Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде Ихсан ілімі кең көлемде насихатталып келеді. Ұлт мақтанышы Мəшһүр Жүсіп, Абай, Шəкəрім даналарымыздың еңбектерінде Ихсан ілімі жайлы көптеген мағлұматтар бар.
Ихсан ілімі жайлы Абай атамыз:
Жүректің көзі ашылса
Хақтықтық түсер сəулесі
Іштегі кірді қашырса
Адамның хикмет кеудесі. – десе.
Мəшһүр Жүсіп ғұлама: «Наданлардың жүрегі - ет жүрек. Олардың ойлайтұғыны-жаман ой, нəпсілері патша есебінде, күллі денесін сол билейді. Бір адам нəпсі соңына ермесе, дайым хылапына жүрсе, сонан соң мұның жүрегі ет жүрек болмайды көңіл болады. Көңіл болған соң, дене мемлекетіне патша есепті болады. Мұның ойлайтұғыны-Құдайдың зікір пікірі болады.»- деп керемет ой айтады.
Шəкəрім қажы атамыз да: « Алланың пендесіне рақымы мол. Сен де өзіңдей адамға мейірімді мол.» - деп жақсылық жасауға адамдықтын биік шыңынан көрінуге үндейді.
Осы жазбалар адам баласының болмысы, ар тазалығы,шынайылық,тақуалық,жомарттық пен қарапайымдылық қасиеттері жайлы хабардар етіп көркем мінездіке мелдікке жетіп толық адам болу деңгейін жан –жақты түсіндіреді.
Ихсан бұл Алланы көріп тұрғандай қорқынышпен, аса жауапкершілікпен шынайыбейнеде құлшылық жасау. Əр қандай істе, құлшылықта түзу ниет таза ойда болу. Əр бір игі, ізгі іс амалдар шынайы ықыласпен атқарылса екі дүниеде де пайдасы зор болады. Еңдеше риясыз жақсылық жасау, шынайы, көркем түрде құлшылық ету Ихсан ілімінің жемісі. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с): Расында денеде бір кесек ет бар, ол түзу болса, қалған дене бүтіндей түзеледі, ол бұзылса, қалған дене бүтіндей бұзылады. Ол–жүрек-деп текке айтпаған.
Кісінің кісілік келбетін адамгершілік қасиетін қалыптастыратын ол жүрек. Жүрек саф таза болғанда ғана рухани жан дүние ,сыртқы амал əрекет өз үйлесімін табады. Мейірім, ынсап, ар, ұят иман жүректен бастау алады. Пенденің жұдырықтай жүрегі оның тұла бойындағы əр бір ағзаға өз əсерін тигізеді екен. Ал Ихсан ілімі болса адам баласын жамандықтан надандықтан сарандықтан сақтап, жақсы сауапты істерге бастап, адам деген затына мұсылман деген атына лайықты болуға тəрбиелейтін тақуалықтын тəжін кигізетін ілім.
Шынайы көркем мінезді момын мұсылман өзімен қоса өзгеге де қамқорлық жасауға жаны құмар болып тұратыны сондықтан. Халқымызда қайырымды, мейірімді, адал,əділ иманды жанды адамгершілігі мол адам екен деп жоғары бағалаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішіге ізет білдіріп жатуы жан-дүниенің тазалығын айғақтайды.
Жүректегі қызғаныш, мақтаншақтық, тəкаппарлық дертінің емі ол - Ихсан ілімі. Алла елшісі Мұхаммед(с.ғ.с)-Алла Тағала үшін жақсы көруің немесе шариғатқа қайшы нəрсені жек көруің. Тіліңмен Алланы зікір етуің. Басқалар үшін өзіңе тілегенді тілеуің және өзіңе тілемеген нəрсені өзгеге де тілемеуін -деген. Осы хадиске амал еткен жан көптеген зиянды істерден өзін қорғай алады.Төлеби бабамыз: «Үш нəрсе,үш жерде ғана білінеді. Батырлық нəпсіңмен күресте, сабырлық-ашуланғанда, дос-оған мұқтаж болғанында»- деп өсиет қалдырыпты.
Ал ғұлама ғалым Мəулəнə Руми: «Кілемді сабаушының мақсаты-ұру емес, шаңын қағып тазалау»- депті. Пенделік ойдан арылып рухани кемелденуге шақырады. Сананы тұрмыс билеген заманда Ихсан ілімінін адам баласына тигізер пайдасы мол бола бермек.
Шәріп Серік
Панфилов ауданың бас имамы