https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Қабірдегі сұрақтан босатылатын жеті адам

26 Sep 2019 0 comment Оқылды: 3078 рет

Алдымен өмір мен өлім жайында сөз қозғасақ. Абай атамыз айтқандай тумақ барда өлмек бар.
Құрани Кәримде Әл – Имран сүресінің 185 аятында Алла Тағала «Әр бір тіршілік иесі өлім дәмін татады» демек, әр бір жан иесінің осы жалған өмірде мәңгі қалмайтынын көреміз. Қазақта дәм тұзы таусылды, қайтты, қайтыс болды деп айтып жататынымыз осыдан. Қандай адам болсын топан суға кетеме, бүкіл денесі өрт шалсада, күлге айналсада, міндетті түрде қабір әлеміне барады. Ең алғашқы сұрақта осы қабірде басталады ақырет үшін жинаған амалының жақсылығын бірінші қабірде көреді. Егер пенде өмірін шынайы Аллаға арнаса, тақуалықпен, құлшылықпен жақсы ізгі амалдармен өткізсе ол адамның қабірі жәннаттың бір бақшасына, егер керісінше құлшылықсыз, амалдаының бәрі Алла үшін болмаса оның қабірі тозақтың бір шұңқырларына айналады. Алланың елшісі Мұхаммед (с.а.у.) бір хадисінде: «Қабір жаннат бақтарынан бір бақ немесе тозақ шұңқырларынан бір шұңқыр». Кейде жаны шыққанды өліпті, өлді деп жатамыз негізінде өлу деген жоқ болып кету емес, осы жалған дүниеден шығып ақыретке аттануы деген сөз. Адам жан тәслім хәліндегі жағдайды Имам Ғазали былай білдіреді: Адамның өлімі жақындаған кезде төрт періште келеді. Адамның рухын бұл періштелердің біреуі оң аяғынан, біреуі сол аяғынан, ендігі біреуі оң қолынан, тағы біреуі сол қолынан тартады. Көбінесе рухы алқымына келмей жатып, ол адам періштелер әлемін көре бастайды. Періштелерді, олардың істеп жатқан ісінің ақиқатын, солардың әлемінде тұрып көреді. Егер ол адамның тілі сөйлейтін болса, періштелердің көрінісінен хабар береді. Көбінесе көрген нәрселерін шайтанның ісі екен деп ойлап қалады. Тілі тұтылып қалғанша қимылсыз қалады. Бұл жағдайда да әлгі періштелер рухын саусақтарының ұштарынан тартады. Тынысы қырылдап қалады. Күнаһардың рухы сулы жүнге салынған тікеннің суырылып алынғаныдай алынады, мұны адамзаттың ең үстемі болған Пайғамбарымыз алейһиссалам хабар берді. Бұл жағдайда мәйіт қарнын тікенмен толғандай сезінеді. Рухын иненің тесігіндей тесіктен шығарып, көк пен жер бітісіп, өзін соның арасында езіліп қалғандай деп ойлайды. Хазреті Кағбтан сұраған екен:
- Өлім қалай болады – деп сұралғанда,
- Бір шоқ тікенді (шеңгелді) бір адамның ішіне салып қойған. Күшті бір адам сол тікенді аузынан суырып алуда. Тікендер кескен жерін кесіп, қалғаны қалады. Міне өлім осындай болады. – деп жауап береді.
Жан тапсыруы жан беру ол оңай емес екенін ұғамыз. Міне сол уақытта адамның денесі терлейді. Көздері тез жылдамдықпен екі жаққа кетеді. Мұрнының екі жаны тартылады. Омырау сүйектері көтеріледі, тынысы тарылады, түсі сарғаяды. Осы көріністен кейін адамның бұл жалған дүниеде қалушы емес, жолаушы көреміз. Егер жанымыздың қиналмай шыққанын қаласақ күнде Алланың парыз еткен құлшылығын, ізгі амалдар мен дұғаны көбірек жасау керек. Өлім – адамның бір халден басқа халге енуі ғана, Омар бин Абдулазиздің (р.а.) бір сөзінде «Сендер тек қана мәңгілік үшін жаратылдыңдар. Бірақ бір үйден екінші бір үйге көшесіңдер».
Адам қабірге қойылғаннан кейін Алланың рұқсатымен екі періште ол адамды сұрақа алаты жайында хадисте айтылған. Адам көмілгеннен кейін, оған екі періште келеді. Бұлардың бірі Мүнкәр, екіншісі Накір есімді екі періште. Өлген кісіге Алланың бұйрығымен оған рухын қайтарады да, сұраушының сұрағын түсінерліктей өлім мен тіршіліктің арасында орташа бір халде тірілтеді де, сезімдері мен ақылын қайтарады. Сөйтіп, ол сұралған кезде жауап беруге шамасы келеді, сол кезде оған екі періште: Раббың кім?, дінің не? және сендерге жіберілген кісі жөнінде не айтасың? деп сұрағанда мүмін адам: Раббым – Алла, дінім – Ислам, бізге жіберілген пайғамбар – Мұхаммед ﴾с.а.у﴿ деп жауап береді. Сонда екі періште оған: «ана тозақтағы орныңа қара! Алла оны саған жәннаттағы бір орынмен ауыстырып қойды», - деп баян етеді. Бұдан кейін қабір жетпіс есе кеңейтіліп, жап-жарық болып нұрға толады. Ал дінсіз немесе екіжүзді адам болса: «білмеймін, ол жайында адамдар не айтса, соны айтар едім»,-дейді. Сонда періштелер: «сен оны айтпадың да, білгің де келмеді»,-дейді. Кейін оған лайықты азап беріледі. Періштелер жерге: «оны қыс», - деп әмір етеді. Жер адамды қысады да, оның қабырғалары бір-біріне кіріп кетеді.
Алла ол адамды қайта тірілетін күнге дейін азаптайды. Сахаба Осман ибн Аффан (р.а.) қабір қасында отырып қатты жылайды. Қасындағылар жәннат пен тозақты ойлап жыладыңыз ба? - деп сұрайд, - жоқ, оған емес, ақиқатында, қабір-ақырет мекендерінің бірі, кім қабірдің сұрағынан жеңіл құтылса, одан кейінгі сұрақтар жеңіл болады, -деді.
Кім қабір азабынан құтылу үшін Намаздарға бекем болу, садақаға көңіл бөлу, Алланың кітабы Құранмен дос болу, Алланы көп дәріптеу. Өсек, өтіріктен аулақ болу, аманатқа қиянат жасамау, кіші дәреттен сақ болу. Қабірің кең немесе тар болуы, ол адамның өзінің таңдауы. Әбу Бакр (р.а.) айтады: Ақыретіне еш азық жинамай өмірден өткен адам, бейне бір ашық теңізге кемесіз тасталынған адаммен тең.
Олай болса қаншалықты дайынбыз өзімізді бір есепке алып қояйық. Қабірдегі сұрақтан жеті түрлі адам құтылады біріншісі:
Бірінші: Алла жолында өмір сүрген бұйрықтарын бұлжытпай орындаған.
Екінші: Шекараны қорғаушы
Үшінші: Оба ауруымен ауырып жан тапсырған адам
Төртінші: Шыншыл, Аллаға шынайы иман келтірген, ізгі амалын шыншылдығымен дәлелдеген кісі
Бесінші: Жастай шетінеген барлық сәбилер
Алтыншы: Жұма түніне қараған кеш жан тапсырған
Жетінші: Жатар алдында үнемі Мүлік сүресін оқып жатқан адам.
Алла баршамызға екі өмірдің жақсылығын нәсіп етсін, қабір азабынан сақтап, мәңгілік жәннатта болуды жазсын Әмин!


Текелі қаласы «Керімбек би»
мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз