https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Адамды мақтауға бола ма?

10 Oct 2019 0 comment Оқылды: 1444 рет

Қазақ халқында «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын» деп игі жақсы кісілердің ізгіліктерін насихаттап, басқаларға үлгі-өнеге етіп жатады. Дінімізде де адамды жігерлендіру, талаптандыру үшін айтылса рұқсат етіледі.
Мысалы:Пайғамбарымыздың (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) “Менен кейін пайғамбар келгенде, ол Хаттабұлы Омар болар еді”, «Шайтан Сенің бір жолмен келе жатқаныңды көрсе, екінші жолға қашады», сонымен қоса көзінің тірісінде Жәннатпен сүйіншіленгеніне және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көптеген марапаттарына ие болғанына қарамастан хазіреті Омар (Алла ол кісіден разы болсын) осы амалдарымен ақыретте құтыла алатындығына арқа сүйеп кетпей, “құлшылықты қажеттілігіне сай өтей алдым ба?” деп, үнемі үміт пен үрейдің арасында жүретін. Оның “бір адамның Жәннатқа, қалғандарының тозаққа кететінін білсем, жәннаттық адам мен боламын ба деп үміттенемін. Бір адамның Тозаққа, қалғандарының тегіс жұмаққа баратынын білсем, тозақтық ол адам тағы мен боламын ба деп қорқамын” деген сыры терең, сыны биік сөздері көпшілікке мәлім. Алла Елшісінің (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) осы сөздерін мақтауға жатқызса болады. Алайда Алла Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) бұл сөздерді Омардың (Алла ол кісіден разы болсын) өзімшілдікке түспейтінін білуі себепті айтқаны рас.
Әсілі, мақтау айту дегеніміз бір адамның бойындағы ізгі қасиеттерге сүйсінгендіктен көмейден шығатын жылы лебіз. Әгәрәки, мақтау – сүйсінгендіктен емес, асыра мақтап, шашбауын көтеру тұрғысында айтылса, онда бұл көз бояу, риякерлік әрекетке жатады.
Шындықты айтып болса да біреуді бетпе-бет мақтау пәлекетке ұрындыруы мүмкін. Себебі, мақтауды естіген жан масайрап, даңдайсып, өзін өзгелерден жоғары санап, ақиқатты көрмейтін, тәкәппарлық секілді жаман мінездерге ұрынуы әбден мүмкін. Алла Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) бір адам келесі бір адамды көзінше мақтай жөнелгенінде: «Сендер бұл адамды өлтірдіңдер(омыртқасын сындырдыңдар)» деп, адамдарды көзбе-көз мақтауға тиым салған еді.
Тіпті, көзбе-көз біреуге мақтау айтылса, Алла Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын): «Көзінше мақтау айтса, жүзіне топырақ шашыңыз» деп, үмбетін мақтаудың алдын алуға шақырған болатын. Тағы бірде бір кісіні мақтаған адамға, «Сен басыңа бәле тілеп алдың. Сен бауырыңды бауыздадың ғой, бауыздадың», деді, содан кейін, «Сендерден кім жолдасын мақтағысы келсе: «Мен пәленшені былай деп ойлаймын» – десін. Егер ол расында сондай болса, оның есебін Алла Тағала соның өзінен алады. Алла Тағаланың алдында біреуді тым асыра мақтауға болмайды» –деп өсиет еткен.
Расында, мақтау естігеннің пенденің кейбірі өзін нық ұстап, өзінің құл екенін естен шығарып алуы ықтимал. Ертең орны толмас қайғыға душар болатын, күнә іске итермелейтін орынсыз мақтаулардан шектенгеніміз дұрыс.


Ақсу аудандық орталық мешіті

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз