Алдымен оразаның парыз екеніне тоқталсақ. Алла былай дейді: “Әй, иман келтіргендер! Ораза сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей Аллаға қарсы келуден сақ болатын шығарсыңдар деп санаулы күндерде сендерге де парыз етілді.” Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.)өзінің хадисіндебылай деп баян етеді «Кімде-кім сене отырып, сауабын Алладан күтіп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешіріледі». Демек ораза – бізді дүниеде жамандықтардан сақтайтын, ақыретте жәһаннамнан қорғайтын және күнәларымыздың кешірілуіне себепші болатын маңызды ұлы ғибадаттың бірі. Енді оразаның медициналық пайдасына тоқталсақ. Рамазан айында ауыз бекітудің денсаулыққа өте үлкен пайдасы бар екенін қазіргі таңда зерттеп те дәлелдеп жатыр. Ораза жайында қасиетті Құранда былайша баяндалады: «Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы». Ораза тұту тек рухани емес, медицинаылық тұрғыдан да пайдасы бар.
Медицинада тұрғысынан қарасақ тамақтанбаған кезде адамның ұйқы безі демалатыны дәлелденген. Ораза тұтқан адамда адреналин және кортизон гармондары қанға көбірек келіп, бұл гармондар қатерлі ісік жасушаларының дамуын тежейді. Осылайша ораза рак клеткаларына қарсы қалқан бола алады.
Ораза кезінде адамның есте сақтау қабілеті артады. Сондай-ақ, адам ағзасындағы майлар еріп, соның әсерінен адам артық салмақ тастап, артық ет пен майдан құтылады.
Ораза тұтқан адамның дене құрылысы ретке келіп, денеде сергектіг артады, адамның иммунитеті нығаяды, асқазан, бүйрек, қантты диабет, жүрек және бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеті іске асады. Ораза кезінде бауыр 3-5 сағат демалады, азық жинау жұмысын бір мезгіл тоқтады. Бұл арада қорғану жүйесін күшейтетін глобин белоктарын дайындайды. Қан қысымы жоғары адамдар үшін ораза таптырмас дәрінің бір түрі деп айтсақ болады.
Француз биологы Алексис Каррель өзінің «Белгісіз адам» деген еңбегінде: «Адамдар барлық ғасырларда ораза тұтқан. Сондай-ақ барлық діндер тамақ-судан тыйылып ауыз бекітуге шақырудан ешқашан тыйылған емес. Адам ауыз бекіткенде ең бірінші аштық, одан соң денеде әлсіздік сезінеді.
Кейде осының әсерінен адам қобалжуы да мүмкін. Бұл сыртқы болып жатқан жағдайлар, бірақ ішкі организмде құбылыстар бұған қарағанда маңыздырақ. Осы сәтте бүйректегі қант қимылдайды, онымен бірге терінің астында сақталған майлар да қимылдап ериді. Ішкі ағзалар мен жүрек бір қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық организм өзіндегі сақталған қордан қажетті энергия жұмсай бастайды.
Бұл – болашақта адам организмінің жақсы жұмыс істеуімен қамтамасыз етеді»,-деген. Медицина ғалымдардың айтуынша, ораза тұту арқылы денедегі май құрамы азайып, холестерин мөлшері де азайады екег. Холестериннің азаюы қанның қоюлануының сақтайды. Әрине бір нәрсені ескерген жөн болады. Ораза дененің бүкіл жүйелеріне әсер етіп, денсаулықты жақсартатыны белгілі болды, алайда тек денсаулықты жақсарту ниетімен ораза ұстау дұрыс емес.
Ораза ұстаудағы басты ниет – Алланың әмірін орындау болуы керек. Соңғы кезде диетамен қатар ораза ұстау да сәнге айналып бара жатқаны жасырын емес.
Барша адам мұқтаж болып жүрген таза медициналық диета арқылы сіз өмір жасыңызды ұзартып, рухани тұрғыдан тазарып, мұсылманның бес парызының бірін атқара аласыз. Тек ниеттің дұрыс болуы шарт.
Текелі қаласы «Керімбек би»
мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы