Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жәннаттың кілті – намаз, намаздың кілті – дәрет», – деген (Тирмизи). Хазіреті Османнан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім дәрет алса және ол дәретін барынша жақсылап алуға ынта-ықылас танытса, оның өне-бойынан күнәлары төгіледі, тіпті тырнақтарының астынан да ағып кетеді», – дейді (Муслим). Ендеше әдебіне сай дәреттің дұғаларын да ұсынып отырмыз.
Дәретті «Әъузу билләһи минәш-шайтанир ражим», «бисмилләһир рахмәнир рахим» деп бастағанан кейін төмендегі дұғалар оқылады:
Дәрет алып бастарда:
اَلحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى جَعَلَ الْمَاءَ طَهُورًاوَجَعَلَ اْلاِسْلاَمَ نُورًا
Мағынасы:
Суды тазалаушы, Исламды нұр қылған Аллаһ Тағалаға мақтау-мадақ болсын!
Ауыз шаярда:
اَللّٰهُمَّ اَسْقِنِي مِنْ حَوْضِ نَبِيِّكَ كَاْساً لاَ أَظْمَأُ بَعْدَهُ أَبَداً
Мағынасы:
Аллаһым! Маған Пайғамбардың (с.а.у.) хауызынан еш шөлдеместей бір кесе су ішкіз.
Мұрын шаярда:
اَللّٰهُمَّ لاَتَحْرِمْن۪ى رَائِحَةَ نَعِيمِكَ وَجِنَانِكَ
Мағынасы:
Аллаһым! Мені нығметтеріңнің және Жәннаттарыңның хош иісінен мақұрым етпе!
Жүз жуарда:
اَللّٰهُمَّ بَيِّضْ وَجْهِى بِنُورِكَ يَوْمَ تَبْيَضُّ وُجُوهٌ وَتَسْوَدُّ وُجُوهٌ
Мағынасы:
Аллаһым! Қаншама жүздердің ағарып, жарқырап, қаншама жүздердің қарайып, түнеретін күні жүзімді нұрыңмен ағарт, нұрландыр!
Оң қолды жуарда:
اَللّٰهُمَّ أَعْطِنِى كِتَابِى بِيَمِينِى وَحَاسِبْنِى حِسَاباً يَسِيراً
Мағынасы:
Аллаһым! Амал дәптерімді оң жағымнан бер, есебімді жеңіл ет!
Сол қолды жуарда:
اَللّٰهُمَّ لاَ تُعْطِن۪ى كِتَابِى بِشِمَالِى وَلَامِنْ وَرَاءِ ظَهْر۪ى وَلاَتُحَاسِبْنِى حِسَابًا شَدِيدًا
Мағынасы:
Аллаһым! Амал дәптерімді сол жағымнан берме, есебімді қиындатпа!
Басқа мәсіх тартарда:
اَللّٰهُمَّ غَشِّنِى بِرَحْمَتِكَ وَاَنْزِلْ عَلَىَّ مِنْ بَرَكَاتِكَ
Мағынасы:
Аллаһым! Мені рахметіңе бөле! Берекетіңді жаудыр!
Құлаққа мәсіх тартарда:
اَللّٰهُمَّ اجْعَلْنِى مِنَ الَّذ۪ينَ يَسْتَمِعُونَ الْقَوْلَ فَيَتَّبِعُونَ اَحْسَنَهُ
Мағынасы:
Аллаһым! Мені сөз тыңдап оған ең жақсы түрде бойсұнғандардан ет!
Мойынға мәсіх тартарда:
اَللّٰهُمَّ أَعْتِقْ رَقَبَتِى مِنَ النَّارِ
Мағынасы:
Аллаһым! Мойнымды оттан азат ет!
Аяқ жуарда:
اَللّٰهُمَّ ثَبِّتْ قَدَمَىَّ عَلٰى الصِّرَاطِ يَوْمَ تَزُولُ ف۪يهِ اْلأَقْدَامُ
Мағынасы:
Аллаһым! Қаншама аяқтардың таятын күні аяғымды сират көпірінде берік ет!
Дәрет алып біткен соң:
أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلٰهَ إِلاَّ اللّٰهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ وَأَشْهَدُ أنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ
اَللّٰهُمَّ اجْعَلْن۪ي مِنَ التَوَّابِينَ وَاجْعَلْن۪ي مِنَ المُتَطَهِّرِينَ
سُبْحَانَكَ اللّٰهُمَّ وبِحَمْدِكَ أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلٰهَ إِلاَّ أَنْتَ أسْتَغْفِرُكَ وأتُوبُ إِلَيْكَ
Мағынасы:
Аллаһ Тағадан басқа тәңір жоқтығына, Оның жалғыз әрі ортағы, серігі жоқ екендігіне және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін.
Аллаһым! Мені тәубе еткендерден және таза болғандардан ет!
Аллаһым! Сені барлық кемшілік атаулыдан пәктеймін. Аллаһым! Сенен басқа тәңір жоқтығына куәлік етемін. Сенен кешірім тілеп, тәубе етемін!