https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Исламдағы түс жору

21 Шілде 2020 0 comment Оқылды: 2727 рет

Түс жору турасында қасиетті Құранда  Юсуф пайғамбарға Алла тарапынан түс жору қабілеті берілгені жайында баяндалады.

«Осылайша Юсуфты сол жерге (Мысыр жеріне) орналастырдық. Оған түс жоруды үйреттік. Алла өз істеріне қуатты, бірақ адамдардың көбі мұны білмейді». (Юсуф сүресі 21 аят)

Ал, ардақты пайғамбарымыз сас Әбу һурайрадан жеткен хадисінде: «Сүйіншілерден басқа, (енді) пайғамбарлық болмайды», - деді. Сахабалар: «Сүйіншілер деген не?», - деп сұрайды. Пайғамбар: «Ол – салиқалы түс», - деп жауап береді. Басқа риуаятта «түс - пайғамбарлықтың қырық бес бөлігінің бір бөлігі» делінген.

«Түсінде қуанышты нәрселер көрген адам түсін көкірегі ояу, адал, салихалы кісіге айтсын. Ол да түсті жақсылыққа жорысын» (Байхақи)

«Түс қалай жорылатын болса солай шығады. Сондықтан түсіңізді насихат бере алатын кісілерге немесе ғалымдарға айтыңдар»,- дейді. (Хаким)

Асыл дінімізде түстің үш түрі болатыны жайлы айтылған.

Бірінші рахмани(салихалы) түс. Яғни мәнді де мағыналы, шынайы түс. Бұл түсті көрген адамның түсі өңінде орындалады.  Алла тарапынан келген аян іспетті келешекте болатын жайттардан хабар беретін түс. Рахмани түс- жақсылықтан хабар беруші, сүйіншілеуші немесе ескертуші түс болып келеді. Және көбінесе рахмани түс таңға жуық сәресі уақытында орын алады.

Екінші шайтани түс. Бұндай түсті шайтанның үркітуі дейді. Яғни адам түсінде түсініксіз құбжық бейнелерді көруі, жоғарыдан құлау, қайтыс болған кісілерді көруі, үрейленіп қашу, басқа да шым-шытырық түсініксіз жайттарды көруі шайтани түстің белгісі болып табылады. Пайғамбарымыз сас: «Шайтани түс көрген адам шошып оянған кезде сол жағына үш рет түкіріп, «Ағуузү билләһи минәш-шайтонир-рожим» яғни «қуылған шайтаннан Аллаға сиынамын»,- деп айтып, келесі бүйіріне ауысып жатсын»,- деп бұйырған. Сонда түстің адамға ешбір зияны тимейтін болады. Сондай-ақ, садақа беріп жіберген де абзал болмақ. Ал, қазақта «түс-түлкінің боғы» деп осындай түсті айтса керек.

  Үшінші қияли түс. Бұндай түс адам ояу кезде көп ойлаған нәрселері, арман-мақсаттары, жоспарлаған жұмыстары, барған-көрген дүниелерінің түсіне енуі.   

Ардақты елші Мұхаммед сас пайғамбарымыз Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте: « Түс үш түрлі: Алладан келген сүйінші, адамның өз-өзіне айтқаны және шайтанның үркітуі. Кімде-кім көңіліне ұнаған түс көрсе, қаласа айтып берсін. Ал, көңіліне ұнамаған түс көрген болса, ешкімге айтпай, тұрып намаз оқысын»,- дейді.

Алакөл ауданының бас имамы:                                  Ә. МОЛДАХМЕТОВ

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз