Пайғамбарымыз (ﷺ) күн тұтылғанда қиямда ұзақ тұрып, екі рәкат намаз оқып былай деді: «Бұл құбылыстар – Алланың ұлылығын паш еткен дәлелдер. Алла осындай құбылыстармен құлдарын қорқытуды қалайды. Бұндай нәрсені көрген кезде ең соңғы парыз намазы секілді намаз оқыңдар»
(Сахих Бухари, кусуф, 1 17.) Күн тұтылса «кусуф» деп аталады, ал ай тұтылса «хусуф» деп аталады. Кусуф намазын Күн тұтылған кезде жұманы жамағатпен оқылуға рұқсаты бар имамы белгіленген жамағат болып екі рекағат нәпіл намаз ретінде оқиды. Шариғаттағы үкімі бұл намаз– Пайғамбар (ﷺ) сүннет амалы. Оқылу тәртібі Қай елде күн мен ай тұтылса сол елдің халқы жамағаты имамы азан айтпай қамат түсірмей жамағат болып екі рекат намазды жария етіп (сырттан) оқиды. Құранда Алла Тағала Фуссилат сүресінің 37 аятында:
وَمِنْ آيَاتِهِ اللَّيْلُ وَالنَّهَارُ وَالشَّمْسُ وَالْقَمَرُ لَا تَسْجُدُوا لِلشَّمْسِ وَلَا لِلْقَمَرِ وَاسْجُدُوا لِلَّهِ الَّذِي خَلَقَهُنَّ إِن كُنتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ
«Түн мен күндіз және күн мен ай – Алланың (құдіретін көрсететін) дәлелдерінен. Күнге де, айға да сәжде етпеңдер. егер құлшылық қылатын болсаңдар соларды жаратқан Аллаға сәжде етіңдер[2]. Бұл аятта Алла Тағала «сәжде етіңдер» әмірі ай мен күн тұтылғанда намаз оқу мағынасын білдіреді. Егер бұл намазды үлкен мешіт жамағатпен оқыса, абзал болады. Басқа жерлерде де бұл нәпіл намазды оқуға рұқсат. Шама келсе намаздан аяқталған соң имам күн ашылғанша жамаағатқа қарсы қарап дұға жасайды.Ал жамағат болса «әмин» деп қосылып отырады.
Текелі қаласы «Керімбек би»
мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы