Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе - реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді Кешірімділік- адам бойындағы жақсы қасиет ,пенде біткенге құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Кісінің оқыс істері мен зиянды іс-әрекеттері анықталғанда ,оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру,кеңшілік көрсету -кешірімділік болып табылады. Кешірім сұрауда әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой -санасымен сезініп мойындауы және оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын көрсетеді. Кешірімді болу-қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі. Ислам қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты сақтау үшін мейірім және кешірімді болуды қажет етеді. Исламдағы бауырмашылдық, кешірім ең жақсы істерден болып табылады. Өйткені ислам осындай ұлы жетістіктерге кешіріммен жетті. Кешірім деген отбасының салауатты өмір сүруіне жетелейді. Кешірім деген адамдардың бір-бірінің арасындағы сүйіспеншілік, махаббатты нығайтады. Кешірім деген адамдар арасында араздық болса, сол араздықты жеңіп, бір-бірімен достастырады. Кешірім деген бір-бірінен алыстап кеткен адамдардың арасын жақындатады. Бір-біріне күмәнмен қарағандардың күмәнын жояды. Кешірім деген бірін-бірі жек көретіндердің амалын босқа шығарып достастырады. Бұл жайлы Құран кәрімде Алла Тағала былай дейді:
وَلَا تَسْتَوِي الْحَسَنَةُ وَلَا السَّيِّئَةُ ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ فَإِذَا الَّذِي بَيْنَكَ وَبَيْنَهُ عَدَاوَةٌ كَأَنَّهُ وَلِيٌّ حَمِيمٌ
Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл.) Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді, делінсе Сахих хадистерде мұсылманның мұсылманға үш күннен артық ренжуіне тыйым салынғандығы айтылады. Ал кім бірінші болып ашуын басып, кешірім сұраса – Алла алдында мәртебелі болып, сауапқа ие болмақ. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мейірімге бөлемеген, мейірмге бөленбейді», – деген еді. Алла елшісі(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)Меккені бағындырғаннан кейн Қағбаның маңына жиналған халыққа: «Ей,Кұрайш халқы Дәл қазір мен сендерге не жасайды деп ойлайсыңдар»-деп сауал қойды.Құрайш халқы: «Біз сенің жақсылық жасауына үміттеніп, «игілік жасайсың» деп айтамыз.Сен жақсылық пен игілік сүйетін бауырымызсың! Игілік пен жақсылық жасаған бауырымыздың ұлығысың –деп жауап берді.Пайғамбарымыз Мен де хазірет Юсуфтың Бауырларына айтқаны секілді «(Жасаған(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): ескі қателіктері үшін) бүгін сендерге сөгіс, айып тағу жоқ.Аллаһ сендерді кешіреді.Ол мейірімділердің ең мейірімдісі» деймін. Кете беріңдер,сендер азатсыңдар»-деді сөйтіп өзін туған мекенінен айырған жүрегіне жара салған сахабаларын аяусыз шахит қылған мекке мүшіріктерін кешіріп жіберген еді.
Әнәс (оған Алла разы болсын) былай деп баяндаған: «Бір күні біз Пайғамбарымызбен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге отырғанымызда, ол бізге: «Қазір мына жерге Жәннатқа кіретін кісі келеді» – деді. Сол мезетте бір ансарлық кісі келді. Оның сақалынан дәреттен қалған су тамшылары тамшылап тұрды, ал сол қолында аяқ киімі болғанды. Келесі күні пайғамбарымыз әлгі сөзді қайта айтып еді, кешегі кісі қайта кіріп келді. Одан кейінгі күні осы оқиға тағы да қайталанды. Пайғамбарымыз басқа жаққа кетіп қалған кезде Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (оған Алла разы болсын) әлгі кісінің ізіне түсті де, жетіп алып: «Мен әкеммен жанжалдасып қалып едім, сөйтіп оған үш күн бойы үйге оралмаймын деп уәде берген едім. Егер қарсы болмасаңыз, осы күндері сіздің үйіңізде болайын?!» – деді. Әлгі кісі онымен келісті. Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас былай деп баяндады: «Мен оның үйінде үш күн болдым, бірақ ерекше еш нәрсе көрмедім. Тек көргенім таң намазына дейін түнде тұрып немесе жамбастап жатып Алланы еске алып, мадақтар айтатын. Үш күн өтті, көргеніме риза болмадым. Сонда мен оған: «Әй, Алланың құлы! Мені мен әкемнің арамызда еш нәрсе болған жоқ. Мен тек Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш рет: «Қазір мына жерге Жұмаққа кіретін кісі келеді», – деген сөзін естідім, әрі әр айтқан сайын сіз кіріп келдіңіз. Кейіннен мен сіздің не істейтініңізді білу үшін жаныңызда болғым келді. Сөйтіп сіздің жаныңызда бірге болдым. Алайда, мен сіздің амалдарыңыздан ерекше ешнәрсе көргенім жоқ. Олай болса, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сіз туралы не үшін былай айтты екен?» – дедім. Әлгі кісі: «Мен сіз көрген нәрседен артық еш нәрсе жасамаймын. Алайда, сонымен қоса, мен мұсылманның ешқайсысын алдамаймын, Алланың оларға берген нығметін қызғанбаймын. Және әр түн сайын адамдардың барлығын кешіріп барып көз ілемін», – деді. Сонда Абдулла: «Сіз расында да мына деңгейге осы себепті жеткен екенсіз! Шынында, мұндай деңгейге жету оңай емес», – деді.
«Қиямет күні бір дауыс: Сауабы Аллада болғандар шықсын, Жәннатқа кірсін – деп жар салады. Бұлар кімдер – деп сұралғанда: «Адамдарды кешірген, кешірімшіл жандар», – дейді. Осылайша көптеген адамдар есепке тартылмастан Жәннатқа кіреді Кешірімділік адамдар арасына мейірім шуағын төгіп, мына әлемнің мәнін сезіндіре түседі. Кешірім сұрағанға кешірім ете білу – адамдықтың белгісі. Кешірімді болсаң – кең боласың. Кең болсаң – кем болмайсың. Адамдарды кешіре білгендер ғана Алланың кешіріміне бөленеді.
Талдықорған қаласы
Нұр мешітінің бас имамы
Данагулов Алмас
.