https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҚИЯНАТШЫЛДЫҚ – МҰСЫЛМАНҒА ЖАТ ҚЫЛЫҚ

10 Apr 2021 0 comment Оқылды: 360 рет
 
Қиянат қоғамдағы әділетті бұзып, әлсіздердің құқы аяққа тапталуына апаратын аса жағымсыз әрекет. Бір сөзбен айтқанда, жамандық жасауға шақыратын қиянат – аманаттың қарама-қайшы мағынасын білдіреді.Ұлы жаратушы Раббымыз Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінде:
«(Уа, Мұхаммед!)Біз саған осынау Кітапты адамдар арасында Алланың өзіңе нұсқап көрсеткініндей үкім жүргізіп, билік айтуың үшін титтей де күмәнға жол бермейтін ақиқаттың нақ өзі етіп түсірдік. Ендеше, (кінәлі мен кінәсізді әбден анықта) опасыз сатқындарға жәрдемші де, (олардың сөзін сөйлейтін) қорғаушы да болма! (105аят)
Алладан кешірім тіле. Өйткені Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).(106 аят)
Өз-өзіне опасыздық жасап (хақ жолдан адасып) жүргендерге бола таласып-тартыспа, олардың сөзін сөйлеме. Шүбәсіз, Алла опасыздық һәм күнә жасауда тым шектен шыққандарды жақсы көрмейді. (107 аят).
Олар (істеген опасыздықтары мен күнәларын) елден (адамдардан) жасыруға тырысады да,(Алланың соның бәрін көріп тұрғанын мүлдем ескермейді). Әйтсе де, олар түнделетіп Алла разы болмайтын (өтірік айтуды, жала жабуды, опасыздық жасауды, сондай-ақ, ақиқатты бұрмалауды) сөз қылып, әрқилы қитұрқы жоспарлар құрып жатқандаАлла олардың басы-қасында еді. Алла олардың не істеп, не қойып жүргенін (бәрін естіп, көретіндігімен шексіз ілімі һәм құдіретімен) толық қамтып білуші»(108аят)– деп адамдар арасындағы қарым-қатынасқа үкім шығарарда мұқият болуды тапсырады. Бұл аяттың түсуінде бір екі жүзді мұнафиқтің әрекеті себеп болған.Көршісінің сауытын ұрлап,оны бір яһудидің үйіне тығып, өзі ПайғамбарымызМұхаммед (с.ғ.с.) келіп, ант-су ішіп, сендіріпқылмысты яһудиге артуға тырысады.ЖаратушыАлла Тағала кімге болмасын, тіпті, басқа дін өкілінеде, қиянат жасаудұрыс еместігін ескертіп, Пайғамбарына нұсқау көрсеткен.
أبي هريرة رضي الله عنه : آية المنافق ثلاث ، إذا حدث كذب ، وإذا وعد أخلف ، وإذا اؤتمن خان
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте ПайғамбарымызМұхаммед (с.ғ.с.):«Мұнафиқтың үш сипаты бар.Егер сөз сөйлесе өтірік айтады,уәдеде тұрмайды, аманатқа қиянат жасайды»– дегені айтылады.Осыхадистегі аманат сөзінің астындакөп мағынабар. Мысалы, ата-анаға бала аманат,Мұсылманның абрйы мұсылманға аманат,ерге әйел аманат,басшыға қызметкер аманат. Бұлардың барлығыАлланың алдында қоластындағыларынан сұралатынын ешқашан естен шығармағаны жөн.
وقال الفضيل بن عياض: صدق الحديث، وحفظ الأمانة، وترك الخيانة، ووفاء بالعهد، وصلة الرحم، والنصيحة
لجميع المسلمين
Фузайыл Ибн Ғиаз мұсылманның сипатын былай суреттеген: шынсөйлеу,аманатты сақтау,қиянаттан алыс болу, уәдесінде тұру,туысқандық қарым-қатынасты сақтау,мұсылмандарға насихатшыл болу.
Ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы:
«Асықпаңдар!
Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, сүйектерің қазылар.
Пайғамбарды сатып отыр тілла алған,
Яһудамен бірге аттарың жазылар». – деп қиянатшылдарғаауыр теңеулермен ескерту жасаған.
Бұл күнде қиянаттың неше түріжасалатын уақытты бастан кешіріп жатырмыз.Нәпсінің қалауыменәлді әлсізді жүндей түтіп, айналасындағығатүгелдей иелік етуге дайын тұрады. Ақшасы бар жоқ-жітікке көмектесудің орнына үйі мен жерін арзан бағаға сатып алғысы келеді.Ондайда қазақ халқы:«Жыртық үйдің құдайы бар» – депқиянаттыңқұрбаны болған жандардың қарғысына қалудан қашқан.
Халқымыздың сүйкімсіз деген теңеуді әркімге қиянатжасайтын адамға беретіні Құраннан алса керек. Қиянатшыл адамАлланыңсүйіспеншілігінендеалшақ боларына мына аят дәлел. «Әнфал» сүресінің 58 аятында:
إِنَّ اللّهَ لاَ يُحِبُّ الخَائِنِينَ
«Егер өзіңмен келісім жасасқан қауымнан опасыздық нышанын байқасаң, (оларға қарсы қандай да бір шара қолданбай тұрып) жағдай екі жаққа бірдей белгілі болу үшін, оларға бұдан былай келісім күшінің жойылғандығын ашық мәлімде. Шүбәсіз, Алла опасыздарды сүймейді»– деп жасалған келісім шартты бұзудың негізгі себебін ашып көрсеткен.
Абу Һурайрадан жеткен хадисте ПайғамбарымызМұхаммед (с.ғ.с.): «Нақақтан бір мұсылманның абыройын төгу ең үлкен күнә» – дегені айтылған. (Абу Дауд).
Бұл хадистегі абырой мұсылманның жан дүниесіне қиянат жасаудан алыс болған жөн.
عن أبي هُرَيْرةَ قالَ : كانَ رسولُ اللَّهِ صلَّى اللَّهُ علَيهِ وسلَّمَ يقولُ : اللَّهمَّ إنِّي أعوذُ بِكَ منَ الجوعِ ، فإنَّهُ بئسَ الضَّجيعُ ، وأعوذُ بِكَ منَ الخيانةِ ، فإنَّها بئستِ البِطانةُ
Абу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте ПайғамбарымызМұхаммед (с.ғ.с.):«Иә, Алла,аштықтан өзіңе сиынамын.Ол қалжырап жатудың ең жаманы және қиянаттан өзіңнен пана сұраймын.Ол адамның ішіндегілерінің ең жаманы»– деп дұға жасағаны айтылады.Алладан ПайғамбарымызМұхаммед (с.ғ.с.) осылай тілеп, сұраған болса біз қалайша қиянат туралы ойламаймыз?!
Ақіреткесенген мұсылман бүгін өз амалының қандай екенін ойлап, жасаған қиянатына міндетті түрде жауап беретінін білуі керек қой.Иә, Алла біреуге пайдамыз тимеседе қиянатымыз болмаса екен.
 
Ескелді ауданның бас имамы Мұхаммед Ордыбай
 
 
 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз