Адамды уайымнан құтқарып, кешке дейін қорғап жүретін әрі шайтанды шарасыз күйге түсіретін дұға: Әнастан (оған Алла разы болсын) Алланың Елшісі (оған Алланың игілі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үйден шығарда: «Алланың атымен Аллаға тәуекел еттім. Алланың күш қуатынан асқан ешқандай күш қуат жоқ» (БисмиЛләһ, тауаккальту ‘әлә-Ллаһ, ла хаулә уә лә къуууата иллә биЛләх) десе оған: «Сен тура жолдасың , құтылдың әрі қорғаулысың» деп айтылады. Сол кезде шайтан ол адамнан қашады да басқа шайтанға барып: «Сен тура жолдағы, құтылған әрі қорғалған адамға не істей аласың?» деп айтады» деген. Осы xадистегі "құтылды" деген сөз туралы ғалымдар: «Ол адам, адамға екі дүиеде уайым салатын нәрсенің бәрінен құтылады» деген (Әбу Дәуд).
© ummet.kz Толығырақ: https://ummet.kz/makalalar