Қазақта "Атаның баласы болма, адамның баласы бол" деген жақсы сөз бар. Оның мәнін ашып, тереңіне үңілетін болсақ, адамшылықты алға тартып, жақсы адам болуды мақсат ет дегенге саяды. Ислам дініміщ де адамның "идеалды" болып қалыптасуын түрлі санаттарға бөліп, өзінің адам тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын дәлелдеген.
Қазіргі кезде әдемнің түкпір-түкпірінде адамды бар жағынан жетілдіріп, мінезін дұрыстап, әлгі ел айтатын "Жұрттың баласы" секілді керемет тұлға болуға көмектесетін тренингтер өткізеді. Нәтиже аздау әрине. Ал, исламда ең жақсы адам деген кім?! Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) айтады:
"Араларвңдағы ең жақсыларың білім алып, оны өзгеге үйреткендерің" деп. Демек адамзаттың асылы білімді адамның өзгеден озық болатынын айта отырып, өзінің үмметінің ілімге назар аударуын қатаң тапсырған. Сондықтан да болар, білім мгсылмандықтың 40 парызының бірі болды.
Осы хадистің төңірегінде біраз тарқатып, жақсы адам болудың жәй-жапсарын анықтап көрейік. Ілім алған адам исламды тереңірек түсінгендіктен, Жаратушы Иеміздің бұйрығына бойұсынып, тиымынан тиылуға талпынатын тұлға. Демек, адам білім алу арқылы Алланың тәрбиесіне енеді.Ал, аспан-жерді алты күнде жаратқан және мүлдем шаршамаған Алланың тәрбиесі адамды тек жақсылыққа жетелесүйіншіленудіЖақсы адам болуда үлкен еңбек пен таусылмас төзім керек. Осы мақалада жақсы адам болып қалыптасудың бірнеше әдістерін айтуды жөн көріп отырмын.
- "Жақсы сөз сөйле, болмаса үндеме"
Көпшілік ортада, қоғамдық көлікте, үйіңізде керексіз сөздерді сөйлемеуге тырысыңыз. Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын деген қазекеңнің қанатты сөзін естен шығармаңыз.
- Жан дүниеңізді таза ұстаңыз.
Өзгелерге деген жаман ой ойлаудан аулақ болыңыз. Себебі ол сізді жақсылыққа жеткізбейді. Құранда Алла Тағала айтады:
"Араларыңда кімнің жақсы, кімніғ жаман екенін мен білемін" деген аят бар. Жүректердегіні білетін Жаратушының алдында "жексұрын" болмаңыз. Құмыраның ішінде қандай су болса сыртқа сол шығады дейді. Жаныңызды таза ұстасаңыз сөзіңіз де әдемі болады. Ол-сіздің жақсы адам болып қалыптасудағы үлкен көмекшіңіз.
- Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз.
Өзіңізді қалыптастыруда мұның рөлі зор. Егер сіз әр жерге кешігіп жүрсеңіз, болмаса сауық-сайранға уақытыңыздың көп бөлігін арнасаңыз сіздіғ әлі мақсат жолында өзіңізге өзіңіз кедергі жасайсыщ. Абай атамыз айтпақшы, сағаттың сыртылдағы ермек емес екенін жадыңызға тоқыңыз.
- Күліп жүріңіз
Адамдарға күле қарауыңыздың өзі сауапты амалға жататынын естен шығармаңыз. Айналаңыздағы адамдарға жылулық сыйлау арқылы өзіңіздің жақсы адам болуыңызға үлес қосыңыз.
- Құранға белгілі уақыт бөліңіз.
Тұрақтылық-сіздің тату досыңыз болсын осы тұрғыда. Нәпсіңізді тедеп ұстап, әр әрпіне сауап жазылатын Киелі Кітапты мағынасын түсіне оқуыңыз-сіздің өрісіңізді кейейтеді. Алланы жақынырақ тани бастайсыз. Алланы жақын танитын адам әсте даман адам болуы мүмкін емес
Осы айтылған кеңестерге құлақ түріп, әдетіңізге айналдырыңыщ. Әдетініз-мінезіңізге, мінезіңіз-тағдырыңызға айналатынын ешқашан естен шығармаңыз. Бүкіл әлемдегі адамдар бір сапқа тұрып есеп беретін күні пәленшенің баласы түгенше дақсы адам деп аталып, Жәннатпен сүйіншіленуді сізге де бізге де нәсіп етсін!
Панфилов ауданы орталық мешітінің бас имамы Серік Шәріп