Екіжүзділік – ішкі дүниесі сыртқы көрінісіне қарама-қайшы адам. Екіжүзділік белгісі иманда, ісінде(амал), мінез-құлықта кездеседі. Иманға бойлаған екіжүзділік күпірлікке жетелесе, ісжүзндегі көрнісі аманатқа қиянат етуге жеткізеді. Ал, мінез-құлықтағы көрнісі арамдыққа алып барады. Мына хадисте екіжүзді адамның белгілері айтылады.
Абдулла бин Амр (р.а) риуаят етеді: « Кімнің бойында төрт белгі болса, нағыз екіжүзді. Ал, осы төртеуінің бірі табылса одан арылмайынша адамда екіжүзділік нышаны болғаны, ол: аманатқа қиянат етеді, сөйлегенде өтірік айтады, уәдесін бұзады және дауласса арамдыққа барады.» делінген. Айтылған төрт белгіден адамның екіжүзділігін аңғаруға болды.
ҚИЯНАТ – аманатқа жеңіл қарау және немқұрайлық таныту. Ал, аманат адамға табысталған мал-мүлік, ар-намыс және Алла тағала парыз еткен барлық амалдар жатады. Құран Кәрім мен Алла елшісіне(с.а.с), Аманат етілген кез келген іске қарам-қайшы әрекет етуді қиянат деп әмір еткен.
ЖАЛҒАН СӨЙЛЕУ – екіжүзділіктің негізі. Мұсылман жалқау,қорқақ болуы мүмкін. Алайда, мұсылманның тілінен өтірік сөз шықпайды. Алла жек көрген адам екі адам арасына жалған сөйлеп бір-бірін шағыстырған екіжүзді адам. Біреуге жағынып, жалтақтап жалған сөйлеуде жаман іс.
УӘДЕНІ БҰЗУ ӨТІРІКТІҢ БІР ҚЫРЫ. Құранда: «Енді Аллаға берген уәделеріне қарсы келіп, өтірік айтқандықтары үшін Алла өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне акі беткейлік салып қояды». Деп айтылады. Ия, уәдені бұзу сенімсіздік тудырады. Адамның күнделікті өмірі мен жұмысына орасан кедергі келтіреді. Ақыр соңы үлкен сауаптан мақұрым қалады. Уәде – басқалардың оған деген сенімі.
ДАУДА АРСЫЗДЫҚҚА БАРАДЫ. Екіжүзді адам кісі ақысын мойындамай,арсыздықпен оның ар-намысы мен мал-мүлкіне қол сұғады.
Бұл төрт жаман қасиет кейде мұсылманның бойынан табылуы мүмкін. Ондай болған жағдайда оған кәпір, нағыз екіжүзді деуге болмайды. Ол мінез-құлқында екіжүзділік бар адам болып есептеледі.
Қоғамда кездесетін түйткілді мәселелер адам бойындағы жаман қылықтардың кесірінен боладыны ақиқат. Елдің жүгін аманатпен арқалаған азаматтардың халықтың сеніміне селкеу тусырып қяанатқа баруы, Ақиқаты жасырып, жағынпаздану - жалған сөйлеу болады. Яғни, біреуге сөз атйтқанда өзіде өзгеде жалған екенін білсе екізүзділкі амал болады. Уәде беріп, өтірік айтадын опазызық іс болмақ. Арсыздықа бару адалдықты үміттіратін, күнаға бойалдыратын әрекет. Екіжүзділік осы талған белгілермен шектелмейді.екіжүзділік белгілері көп. Бұл адамның ниеті, іс-әрекеті, амалы және сөзінің бұзылғандыған көрмететін негізгі белгілері.
Панфилов ауданы орталық
мешітінің бас имамы
С.Шәріп