:
– Иә, Алланың Пайғамбары, адам әдемі киім кешек, әдемі аяқ киім киюді жақсы көреді. Сол тәкаппарлыққа жата ма? – деп сұрады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):
– Ақиқатында Алла Тағала әдемілікті жақсы көреді, тәкаппарлық деген көзге ілмеушілік, адамдарды кемсіту, – деп нақтылады» (Мүслим).

Бұл хадистен тәкәпарлықтың ара жігін көрсеткен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) адамдардың жақсы киініп, таза жүруі тәкаппарлық еместігін айтқан. Шынында әдемілік бөлек, тәкаппарлық бөлек. Сөзбен, әрекетпен өзгелерді менсінбеу тәкаппарлыққа жатады. Тәкаппарлықтан сақтануды барлық Пайғамбарлар насихаттаған. Құранның 17,18,19 аяттарында Алла Тағала:

يَا بُنَيَّ أَقِمِ الصَّلَاةَ وَأْمُرْ بِالْمَعْرُوفِ وَانْهَ عَنِ الْمُنكَرِ وَاصْبِرْ عَلَىٰ مَا أَصَابَكَ ۖ إِنَّ ذَٰلِكَ مِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ (17) وَلَا تُصَعِّرْ خَدَّكَ لِلنَّاسِ وَلَا تَمْشِ فِي الْأَرْضِ مَرَحًا ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ (18) وَاقْصِدْ فِي مَشْيِكَ وَاغْضُضْ مِن صَوْتِكَ ۚ إِنَّ أَنكَرَ الْأَصْوَاتِ لَصَوْتُ الْحَمِيرِ

17: «Уа, балам! Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқы! (Адамдарды) әрдайым жақсылыққа үгітте (үнде), (оларды) жамандық атаулыдан тыюға тырыс! Басыңа не келсе де сабыр ет! Міне, осы істердің әрқайсысы табандылық пен күш-жігерді талап ететін, сауабы да зор істердің бірі һәм бірегейі.
18: Ешкімге мұрныңды шүйірме, жер бетінде кердеңдеп жүрме! Шүбәсіз, Алла кеуде керіп, менменсіген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды.
19: Жүргеніңде һәм әр ісіңде байсалды бол! Сөйлегенде даусыңды қатты көтерме! Біле білсең, ең сүйкімсіз дауыс (өңеші жыртылғанша ақыратын) есектің даусы» – деп қатты ескертеді.

Лұқман пайғамбардың ұлына айтқан Алланың бұйрықтарын толық орындап, адамдарға тәкаппарлық көрсетпеу керектігі басты ұстаным болуы тиіс. Өйткені даңдайсыған тәкаппарларды Алла жек көреді және тәкаппарлану сөз бен әрекетте болатыны анық.

مصعب بن سعد بن أبي وقاص -رضي الله تعالى عنهما- قال: رأى سعد أن له فضلاً على من دونه، فقال النبي ﷺ: هل تنصرون وترزقون إلا بضعفائكم

Мұсхаб ибн Сағит (р.а): «Сағит ибн Әби Уақас (р.а): «Өзін өзінен төмен кісілерден жоғарымын» – деп есептегенде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Араларыңдағы әлсіз кісілердің берекетінен сендерге Алланың жәрдемі келеді және ырзық-несібелеріңді береді» – дегенін айтады» (Бұхари).

Бұл хадистен Алланың жәрдемі мен ырзық-несібесі әлсіз және кішіпейіл кісілер арқылы келетінін естен шығармағанымыз жөн екендігін ұғынамыз.

عن عياض بن حمار رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:إنَّ الله أوحى إليَّ أن تواضعوا حتى لا يفخر أحدٌ على أحد، ولا يبغي أحدٌ على أحدٍ

Ғиаз ибн Химар (р.а): «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағала маған кішіпейіл болуды уахи қылды. Сондықтан бір адам екінші адамды кемсітпесін және тәкаппарланып қорламасын!» – дегенін жеткізген (Әбу Дәуіт). Алла елшісіне жүктелген бұл кішіпейілділік әрқайсымыздың бойымызда болуы міндетті.

Ескелді ауданы бас имамы Мухаммед Ордыбай.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз