https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Ихсан

20 Шілде 2021 0 comment Оқылды: 453 рет

 

     Мақтау мадақтар күллі әлемдердің Раббысы,күш-құдіреті шексіз,баршамызды жоқтан бар қылып жаратқан,кемшілік атаулыдан Пәк аса Қамқор,ерекше Мейрімді және Кешіруші Ұлы Алла Тағалаға болсын.

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке Ол кісіге Алла Тағаланың сәлемі және игілігі болсын.

       Күллі мұсылман қауымына Алла тағаланың сәлемі, рахметі және берекеті болсын. Бұл мақаламызда Ихсан жәйлі сөз қозғамақпыз.

Ихсан сөзі  حسن түбірінен шыққан  حسن   сөзі жақсы болу,әдемі,сұлу болу,жақсы,орынды,лайықты болу-деген мағыналарды білдіреді.

     Омардың (Алла оған разы болсын)былай дегені риуаят етіледі: «Бір күні біз Алла елшісінің ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын,қасында отырғанымызда аппақ киімді,қою қара шашты, бойында сапар ізі көрінбейтін және арамыздан оны ешқайсымыз танымайтын бір адам келді. Ол пайғамбарымыздың тізелеріне тізелерін тиістіріп(қарсы)отырды да екі қолын сандарына қойып: «Әй Мұхаммед!Маған Ислам туралы хабар берші»-деді Алла елшісі (ол кісіге Алланың сәлемі және игілігі болсын): «Ислам дегеніміз Алладан өзге құлшылыққа лайық тәңір жоқ екеніне әрі, Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік етуің, намазды толық орындауың,зекет беруің,Рамазанда ораза ұстауың және шамаң келсе үйге (Қағбаға) қажылық жасауың »-деп жауап қайтарды .(Әлгі адам): «Сен рас айттың»,-деді. Ал біз оның сұрақ қойып, кейін растағанына таң-қалыстық.Содан соң ол:   «Енді маған иман жайынан хабар берші»,-деді Алла елшісі (Ол кісіге Алланың сәлемі және игілігі болсын): «Иман дегеніміз –Аллаға, оның періштелеріне, Оның кітаптарына, Оның елшілеріне,ақырет күніне иман келтіруің және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің »,-деді.Ол тағы да «Сен рас айттың»-деді.Сонан соң :«Енді ихсан жайында хабар берші»,-деді.       Ол кісі (ол кісіге Алланың игілігімен сәлемі болсын): «Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық жасауың.Егер сен оны көріп тұрмасаң да ол сені көріп тұр»-деді.Әлгі адам : «Енді маған (Қиямет)сағаты жайында жайында хабар берші»-деді.Сонда(пайғамбар ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді ол жайын »-деді.Әлгі адам:   Онда маған оның белгілерінен хабар берші»-деп еді,ол кісі   «Күң өзінің ханшайымын туады және жалаң аяқ-жалаң бас қой соңындағы кедейлер биік үйлер салуда жарысатынын көресің»-деді.Содан соң әлгі адам кетіп қалды.Мен біраз уақыт өткіздім.Содан ол кісі маған : «Әй Омар сұраушының кім екенін білемісің?»деді.Мен : «Алла пәк Оның елшісі жақсырақ біледі»-деп едім ,ол кісі «Ақиқатында бұл» Жәбірейіл. Ол сендерге діндеріңді үйрету үшін келді.(Муслим,8 Әбу Дәуід 4695 Тирмизи,2610;Насай 4990;Ибн Мажах,63).                              

     Бұл оқиғаның болғанына 14,5-он төрт жарым ғасырға жуық уақыт өтсе де өзектілігін еш жоғалтқан емес.

   Қазіргі   21-жиырма бірінші ғасырда “Ихсан” ілімін түсіну мен сезіну ауадай қажет десек,артық айтқандық болмас.Өйткені күнәлі істердің көбеюі:Алла Тағаланы естен шығарудан болуы әбден мүмкін. Кез келген науқас адамның дерттен( аурудан) айығып кетуіне біріншіден Алланың шифа беруі, екінші кезекте дәрігердің дұрыс диагноз қоюы, және сол дерттің жазылып кетуіне себепкер болатын дәрі-дәрмекті тағайындай білуі.Қазіргі қоғамдағы дерттерге тоқталып кетсек:  

     Жемқорлық-қоғамның дамуын тежейтін,жегідей жейтін кесел. Алла елшісі (ол кісіге Алланың сәлемі және игілігі болсын) «Пара беретідерге де,пара алатындарға да Алланың лағнеті (қарғысы)болсын.(Ахмед)                                                                                                                                  

Алла   Тағала мені көріп тұр,мені естіп тұр деп иман келтірген адамның пара алуы,пара беруі екіталай,өйткені Алланың қарғысы азабқа душар етуі ықтимал.

        Зина-(Ойнас) Алла Тағала өзінің кітабы Құран Кәрімде Исра сүресінде 32-аят «Зинаға жоламаңдар .Өйткені,ол анық арсыздық және жаман жол»-деп зинаның жамандығын баяндаған.Тастанды балалардың көбеюі,жұқпалы аурулардың көбеюі,некелі ерлі-зайыптылардың ажырасуы да осы кеселден болуы әбден мүмкін.Өкінішке орай Солтүстік Қазақыстан облыстарында некелескен 4(төрт)жұптың бірі қайта ажырасып кетеді екен.Бұл жәйт қыз өсіріп отырған         кез-келген ата- ананы алаңдатары хақ .

           Адам өлімі-адамды өлтіріп кеткен ,өз өзіне қол салу бойынша Қазақыстан 200-ден аса елдердің ішінен алғашқы 10-ондыққа жақындап қалған. Қазақыстан бір жылда- шамамен 9,5-мың адам өз өзіне қол жұмсап қайтыс болады екен. Алла Тағала Құранда Ниса сүресінің 29-аятында «…Бір-біріңді өлтірмеңдер …»-деп қатаң ескерткен.

Қазіргі таңда “Ихсан” ілімін үйрену және терең түсінудің маңызы зор. Өзіміз тұрып жатқан елді мекенде барлық адам пара алмайтын болса, Адам өлтірмесе,арақ ішпей, өсек айтпай өмір сүрсе,қоғам өзгеретін еді. Құдіреті күшті Алла Тағала Құран Кәрімде   «Расында бір қауым,өзін өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді»-деп бізге баян еткен.

Бұл қоғамдағы кеселдердің дауасы   ихсан ілімі .   Бас муфтиіміз хазіреттің ихсан ілімін кеңінен насихаттауы тегін емес. Ихсан ілімін насихаттау әр мұсылманның міндеті.

Панфилов ауданы

                 Үшарал ауылдық мешітінің имамы Сагимбеков Даурен

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз