Мешітке кірген әр бір мұсылман екі рәкат намаз оқу сүннет болып табылады. Ол намаздың аты «тахийатул мәсжид» яғни мешітке кіре салысымен жамбасы жерге тимей Әлемдердің Раббысына сәлем ретінде екі рәкат намаз оқиды оны қазақшада «Мешіт сәлемі» деп те атайды. Егер отырып қойса еске түссе тұрып оқысада болады. Абзалы мешітке кіргенде оқыған жақсы ол жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде - кім мешітке кіргенде екі рәкат намаз оқымай отырмасын». Жұма күні имам хұтба айтып жатқан кезде кірген адам бұл намазды оқымастан отыру керек. Қанша рәкат оқитынына келсек: екі рәкағат. Нәпіл намазға жатады. Ол жайында Алла Расулы (с.а.у) былай деп айтқаны келеді: «Сендердің біреулерің мешітке кірсе отырмастан бұрын екі рәкағат намаз оқысын». Мешітке сәлем намазы бір мешітте бір күнде бір рет оқыса жеткілікті. Ал егер басқа мешітке барған жағдайда мәкруһ уақыты болмаса ол мешіттеде оқу сүннет. Бұл намазды оқуды ұмытып отырып қойған кісінің мойнынан түспейді. Ибн Хиббан мынадай хадис риуаят етіледі. Расулалла (с.а.у.) Әбу Зарға (р.а.): «Уа, Әбу Зар! Мешітке берілетін сәлем бар. Ол сәлем екі рәкағат намаз. Тұр да оқы», — деген. Бір ғана мешітте сәлем намазы оқылмайды ол — Меккедегі Харам мешіті. Ол мешіттің сәлемі — ондағы Қағбаны тауап ету. Кімде-кім бір мешітке кіріп, бір жағдайлармен мешіт ақысын оқи алмаса «Субханаллаһ, уәлхамдулилләһ, уа лә ИЛӘҺӘ иллаллаһ, уаллаһу әкбар» деген дұғаны айтсада болады.
Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің
бас имамы Аман Айтбосынұлы