https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Дұға қабыл болуы үшін не істеу керек?

17 May 2020 0 comment Оқылды: 1031 рет

Алдымен осы не «Дұға» деген не оны қалай түсінеміз не үшін дұға жасаймыз оның пайдасы бар ма деген сұраққа жауап іздесек.
«الدعاء» – Яғни «Дұға» араб тілінде – шақыру, қалау, сұрау, жәрдем сұрау деген мағыналарды қамтиды. Бүкіл әлемді Жоқтан бар етіп Жаратушы Мәңгі тірі ешнәрсеге мұқтаж емес, ұлылығының, құдіретінің алдында өзінің әлсіз екеніндігін сезінуі. Бір нәрсені естен шығармау керек Дұғаны тек қана Алла қабыл етуші одан басқасының бәрі оған мұқтаж. Сондықтан мұсылмандар тек қана Аллаға жалбарынып дұға жасайды. Ойланып қарасақ Дұға Жаратушымен мен жаралғанның арасында көпір, байланыс, құрал секілді.
Құранда Алла тағала бұл жайында:
تُسَبِّحُ لَهُ السَّمَاوَاتُ السَّبْعُ وَالأَرْضُ وَمَن فِيهِنَّ وَإِن مِّن شَيْءٍ إِلاَّ يُسَبِّحُ بِحَمْدَهِ وَلَـكِن
لاَّ تَفْقَهُونَ تَسْبِيحَهُمْ إِنَّهُ كَانَ حَلِيماً غَفُوراً
«Жеті қабат аспан мен жер, сондай-ақ жаратылыс атаулы Алланы пәктейді. Оны мадақтап пәктемейтін еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тәсбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсындар. Шынында, Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы»[Исра сүресі, 44 аят], – дейді. Бұл аяттан тек адамзат емес Жеті аспанның, жердің, жаратылыс атаулының бәрі оны ұлықтайтынын, мәктейтінін, мадақтайтынын көреміз, ондай болған болса не біз кейде адасып не пайда не зиян бермейтін тастарға, ағаштарға қабірлерге барып мұң мұқтаждықтармыз айтып жатамыз осы аяттың өзі дәлел болмай ма. Мысалы Құранда Алла тағаланың құлына өте жақын екенін тек менен ғана сұрашы мен саған жауап берейін деген аятын қарап ойланып көрейікші.
Құранда Алла тағала Бақара сүресі, 186 аятында:
وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ فَلْيَسْتَجِيبُواْ لِي وَلْيُؤْمِنُواْ بِي لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ
«(Мұхаммед с.ғ.с) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: Мен оларға өте жақынмын, тілек тілеушінің дұғасына жауап беремін. Ендеше, олар да әмірімді қабыл етсін. Және маған сенсін. Бәлкім тура жол табар». Бұл аятта Алла ашық анық жеткізіп тұр ғой қараңызшы. Мен өте жақынмын, тілектер мен дұғаларды қабыл етемін тек бір шарты бір Алладан ған сұрау керек және оның бұйрықтарын тыйымдарын орындау керек. Біз кейде айтамыз дұға жасаймын неге қабыл болмай жатыр дейміз.
Әрине Алланың бұйрықтарын орындамай жатырмыз. Және аяттың жалғасында тек маған сенсін сол сену арқылы тура жолда боламыз. Ал енді сол жасап жатқан дұғаларымыз қашан қалай жасалған қабыл болады. Әрине оның жауабын біз өздігімізден біле алмаймыз бұл жерде екі дүние сардары ақырғы Пайғамбар Алланың сүйікті құлы Мұхаммед Пайғабар (с.а.у.) дұғаны қалай жасау керегін өзінің мүбарак хадис шарифтерінде жүздеген, тіпті мыңдаған хадистер дұғаның артықшылығы маңыздылығы қабыл болатын уақыттары жайында хадистерін кездестіруге болады. Ал енді дұға жасаудың өзіндік шарттары мен әдептеріне тоқтала кетейік.

Дұға жасаудың шарттары:

1.Тек бір Алладан сұрау
2.Шынайы ықласпен жасау
3.Адал еңбек пен адал асқа көңіл бөлу
4.Дұғаны тек Қыблаға қарап жасау
5.Дұғаны әрине кез-келген уақыт пен кез-келген орында жасаса болады. 6.Бірақта ерекше аталатын қасиетті күндер мен түндер, жерлерде жасаса нұр үстіне нұр болмақ.
7.Алла тағаланың көркем есімдерімен дұға тілеу
8.Әр нәрсенің әдебі болғандай дұғаның да әдебі бар

Дұға етудің әдептері:
1.Дәретті болу
2.Тек жақсылық тілеу
3.Аят және хадисте көрсетілгендей дұға ету
4.Дұға жасауда жалықпай тілеу
5.Дұғада әдептілік шегінен шықпау
6.Қасиетті уақыттарды таңдау. Мысалы, Арафат күні, Рамазан айы, жұма күні, т.б;
7.Дұға жасайтын орындарға көңіл бөлу. Мысалы, сәжде кезінде, азан мен қамат арасында.
8.Дұғаның қабыл болатынына кәміл сену;
9.Дұға қылуды Алланы еске алумен, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтумен бастау, Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауатпен тәмәмдау.
10.Кімнің дұғасы қабыл
11.Қиналған адамның дұғасы қабыл болады. Қиналған адамның қарғыс дұғасынан сақ болу.
12.Ата ананың баласын жасаған дұғасы қабыл болады.
13.Әділ, тақуа имамның дұғасы қабыл болады
14.Пейілі, жүрегі таза ізгі амалдарды көп жасайтынның дұғасы қабыл
15.Баланың ата анасына жасаған дұға қабыл
16.Ораза ұстағанның ауыз ашар сәтіндегі дұғасы қабыл
17.Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл
18.Жолаушының дұғасы қабыл
Қорыта келе Мұсылман тек бір Аллаға құлшыдық етеді, тек бір Аллаға дұға жасайды, бір Алланы мадақтайды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын жасаған дұға тілектерімізді Алла қабыл етсін.

«Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз