https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Тіл көз тию туралы

18 Sep 2019 0 comment Оқылды: 1917 рет

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде былай делінеді:
«Көз тиюі хақ.» (Муслим)
«Көз адамды мазарға, түйені қазанға түсіреді.» (Ибни Ади)
«Адамдардың жартысы көз тиюден өледі.» (Табарани)


Адамға, жануарға, тіпті жансыз нәрселерге де көз тиеді. Көз тиюі ауруға шалдықтырады, тіпті өлтіреді де. Пайғамбар заманында бір сахаба шомылып жатқан кезде екінші сахаба оған сұқтанып қараған кезде, оның ауырып қалғаны туралы деректер бар. Сол кезде Мұхаммед пайғамбар (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) "Адамның бойынан жақсы бір қасиетті көрсеңіздер, оған дұға жасаңыздар" деген". Көз тиіп ауырған адамның бойында әлсіздік байқалып және жүзінде сарғылт, қызғылт немесе қара дақ белгілері пайда болуы мүмкін. Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Үмму Сәләмәның үйінде қызметші қыздың жүзінде қаралау дақ барын көреді де: «Мына қызға дем салыңдар, ол сұқтанып қалыпты»,– дейді. Құранның 62-аяты, "Жүсіп" сүресінде Жақып пайғамбар балаларына "Мысырға барған кезде барлығың бір қақпадан кірмеңдер, бөлек-бөлек кіріңдер" деген өсиет айтқан екен. Мұны тәпсір ғалымдары Жақып пайғамбардың балалары көп болған. Сондықтан Мысырға барған кезде "балаларымның көптігіне адамдардың көзі мен тілі өтпесін" деген ниетпен пайғамбар солай айтқан" деп түсіндіреді.
Тіл-көзден сақтану үшін алдымен адамның рухани күші берік болу керек. Ол үшін Ұлы Алла Тағалаға сыйынудың маңызы зор. Сондықтан тіл-көзден сақтану үшін «Қалам» сүресінің 51-52 аяттарын, «Фатиха», «Аятул-курси», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін үнемі оқып жүру қажет. Сонымен бірге адамның назарын аударатын, елдің қызығушылығын туғызатын жақсы заттар ұстау, бағалы киімдер секілді айналадағы жандардың қызғанышын оятудан сақтанып жүру керек. Қандай да бір әркетіңізді мақтаған адамға «Аллаға шүкір» деңіз, «машалла» десеңіз деген секілді ықыласыңызды сыпайы жеткізу тіл-көзден сақтанудың бір жолы болмақ. Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім өзіне қатты ұнаған бір нәрсе көрсе, «Машалла, баракалла» десе, оның қараған нәрсесіне көз тимейді»,– деген. Көз тиген жағдайда: Алладан жәрдем сұрау қажет. Дұға жасау, ол дұға шариғатымызда «руқия» деп аталады. Имам Муслимнің хадис жинағында «Бисмилләһи урқикә мин кулли шайин иузикә мин кулли хасидин уә ъайнин уа Аллаһу иашфикә» деген Жебрейіл періштенің ардақты пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) білдірген рұқия дұғасы келген. «Алланың атымен... Саған қиындық пен ауыртпалық берген барлық нәрседен, әрбір жанның және кез келген қызғаншақ, көреалмаушының жамандығынан саған руқия жасаймын (Саған дем саламын). Шипа беруші – бір Алла ғана. Алланың атымен руқия жасаймын (жалбарынамын)»,-делінген. (Муслим) Бірде Жағфар ибн Әбу Тәліптің екі баласын пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген кезде балалардың күтушісінен: «Бұлар неге азып кеткен?»,– деп сұрайды. Сол кезде ол: «Уа, Алланың елшісі, оларға көз тиген. Оқытуға қалай қарайтыныңызды білмегендіктен оларды оқытпадық»,– деген кезде Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Оларды оқытыңдар. Егер пешенеге жазылғанның алдын алу мүмкін болса, ол көз тию болар еді»,– деп жауап берген. (Тирмизи)
Қорыта айтқанда, осы хадистерге қарап отырып, көз тиген кезде дұға оқып, дем салудың маңызды екенін аңғарамыз. Дем салған кезде тек Құран аяттары мен хадистердегі дұғалар болуы шарт.
"Құдай тіл-көзден сақтасын" деп дұға етіп жүрудің де еш артықшылығы жоқ.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз