Қасиетті Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 255-аяты «Аятүл- Күрсидің» алар орны ерекше. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрбір парыз намазынан кейін «Аятүл күрсиді» оқыған адамды жұмақтан тек өлім ғана бөліп тұрады» - деген. Сондай-ақ, «Аятүл-күрси» оқылған үйден шайтан қашады.
Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) Әлиге (р.а.): «Сен «Бақара» сүресіндегі «Аятүл курсиді» оқуың керек. Оның әрбір әрпінде мың береке, мың рахымшылық бар» деген болатын.
Абу Һурайра (р.а.): «Әр нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы Бақара сүресі. Бұл сүреде Құран аяттарының мырзасы Аятүл күрси бар» -деген хадис жеткізген.
Әбу Умамат (р.а.): «Кімде-кім бес уақыт намаздың соңынан Аятүл күрси оқыса, оған жәннатқа кіруіне тек өлім ғана кедергі болады»,-деген риуаят жеткізеді.
«Кімде – кім парыз етілген намаздардан кейін «Аятүл курсиді» оқитын болса, одан соңғы намазға дейін аман-есен болады».
«Үйінде Фатиха мен Аятүл күрси оқыған адамға жын мен шайтан сол күні зиян тигізе алмайды. Көз тимейді.» (Дайләми)
«Жатарда Аятүл күрси оқыған адамға шайтан жақындай алмайды.» (Шәуәһид ун нубууә)
«Әр парыз намазынан кейін Аятүл күрси оқыған адам үшін жәннатқа кіруіне ешқандай бөгет жоқ» (Нәсаи, Ибн Хиббан, Бәйһақи, Табарани)
«Үйінен шығарда Аятүл күрси оқыған адамға үйіне қайтқанға дейін жетпіс періште дұға және истиғфар етеді.» (Әйухәл уәләд илмихалы)
Аятүл күрсиді ықыласпен оқыған адамның, адам мен жануар ақыларымен парыз қарыздарынан басқа бүкіл күнәлары кешіріледі. Яғни тәубелері қабыл болады. (Ислам Ахлақы)
«Әр парыз намазынан кейін Аятүл күрси оқыған адам үшін жәннатқа кіруіне ешқандай бөгет жоқ» (Нәсаи, Ибн Хиббан, Бәйһақи, Табарани)
«Кімде-кім намаздан кейін бір рет Аятүл күрси оқыса, сол аят Арш ағлаға дейін көтеріліп, тоқтамастан әрекет етіп “Йа Рабби, мені оқыған құлыңды кешіре гөр!” - дейді. Хақ тағала мекен мен бағыттан тыс болып, “Ей періштелерім, куә болыңдар, намаздан кейін Аятүл күрсиді оқыған құлымның күнәларын кешірдім” дейді.»
«Парыз намазын бітіргеннен кейін бір рет Аятүл күрсиді оқып, 33 рет Субханаллаһ, 33 рет Әлхамдулиллаһ, 33 рет Аллаһу әкбар және бір рет “Лә илаһә иллаллаһу уаһдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуә ала кулли шәй-ин қадир” деген адамның күнәларын Алла Тағала кешіреді.»
Бұл аятта Алла тағаланың Ұлық 17 көркем есімдері қамтылған. Онда
55 сөз бар, оның әрқайсысында 55 жақсылықтан бар.
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Аллаһу ләә иләәһә илләә һуәл-Хайюл-Қайюм, ләә тәъхузуһу синәту уә ләә нәум, ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард, мән зәлләзии яшфа’ъуъ’индаһу иллә би-изниһ, иаъламу мәә бәйнә әйдиһим уә мәә халфаһум, уә ләә юхитууна бишәййм-мин ъилмиһи илләә бимәә шәә, уасиъа курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә ләә иәудуһу хифзуһумә уә һуәл-ъАлиюл-′Азиим».
Мағынасы: «(Бір) Алла, Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай (мәңгі тірі), Қаюумм (еш нәрсеге арқа сүйемей күллі болмысты бір Өзі тіреп, меңгеріп тұрушы). Ол әсте қалғымайды, Оны (ғапылдық та), ұйқы да баспайды. Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі барлық нәрсе бір Өзіне тиесілі. Оның дәргейінде рұқсатынсыз біреу үшін шапағат етіп, ара түсе алатын кім бар? Ол күллі жаратылыстың алдындағы болашағын да, артындағы өткенін де толық әрі жақсы біледі. Ал олар болса, Оның шексіз ілімінен еш нәрсені толық ұға да, меңгере де алмайды, тек Өз қалауымен ұғындырып, үйреткен нәрсесі болса, оның жөні басқа. Оның (шексіз билігінің көрінісі болған) Күрсісі күллі аспан әлемі мен жерді толық қамтыған. Күллі аспан әлемі мен жерді қызғыштай қорып, сақтап тұру Ол үшін түк те қиын емес, Ол – Алий (бәрінен биік, асқақ), Азим (бәрінен ұлы)».
Көксу аудандық «Балпық би» мешітінің
баспасөз қызметі