Намаз сөзінің түп-төркіні дұға және тілек мағынасын білдіреді. Намаз – барлық дұға мен құлшылықты бойына жинаған ең ұлық ғибадат. Сондықтан, күнделікті бес уақыт парыз намаздармен бірге оқылатын намаздарды жүйелі сүннет намаздары делінеді. Жүйелі сүннет намаздары «мүәккад (бекітілген) сүннет» және «ғайру мүәккад (бекітілмеген) сүннет» болып екіге бөлінеді. Бес уақыт парыз намаздармен бірге оқылмайтын нәпіл намаздарға «мәндүп нәпіл» намаздары деп айтылады.
Сонымен, бекітілмеген сүннет дегеніміз – Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көпшілік жағдайында істеп, кейде атқарусыз қалдырған амал. Істелсе – сауап, істелмесе мәкруһ емес. Бекітілмеген сүннет тақырыбында күнәнің жуылуына не сауапқа итермелейтін, мұсылманның мубах уақыттарда өз еркімен атқаратын амалдары. Олар сондай-ақ мәндуб, мустахаб және әдеп деген атауларға да ие. Бұл амалдар сүннеттен кейінгі орында тұрады. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көбінесе оқыған, бірақ кейде оқымаған сүннет намаздары мыналар:
1. Екінді намазының алдындағы төрт рәкағат намаз.
Ибн Омар (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Екінді намазының алдында төрт рәкағат оқыған кісіні Алла рахымына бөлесін», – деп айтқанын жеткізген.
2. Құптан намазынан бұрын оқылатын төрт рәкағат намаз.
Бұл Абдулла ибн Муғаффал ал-Музани (Алла оған разы болсын): Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш мәрте: «Әр азан мен қамат аралығында намаз бар», – деді деп жеткізген хадисі құптанның алдында бекітілмеген сүннеттің бар екенін білдіреді. Алайда оның рәкағаттарын белгілеуде Айша анамыздың (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құптанның алдында төрт рәкағат оқитын, сосын құптаннан кейін төрт рәкағат оқитын. Кейін ұйықтайтын», – деп айтқан, және әл-Байһақидің Айшадан, сондай-ақ ан-Насаи мен ад-Дарақутныйдың Кағбтан: «Кім құптанның алдында төрт рәкағат оқыса, сол түнінде таһажжуд оқығандай болады», – деп риуаят еткен хадисі бар. Сондай-ақ Ибн Омар (Алла оған разы болсын): «Сахаба серіктерім намазды қалай оқыған болса, менде солай оқимын. Күннің шығатын және бататын мерзімдерін айтпағанда, ешкімді күндіз болсын, түнде болсын, оқығысы келген намазынан қайтармаймын!», – деген.
Бұлардың бәрі – парыз намаздарға қосымша нәпіл намаздар.
Көксу аудандық «Балпық би» мешітінің
баспасөз қызметі