https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Құранның атаулары

23 Шілде 2020 0 comment Оқылды: 1545 рет

Күллі әлемнің Раббысы, аса Үстем, екі дүниенің Патшасы, көркем сипаттардың иесі Алла Тағалаға мақтаулар мен мадақтар, және жәннәтпен Сүйіншілеуші, тозақпен Ескертуші, қараңғылыққа жарқыраған шырақ, Аллаға шақырушы, күллі әлемге мейірім болып келген Пайғамбарымыз Мухаммад Мустафаға Алла Тағала мен періштелердің және адамдардың салауаттары мен сәлемдері болсын.

Пайғамбарымызға صلى الله عليه و سلم Жәбрейіл періште арқылы Алла Тағаладан уахи етіліп түсірілген кітаптың есімдері көп. Сол есімдердің ішінде ең көп қолданылатыны және әйгілісі «Құран». Құран сөзі  قرأ‎ - оқыды деген түбір сөзден шыққан, немесе «жинау» мағынасын беретін  قرء‎ деген сөзден. Құранның бұлай аталу себебі, оның аяттар мен сүрелерді жинап, бір-біріне жалғастыруында.

Кейбір ғалымдардың айтуынша Құран сөзі Сиря тіліндегі «қасиетті кітапты оқу» немес «дәріс» мағынасын беретін «қарйана» (قريانا) сөзі сәйкес келеді. Бірақ ғалымдардың көбісі бұл сөздің негізін «қара′» түбіріне қайтарады. Қалай болса да «Құран» сөзі Пайғамбарымыздың صلى الله عليه و سلم заманында араб терминіне айналды.

Құранның бұдан басқа көптеген Құранның ішінде ишарат етілген атаулары бар. Мысалға: «әл-Фурқан», «әл-Һуда», «әз-Зикр», «әл-Хикма», «Каламу-Ллаһ», «әл-Китаб», және т.б. Ал «мусхаф» деп аталу Құранның жазылған нұсқасын айтылуға қолданылады. Бұлай аталу бастапқыда қолданылмағанымен, Әбу Бәкр رضي الله عنه Құранды жинақтағаннан кейін осы сөз оның атауына айналды. Құранға «Фурқан» деп айтылу себебі, ол ақиқат пен өтіріктің арасын айырушы болып есептеледі. Бұл айыру ақиқатты көрсету мен өтіріктің негізін жою арқылы. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде айтады: «Өзінің құлына әлемдерге ескертуші болу үшін Фурқанды түсірген (Аллаһ) Берекетті». Ал Құранның зікір екені туралы Хиджр сүресінде  айтылады: «Шын мәнінде Біз зікірді түсірдік және шын мәнінде Біз оны сақтаймыз».Бұдан мақсат - Пайғамбарымызға صلى الله عليه و سلم түсірілген Құран еске алам дегендерге зікір, уағыз тыңдаймын дегенге уағыз.

Муфассир-ғалымдар Құранның атаулары үш топтан тұратынын айтқан.

1-ші топ. Бұл Құранның заты мен болмысына ишарат ететін есімдер. 

 Әл-Құран. «Саған бұл Құранды уахи етуімізбен өзіңе қиссалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде сен бұдан бұрын әрине хабарсыз едің», Жүсіп сүресінің 3-аяты. 

 Әл-Фурқан. Ақиқат пен жалғанды айырушы, бейбіт мағынасына саятын бұл сөз Құранда 6 орында кездеседі. «Күллі әлемге ескертуші болу үшін құлына Фурқанды түсірген Алла Тағала аса жоғары», Фурқан сүресінің 1-аяты.

Әл-Китаб. Бұл сөз Құранда 230 мәрте кездеседі. «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші», Бақара сүресінің 2-аяты.

 ӘзЗикр. «Шынмәнінде Біз Зікірді(Құранды) түсірдік және шын мәнінде Біз оны сақтаймыз», Хижр сүресінің 9-аяты.

Каламу-Ллаһ (Аллаһтың сөзі): «Егер мүшриктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Аллаһтың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орынға жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін қауым екендігінен».

Әт-Танзил (түсіру): «Шын мәнінде ол (Құран) әлемдердің Раббысы түсіргені».

2-ші топ. Құранның сипаттарына ишарат ететін есімдер.

Әл-Кәрим: «Шын мәнінде ол Ардақты Құран».

Әл-Мәджид (ұлы): «Бірақ ол Ұлы Құран».

Әл-Мубарак (берекетті, мүбарак): «Саған олар аяттары туралы ойланып, ақыл иелері зікір ету үшін түсірілген Берекетті Кітап».

3-ші топ. Құранның адамдарға қалай әсер ететіні туралы. 

Әл-Һуда (тура жол): «Бұл күмән жоқ Кітап — тақуаларға тура жол».

Әр-Рахма (рахмет, мейірім): «Жақсылық жасаушыларға тура жол мен мейірім».

Ән-Нур (нұр): «Ей, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді және біз сендерге анық Нұр түсірдік!», және т.б. есімдер мен сипаттары бар.

                                             Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы

                                                         Данағұлов Алмас          

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз