https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Рухани тұғырнама рух берері сөзсіз

02 Nov 2019 0 comment Оқылды: 816 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 23 қазанда Нұр-Сұлтандағы өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы баршамызға үлкен ой салды.
Олай дейтініміз, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолымен жүрген қалың қазақ елінде дала заңымен қабылданған Тәуке ханның Жеті Жарғысы дала елін бірізділікпен, бір жолмен жүріп, Қазақ хандығының нығая түсуіне үлкен септігін тигізді.
Жеті жарғы – қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы болып табылса, Жеті жарғыны топтастыруға үлкен үлесін қосқан Мүсірәлі Сопы Әзиз жарғыға қатысты заң баптарын шариғат нұрымен айшықтап, мұсылмандық талаптар енгізген. Атап айтқанда, :
1. Пенделік – пенделерлің Алланың алдында тең құқыққа ие болуы және Ислам жолымен жүру міндеттілігі.
2. Тіл – әр халықтың өз ана тілін білу, қадірлеу перзенттің парызы.
3. Өмір – барша тіршілікпен адам үйлесім тауып, өмір сүріп, тепе-теңдікті сақтау.
4. Туыстық қатынас – Жеті атадан аспай қыз алып, қыз беруге тыйым салынсын.
5. Аралас некеге тыйым – адамның қанын таза ұстау, жүрегі мейірімді, ұлтжанды, парасатты болып өмір сүру үшін аралас некеге тыйым салу.
6. Теңдік – жеке адамдардың, батырлар мен күш иелерінің басынбауы.
7. Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – әр бір ұлт азамытының міндеті.
8. Адал болу – өш алу, қан төгу арқылы қарымта алуға тыйым салынсын.
9. Отбасы бірлігі – отбасы бірлігін сақтап, ел-жұртқа адал болу.
10. Жеті жарғыны негізге алу.
баптарын енгізген. Мүсірәлі Сопы Әзиздің жарлығы Жеті жарғымен бірдей халық тұрмысында кеңінен қолданған.
Осы заңдар қазақ елінің бірігуін, бірлігінің нығаюуын, ынтымақ пен үйлесімділікте өмір сүріп, мемлекеттілігін құрып алуына себеп болса, «Жеті рухани қазық» атты Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы тәуелсіздігіміздің одан әрі баянды болуына, өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, қоғамды еңбекқорлық пен ұлтжандылыққа, имандылық пен әділдікке үйретуге үлкен септігін тигізеді деген сенімдеміз, соған сенеміз де.
Аталмыш тұғырнама имамдар арасында ғана насихатталмай, барлық қоғамдық орындарда: мешіттерде, оқу орындарында, бала-бақшаларда, мемлекеттік ұйымдарда, БАҚ-та кеңінен насихат жұмыстарын жүргізуіне барынша үлес қосуға дайынбыз.

Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы

Талдықорған өңірінің бас имамы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз