Ең таза және Алла алдында қабыл болатын Ислам дінінде Күншілдікке жол бермейді, өйткені ол сипатты Алла пендесінің бойында болғанды қаламайды. Күншілдік сізбен біздің жаздың аптап ыстығына сабыр етіп, қатты аяздарда мойымай жиып терген ізгі амалдарымызды яғни сауаптарды жоятын жек көрілген жаман қасиет.
Күншілдік дегеніміз – адам мінезіндегі ішітарлық, көре алмаушылық, қызғаншақтықты білдіретін жағымсыз қасиет. Күншіл адам басқа адамдардың қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін, атқарған ізгі амалдарына қызғанышпен қарап, оларды жақтырмай, сыртынан өтірік-өсектер жатады. Бір мүбарак хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) «Көреалмаушылықтан сақ болыңдар. Өйткені, көреалмаушылық адамның ізгі-сауап амалдарын от (ағаш) отынды жандырып жібергендей жоқ етеді» (Әбу Дәуіт). Ал, тағы бір хадисте Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқандары келтіріледі: «Үш нәрседен ешкім құтыла алмайды, егер төмендегідей істемесе: Біріншіден: Егер көреалмаушылық болса, дұшпандық істемеу; Екіншіден: Күмәнданса, шын деп білмеу; Үшіншіден: Жаман ой келсе, оны өткізіп жіберу», - деген екен. Абу Хурайра (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздан (ﷺ) естідім дейді. Оның жеткізуі бойынша: «Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір-бірлеріңізді жек көрмеңіздер, бір-бірлеріңізге көреалмаушылық істемеңіздер, сауданың бағасын бір-бірлеріңізден асырмаңыздар. Алланың дос пенделері болыңыздар» деп өсиет қалдырған.
Ізгілерден қалған жақсы сөз бар ( Алла оларға разы болсын) айтады: «Күншілдіктен зиянды нәрсе жоқ. Күншілдік күндеуші адамға бес азапты алып келеді:
Біріншіден: Уайым үзілмейді;
Екіншіден: Басына қасірет келеді, істеген ісіне сауап жазылмайды; Үшіншіден: Басына жаманшылық келеді;
Төртіншіден: Алла Тағаланың азабы келеді;
Бесіншіден: Оған тауфиқ есіктері жабылады».
Ахнаф ибн Қаис: «Көреалмаушыларға ешқашан рахат жоқ. Сараңдарда байсалдылық жоқ. Шыдамсыз адамдарда дос жоқ. Өтірікшілерде батылдылық жоқ. Қиянатшылдарда пікір жоқ. Мінезі жаман адамда басшылық жоқ» деген екен. Күншілдің дұғасы қабыл болмайды «Үш адамның дұғасы қабыл болмайды: 1. Харамды жеуші, 2. Көп ғайбат айтушы, 3. Көреалмаушылығы болған адам» деп айтқан. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): « Көреалмаушылықты мына екі топ адам істесе болады: Бір адамға Алла Тағала Құранды берген болса, ол адам Құранды күндіз-түні оқыса; Бір адамға Алла Тағала мал-дүние берген болса, ол мал-дүниесінен күндіз-түні және жасырын түрде кедейлерге садақа беріп тұрған болса», - деген.
Қорытындылай келе көреалмаушылық, реніш, жеккөрушілік сияқты сезімдер адамды теріс жолға итермелеп соңы жақсылыққы апармайды. Сондықтан, әр адам өзін дер кезінде қолға алып, жағымсыз әсерлерді позитивті сезімдерге алмастырып үйренгені жөн болады.
Көреалмаушылықтан қалай құтылуға болады. Ең алдымен бұны Алла арам еткенін естен шығармауы керек.Ол жайында. Сахабалар (Алла оларға разы болсын) – Уа, Алланың Елшісі (ﷺ)! Ол жамандықтардан қалай құтылуға болады? – деп сұрады. Пайғамбар (ﷺ): «Егер көреалмаушылық жасасаң, Алладан кешірім сұра. Жаман ой келсе, оны қазбалама. Бал ашып қойсаң (білместікпен), соған қарай әрекетіңді жасай бер, – деп жауап берген екен» (Табарани). Үш нәрсе менің үмметіме жабысып жүреді: бал ашу, көреалмаушылық және жаман ой, – деді Пайғамбар (ﷺ). Сонда біреу: Әли (Алла оларға разы болсын): «Көреалмаушыда – тыныштық жоқ, күйгелекте – бауыр жоқ, мінезі жаманның – досы жоқ», – деген екен. Мұғауия (Алла оларға разы болсын): «Барлық адамның көңілін тауып, риза ете аламын. Тек көрелмаушының көңілін таппадым. Өйткені, оның көңілі тек кісіге берілген нығметтің кетуімен көншиді…», – деген екен. Алла баршымызды көреалмаушылықтан сақтасын, жасаған ізгі амалдарымызды Алла қабыл етсін Әмин.
Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің
бас имамы Аман Айтбосынұлы