Мұсылман адамдарының сөздік қорындағы кейбір сөздердің қазақша мағынасы:
«Ассалаумағалейкум» - «Алланың сізге сәлемі болсын!»
«Уағалейкумассалам» -« Сізге де Алланың сәлемі болсын!»
«Сәләм» — Ұлы Алланың 99 есімінің бірі. «Әс-Сәләм» — бұл амандық беруші, есен сақтаушы деген мағынадағы сөздерге жақын. Құран Кәрімде бір рет кездесетін осы сөз Аллаға ғана қолданылады. Алланың сәлеммен сипатталуы, Оның бұл сипатқа барлық нәрседен де лайық болғандығынан. Сол себепті де Алланың құлдары арасында сәлемді жаю – Исламның ең ізгі амалдардың бірі.
«Әлхамдуллилях»-«Алла Тағалаға мақтау болсын» - деп аударылады.
«Субханаллах»-«Алла Тағала кемшіліктен пәк» деген мағынаны білдіреді.
«Аллаху әкбар!»-бұл сөз Әлемдердің Раббы-Алла Тағаланы мақтау, мадақтау болып табылады. Қазақша мағынасы: «Алла Ұлы!»
«МашаАллаһ!» - «Алла Тағаланың қалауы»деген мағына береді. Бұл сөзді Мұсылмандар көбінесе бір нәрсеге таңғалғанда айтады.
«Джазака Аллаһу хайран!» — мағынасы: «Алла Тағаланың разылығы болсын!
«Ва якум»-сізге де разы болсын!, «Ва яка»-ер адамдарға, «Ва яку»-әйел адамдарға.
«Инна Аллаху мэгэсаббирин» - «шын мәнінде Алла Тағала сабырлылармен» деген сөз.
«БаракаЛлаху» - «Алла Тағала береке болсын!»
«Лә иләхә иль Аллаһ!»-Алланың жалғыз екенін, оның сыңары да, серігі де жоқ екенін білдіретін сөз, мағынасы: «Алладан басқа тәңір жоқ!»
«Биисмилләхи Рахманир Рахим»- «Аса Қамқор әрі аса мейірімді Алла Тағаланың атымен(бастаймын!) «Биисмилләхи»- мұндағы «би»-нан жұрнағы, «исми»-«исм»-есім деген сөз, «Лләхи»-«Аллах-сөзі «Илләх» сөзінен туындаған.» «Рахман» және «Рахим» сөздері Аллахтың 99 есімінің бірі- «Ар Рахман»-Қамқор, «Ар Рахим»-Мейірімді.
«Астағфируллах!»-«Алладан кешірім сұраймын!»
«Ағузу билләхи минәш-шайтан ир Рожжим»-«Қуылған шайтанның азғыруының кесірінен Аллаға сиынамын!»