https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Шынайы түрде тәубе ету

23 Aug 2021 0 comment Оқылды: 353 рет

Рахымды мейірімді бір Алланың атымен бастаймын!

 

WhatsApp Image 2021 08 16 at 18.11.21Барлық мақтаулар мен мадақтар әлемдердің раббысы бір Алла Тағалаға болсын, салауаттар мен сәлемдемелер пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (صلى الله عليه وسلم)-ға болсын.
Қазақ тіліндегі тәубе сөзі араб тіліндегі توبة (таубатун) сөзінен туындаған. Тілдік мағынасы: өкіну, жөнделу. Шариғи мағынасы: күнә істегеніне өкіну, күнәдан қайту. Адам баласы өзінің өмірінде әр түрлі іс- әрекеттер мен күнәләрды жасап қояды. Сол күнәлардың барлығынан шынайы түрде Алла Тағаладан кешірім сұрап тәубе етуге міндетті. Барлық күнәларды кешіруші бір ғана жаратушымыз ол – Алла Тағала. Бүкіл әлемді жоқтан бар еткен ешбір нәрсеге мұқтаж болмаған барлық кемшілік атаулыдан пәк раббымыз Алла Тағала ол рахымды мейірімді тәубелерді қабыл етуші. Ғалымдарымыздың айтуы бойынша әр-бір күнәлі іс-әрекеттерде тәубе ету - уәжіп. Егер күнәлі істер адам мен Алла Тағаланың арасында болса адамдардың хақылары мен байланысты болмаса онда оның тәубесіне үш шарт бекітіледі:
Біріншісі: күнәлі істерден бас тарту.
Екіншісі: істеген істерге өкіну.
Үшіншісі: күнәлі істерді қайталамуға нақты шешім шығару.
Егер осы үш шарттардың бірі болмаса онда ол адамның тәубесі дұрыс болмайды. Ал егер күнәлі істер адамдардың хақыларымен байланысты болса, онда оған тағы бір шарт қосылады осы үш шарттардың ішіне кіреді. Біреудің мал – мүлкіне қол салған болса онда оны қайтарып беруі немесе біреуді ғайбаттаса оған жала жапқан болса, онда сол адамдардың кешірімін алу керек. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімнің Нұр сүресінің 31-ші аятында тәубе жайлы былай баян етеді: Уа, мүміндер, (күнәләрің үшін өкініш білдіріп,) бәрің бір ауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер.
Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімнің Тәхрим сүресінің 8-ші аятында тәубе жайында баяндалады: Уа, Иман келтіргендер! Шынайы түрде тәубе етіп, Аллаға бет бұрыңдар. Міне, сонда Раббыларың күнә-қателіктеріңді өшірер һәм бәріңді (жайқалған жасылған бауларының арасымен және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағатын Жәннәт бақшаларына кіргізер. Ол күні Алла Пайғамбарды және жанындағы мүміндерді жерге қаратпайды.
Олардың нұры алдарына әрі оң жақтарына шығып, алып – ұшып жолдарына жарық түсірумен болады. Сонда олар Уа, Раббымыз! Нұрымызды толықтырғайсың һәм бізді кешіргейсің.Сенің құдіретің барлық нәрсеге толық жетеді», - деп жалбарынады.
Қорытындылай келе, Иә, Раббым біздерді Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмбетін түрлі күнәләрдан сақтап, тәубемізді қабыл етіп, тура жолға бастай гөр! Екі дүние жақсылығын нәсіп ет! Әмин.

Ақылбеков Марлен
Талдықорған қаласы, «Жетісу» мешінің ұстазы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз