Алла Тағаланың жалғыз, даралығы мен құдайлығы нақтыланғандықтан, Оған ұқсас, серіктес тәңірлердің жоқ екендігін айтуымыз қажет. Бұл жерде, Бір болуы – сандық тұрғыдағы бірлік емес, себебі, сан тізімінде орын алған әрбір бірдің жартысы немесе басқа бөлшектері бар. Өйткені, серіктес, бәсекелес тәңірдің бар екендігін мойындауда оның құдайлығын, ал ұқсасының бар екенін алға тартуда Оның Бір екендігін жоққа шығару бар. Сондықтан, жаратылыстардың барлығы «ұқсас» немесе «қарама-қайшы» жағдайда болу статусына ие. Ал бұл статустар шектеулілікті, жойлыуды білдіреді және Жаратылғандарды (тәңір секілді) бір деп айтуға кедергі келтіретін белгілер болып табылады. Алла – бір, ұқсасы жоқ, әрдайым бар, серігі, теңі жоқ. Бұл – «Оның бірде-бір ұқсасы жоқ» деген («Шура», 42/11) аяттың түсіндірмесі. Бұл мәселенің негізі мынада: теңі, ұқсасы бар нәрсе көптік статусына кіреді және екі санымен басталады. Ал оған қарама-қарсы бәсекелесі бар нәрсе жойылу статусына жатады. Себебі, бәсекелесі оның болмысын жоюы мүмкін. Сондықтан, Алладан басқа барлық нәрсенің мәңгілігін жоятын қарсыласы, жұп статусына кіруін қамтамасыз ететін ұқсасы мен теңі бар деген сөз. Бұл түсіндірмелерден Алла Тағаланың «уахид» (бір, жалғыз) екендігінің мәні ашылады. Бұл жердегі «бір» деген сөз Оның ұлылығы, заңғарлығы, құдіреті мен билігін білдірумен қатар, теңі, терісі, ұқсасы болудан ада екендігін де қамтиды. Осы жерге дейін айтылғандар негізінде былайша ой қорыта аламыз. Оған телінген барлық жаратылғандарға тән ұғымдар мен олардың білдіретін тура, тілдік мағыналарын, жаратылыстарға тән сипаттарды Аллаға телу дұрыс емес. Жетістікке жеткізуші бір Алла! Мушаббиханың (Алланы жаратылыстарға ұқсататын антропоморфистер) адасушылығы осы жерден басталған. Ақиқаттан ажыраудың себебі де осы түйіткілді мәселеде жатыр. Бұлардың әрбірі Алла туралы сонымен қатар физикалық әлемнің мүмкіндігі шеңберінде ой қорытқан. Кейбіреулері оны «айн» статусында қарастырып, әлемнің жаратушысын жоққа шығарған және Әлемнің ежелден бері өзгермегендігін алға тартқан. Ал кейбіреулері Алланың жаратылған сипаттары бар деп санаумен қатар Алланың өзі (зәтуллаһ) хадис (жаратылған) емес деген. Алладан басқаболмыстардың Оның жаратуымен пайда болғандығына сенеді. Бұлар «Хайула» жақстастары. Ал мұсылмандар (осы ағыдарға қарсы) Алланың қарсы шығу мүмкін емес «міндетті болмысына» сенуді өздерінің парызы ретінде санайды. Олар осы ақиқатты паш етіп, жаратылыстарға тән барлық сипаттарды Аллаға телуден сақтанған. Тағы бір мәселе, Алладан басқа барлық нәрсе – қай жағынан алса та, жаратылған. Егер Алла тағалада олардың біріне ұқсастық табылса, ежелгі, мәңгі сипатынан, ал басқа нәрселер жаратылғандық сипатынан айырылар еді. Барлық күш-құдірет бір Аллаға тән! Тағы да, жаратылғандар арасында әр қырынан, барлық жағынан ұқсастықтың болуы заттардың бойында көзге көрініп тұрған көптік емес бірлік қалыптастырар еді. Бұл жағдайда ұқсастық бір жағынан ғана орын алып, басқа жағдайда болмайды. Сондықтан, Алла Тағала басқа қандай да бір жаратылысқа бір қырымен ұқсас деп табылса, онда осы ерекшелігімен жаратылғандардың біріне ұқсап қалар еді де, сол арқылы Алла мен махлұқтар арасында ұқсастық, ортақтық элементі болар еді. Барлық күш-құдірет бір Аллаға ғана тән! материал «Таухид кітабынан» алынды ummet.kz
© ummet.kz