Аллаға сансыз шүкір, пайғамбарымызға салауаттар болсын. Бабаларымыздың «Ауру астан деген» ұлағатты сөзін қəзіргі медицинамен дəлелденген. Адам баласының игілігіне жаратылған жануарларды шариғи жолмен соймаса жеу адал емес.
Мал сою кезінде халал болу шарттар:
- шарты Мал соятын адам – ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болуы керек! Мал союшы есін білмейтін бала болса, бауыздалғаны харам. Ал, егер «муммяз» яғни үлкен жеті жастан асқан əрі союдың мəнісін түсінетін бала болса, бауыздағаны халал болады.
- Шарт мал союшы адам мұсылман яда аһли (Өздеріне кітап берілгендер) кітаптан борлуы қажет. Себебі Аллаһ тағала құран кәрімде былай диді: Мәида сүресінің 5-аятында «Өздеріне кітап берілгендердің тағамдары сендерге халал» деген. Қазіргі аһли кітаптарға келер болсақ тәпсірші ибн Кәсир осы аятты тәпсірлегенде «Олар Аллаһтың есімін айтып соятын болса малдарын жеу халал болады» деген. Сол себепті кәзіргі мұсылмандар осыған мән беруі қажет.
- шарты Малды «Бисмиллаһ» деп сою керек жəне «Аллаһу Акбар» деп қосса абзал болады. Яғни «Бисмиллаһ Аллаһу акбар» деп айту. «Анғам» сүресінің 145-аятында Алла Тағала: «Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам»,-деп ескертеді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын, былай деген: «Расында, мен сендердің пұттарға арнап бауыздағандарыңды жəне Аллаһтың аты аталмай бауыздалғанды жемеймін!» «Бисмиллаһ»,-деп айтқанына біраз уақыт өтіп кетсе (пышақ қайрайтын болса) қайтадан Бисмиллаһ деп айтады. Кейбір ғалымдарымыз егер Бисмиллаһты айтуды умытқан жағдайда сойылған малдың етін жеуді халал деген. Аяттағы Бисмиллаһ айтылмастан жеуге руқсат етілмеген мал әдейіге тасталған болса деп түсіндірген. Бірнеше малды бірінен соң бірін соятын кісі əрбірі үшін бөлек бөлек «бисмиллаһ» айтуы керек болады. Бір малды екі кісі соятын болса екеуінің де «бисмиллаһ» айтуы керек болады.
- Шарты сойылатын мал забх (Тамақтың жоғары жағыннан бауыздалуы) немесе нахр (Тамақтың төменгі жағыннан кесу бұл түйе сойғанда қолданылады) жасалуы арқылы союлуы қажет. Егер малды тоқпен ұру арқылы немесе ауыр затпен ұру арқылы және басқаша жолдар арқылы сойылса халал болмайды.
Мұсылмандар ет алғанда осы шарттарға сай сойылдыма соған қатты мән беруі қажет.
Мал союдағы əдептермен тыйымдар
Малды мейіріммен сою қажет. Азаптауға болмайды! Ардақты Пайғамбарымыз (с. а. с) айтады: "Аллаһ Тағала барлык нəрсені жақсылап істеуді бұйырды" , сондықтан малды сойсандар алдын ала пышақты қайрандар жануарды қинамаңдар. Деген -Малдың көзінше жалаңдатып пышақ қайрауға болмайды, өйткені малдың да түсінігі мен сезімі бар. - Желкесінен бастап союға болмайды; - Малды екінші бір малдың көзінше союға болмайды; - Мал мен құсты электр тоғы бар құрылғы, балға, балта жəне тағы да басқа құралдармен ауыр жарақат тигізіп талдыруға болмайды. - Соятын құрал өткір болу керек. Тіс пен тырнақтан басқа кез келген өткір құрал малды союға жарамды. Жүзі дұрыс өтпейтін құралмен бауыздауға болмайды, өйткені ол жануарды қинап өлтіру болып саналады. Сондықтан, малды азаптамай тез сою үшін құрал міндетті түрде өткір болу керек. Малдың жаны бойынан толық шығып болғанға дейін: - Мойнын сындыруға болмайды. Мойнын сындырса, мал қиналып өліп кетеді де қаны етте қалып қояды. - Басын денесінен бөлуге; - Терісін сындыруға; - Ыстық суға салып жүнін жұлуға; - Дене мүшесінен қандайда бір бөлшегін əлде бір жерін шауып (кесіп) алуға болмайды. Дұрысы, қаны мен жаны шығып кеткенше жатқызып қою керек. Мал союдың тəртібі - Мал сойылатын жердің таза болуына көңіл бөлу; - Тізе бойындай қылып шұңқыр қазылады; - Сойылатын жерге малды ұрмай – соқпай апару; - Малдың көздері (матамен) байланады; - Қыблаға қаратылып сол жағымен жатқызылады; - Екі алдыңғы аяғы мен бір артқы аяғы қоса байланады; - Пышақты малға көрсетпей қайрап келу; - «Бисмиллаһи Аллаһу Акбар»,-деп айту; - Малдың мойнында өңеш, кеңірдек жəне екі жағында екі тамырын бір мезетте кесу керек; - Малдың қаны толық ағып болғанша жəне жаны шыққанша күтіледі; - Мал сойылғаннан кейін сол маңайдың тазалығына да көңіл бөлу керек. Малдың қан-жүнін ашық-шашық далаға қалдырмай, көміп тастаған жөн. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Алла Тағала барлық нəрсені жақсылап істеуді бұйырды, сондықтан, малды сойсаңдар, дұрыстап сойыңдар», — деген сөзін естен шығармайық, бауырлар!
Панфилов ауданы орталық мешітінің бас имамы Серік Шәріп