Адам баласының өмір кешкен қайсы бір қоғамында болмасын індет пен ауырудан алыс ауырмайтын пенде болмаған. Науқастанған адамға алғашқы көмек көрсетіп емдеу үшін дәрігерге жүгіну қалыпты құбылыс. Адамдардың сырқатануы мен дәрігерге деген мұхтаждығының тарихи төркіні адамның тарихымен бастау алмақ. Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с) Мәдина қаласындағы алғашқы Ислам мемлекетінің негізін қалау барысында адамдардың денсаулығына өте мұхият мән беретін. Ауырудың алдын алуға қатысты асыл сөздерін айтумен ғана шектелмей шынтуайтында амалымен көрсете білуші, дәрігерлерге деген құрметі ерекше еді. Ислам дініндегі адам денсаулығының маңыздылығы мен дәрігер, медбикенің мәртебесі жайлы қысқаша айтар болсақ.
ДӘРІГЕР
Дені саудың жаны сау демекші, бір адамды өлімнен арашалау күллі адам затты құтқарумен теңдігін[1] және науқастанған хәлде емделуді міндеттеген[2] бұл асыл діннің дәрігер мен медбикеге деген мәртебесі ерекше. Пайғамбар Мұхаммедттің (с.а.с) науқастанған адамдарды көргенде Иран мен Иеменде медецина білімін жетік игерген доктор Харис бин Кәләдаға дереу барып емделуді әмір еткен[3]. Харис бин Кәлдәнің өмір баяны жайлы жеткен хабарлардың басым көпшілігі оның мұсылман емес[4] өзге дін өкілі екендігін дәлелдейді. Бұл Пайғамбар сүннеті күллі адам баласын бөліп жармай тең құрметтеп, дүниелік істерде тәжрибелі өзге діни сенімдегі тұлғалармен ортақ қоғамның пайдасы үшін қызмет атқарудың қажеттілігін көрсетсе керек. Сонымен қатар Пайғамбар сахабаларынан бірі Убәй бин Кәғб сырқаттанып төсек тартып қалғанын ести сала, үйіне дәрігер жібергенді[5]. Бір күні әйел адамның сырқаттану себептері тұрғысында Шәмәрдил бин Қуббас әл-Кәғби ән-Нәжәрани есімдегі дәрігер Пайғамбарға арнайы келіп, өз білгендерімен бөлісіп Онымен кеңескендігі айтылады[6]. Мұнымен қатар Әбу Римса әт-Тәмими есімді доктор Пайғамбардың мазасызданғаның біліп, мұның дауасы ретінде екі жауырыны арасындағы менді ота жасап алу жайында ұсынысын білдірген[7]. Ауыр хәлдегі кейбір жаралылардың арнайы медециналық құрал арқылы отта жасайтын қабілетті хирург докторлардың Пайғамбар мен бірге болғандығының дәлелі. Мұнымен қатар дәрігерлік қызмет атқарғандардың арасында жолдасы Жағпар бин Әбу Тәліб пен бірге Хабашистанға хижрет жасаған Әсма бинт Умәйісті айтуға болады[8] Әсма Алла елшісі (с.а.с) төсек тартып жатқан сәтінде өзгелердің қарсылығына қарамай, Оған арнайы шөптен жасалған дәрі ішкізу қажет екенін айтқан көрінеді[9] және бұл дәріні ішкізген жағдайда Пайғамбардың тәуір болып жазылатынын білдірген. Әсама өте тәжірибелі дәрігер еді, Пайғамбардың кеңесімен талай ауыруға қарсы тұратын түрлі дәрумендер жасайтын. Сондай-ақ медецина саласындағы мол білімін Хабешистанда қалған күндерінде сол қаланың танымал докторларынан үйренген.
МЕДБИКЕ
Медицинада дәрігердің көмекшілік қызметін атқаратын медбикелерден баян етер болсақ. Бұл мәселені баста айтқым келеді, медбикелер көбіне әйел адамдар күнімізде көріп жүргеніміздей. Пайғамбар (с.а.с) дәуірінде де құдды бүгінгідей дәрігердің жанында жәрдемші әйел адамдар болған деседі. Сондықтан бұл саланың мамандары барынша тарихтан күнімізде әйел адамдарға арналған десек артық айтпаған болар едік. Алла елшісінің заманында әйел медбикелер Онымен бірге түрлі сапарлар мен жорықтарға қатысқан. Жарақаттанған жандарға жәрдемдесіп, қажетті алғашқы көмектерін көрсеткен[10]. Дін дұшпандарымен болған Хайбар шайқасына қатысу үшін өз еркімен алты әйелдін Алла елшісінің алдына келгендігі айтылады. Пайғамбар бұлардың не үшін жорыққа қатысқысы келетіндерін сұрағанда, өздерінің медбике екенін және өздерімен бірге бірнеше дәрі-дәрмек алғанын, жорық кезінде жарахаттанғандарға жәрдемдесетінін білдіргеннен кейін Алла елшісі оларға рұқсат берген. Сол жорық кезінде ауыр жарақаттанған, Пайғамбардын ең жақын сахабасы Сағд бин Муғазды емдеу үшін лезде бір шатыр құрып жанында болып, алғашқы көмек көрсетіп ем-дом жасаған Руқая әл-Ансари есімді әйел медбике екендігі баяндалады[11].
Қорыта келгенде күллі адамзатқа бақытты өмір сүру жолын үйреткен Әз Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с) сүннетінде дәрігерлер мен медбикелердің мәртебесі биік, жоғары құрметпен қадірленгендігі белгілі. Олардың сенімі мен тіліне, ер-әйел тегіне қарамастан тең көріп қолдау көрсеткен. Пайғамбар тек діни іліммен шұғылдануды насихаттамай қоғамға қажетті маман иесі болуды да үндеген. Бүгінде түрлі жұқпалы індеттің жаппай адам баласын жойып алаңға салған сәтінде қоғамда білікті дәрігерлерге мұқтаждығы айқын. Олай болса өз жандарын біздер үшін артық көрген ақ халатты абзал дәрігерлер мен медбикелердің мәртебесін дін ислам осыдан он төрт ғасыр бұрын баяндап айтып кеткен. Алла елімізге амандық, жұртымызға тыныштық берсін!
Тимур Нүсіпханұлы
[1] Мәйда 5/ 32
[2] Ахмат бин Ханбал 337,413,443.
[3] Әбу Дәуіт, тыбб,12.
[4] Абдуллаһ. Көшә, Харис бин Хәләда. ДИА. Стамбұл 1997.
[5] Ахмат бин Ханбал 315, Мүслім73.
[6] Ибн Хажар, әл-Асаба, V, 140.
[7] Өзтүрк. Ислам тыб тарихі үзеріне инжелемелер, 63.
[8] Әл-хузари, тахрижуд- дәләлати-самғия,106.
[9] Ибн Сағд, Китабут табақат кәбир, II,208.
[10] Дәрими, Жихад,30.
[11] Әл-Айни, Умдетул-Қари, IV, 239.