https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

НӘПСІ АПАТТАРЫ

26 Шілде 2020 0 comment Оқылды: 1292 рет

Пенденің нәпсісін тәрбиелеп, оны тазарту негізгі міндеттерінің бірі. Нәпсі тәрбиесі туралы ілімді «Тәрбиятун нафсі», «Тәзкиятун нафсі» деген сияқты т.б. атаулармен атап жатады. Тілдік тұрғыда «әт-тәзкияту» сөзі тазалау, тәрбиелеу деген мағынаны білдіреді. Ал «нәпсі» сөзі жан, адамның ішкі дүниесі деген мағыналарды білдіреді. Шариғи мағынада нәпсі тәрбиесі дегеніміз – пайдалы білім мен ізгі амал, Құдайдың бұйрықтарын орындау мен тыйымдарынан тыйылу арқылы жанды тазарту.

Құран Кәрімде Алла Тағала: «Әркім ертеңгі ақыреті үшін не жолдағандарына көңіл аударсын. Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп күнахар болудан сақтаныңдар! Шұбасыз, Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар» (Хашыр сүресі, 18) деп ескертеді. Демек біз қандайда бір амал жасасақ, оны бақылап көріп тұрушы жаратушы иеміз бар. Әрі ертеңгі күні істеген амалдарымыздан есеп тапсырамыз.

Адам өмірін қалай өткізгенін, ақыреті үшін қандай іс жасағанын ойласа, сол нәрсе оның жүрегінің тазалануына себеп болады. Үш нәрсе адамнан еш уақытта ажырамаған Ақыл, нәпсі және иман. Ғалымдар нәпсіні сәби балаға теңеген.

Хазіретті Әли (оған Алла разы болсын): «Мені мен нәпсім бір қора қой мен қойшыдаймыз. Қойшы қойдың бір жағын қайтарса, екінші жағы жайылып кете береді. Кім нәпсісін жеңіп, оның қалауларын тізгіндей алса, рақымға бөленіп, керемет топырағына көміледі, Кім жүрегіндегі асыл сезімдерді өлтірсе, лағнетке ұшырап, азап топырағына көміледі» деген.

Шал ақын атамыз:

«Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері.

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле, шайтан-пері. …» деп. Нәпсіні бөріге теңеп кеткен. Біз нәпсімізге берік болып, құрғақ қиялдарға алданып қалмаумыз керек. Нәпсінің апаттарын тоқталсақ:

Бірінші: Көп ұйықтау. Уақытымыз көп ұйықтаумен құртып аламыз. Шын мәнінде шектен тыс көп ұйықтау адамды ауыруға, азғындыққа, жалқаулыққа және немқұрайлыққа алып барады.

Екінші: Көп тамақтану. Адам аш болғанда көп ойланып, жұмыста жалқаулықсыз жетістікке жете алады. Лұқпан данышпан өзінің баласына: «Ұлым! Ұйқыда және тамақта шектен аспа. Себебі көп жеп, көп ұйықтағандар қиямет күні есеп беруге жаман жағдайда келеді. Олардың ешқандай жақсы істері болмайды» деп өсиет айтқан.

Үшінші: Тіл апаты. Сүйексіз тіл отыз екі тіспен қамалып тұрса да, көп бәлені осы тілден табып күнәға батамыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Біреуге қолымен немесе тілімен зәредей зиянын тигізбеген адам нағыз мұсылман»,- деген. Өзгелердің артынан өсек, жала және ғайбат айтып күнәхәр болып қаламыз. Сондықтан сөйлегенді сөздің жалған немесе шындығына көз жеткізген абзал.

Төртінші: Интернет желілері. Қазіргі таңда ақпарат құралдары дамыған заман екені белгілі. Алайда, кей ақпараттардың біздің өмірімізге падасы жоқ екенін біле бермейміз. Тіпті шектеулі ақылымызға көптеген ақпараттарды қабылдағымыз келеді. Бірақ өлшеулі нәрсе қабылдайтындықтан, аз ақпараттыда жадымызда сақтай алмаймыз. Сол интернет желілерінің пайдасымен қоса зияныда көп. Уақытымызды және денсаулығымызды құртуда.

Бесінші: Немқұрайлық. Әр нәрсеге мән бермей соңынан әттеген-ай деп сан соғып қаламыз. Немқұрайлықтың кесірінен Жаратушымыздың бұйрықтарына мән бермей. Қабірді, өлімді, сұрақ-жауапты және ақыретті естен шығарып қоямыз. Бұл мұсылман пендесіне жат қылық.

Шын мәнінде нәпсі апаттары көп. Алла бізге ерік жігер, ақыл ой берді. сондықтан нәпсіміздің құлы болып кетуден сақ болуымыз керек.

Кербұлақ ауданы орталық мешітінің бас имамы Яқып Айса

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз