https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Дәретке жарамды сулар

12 Sep 2019 0 comment Оқылды: 1741 рет

Су тіршілік көзі ғана емес, сонымен қатар тазалықтың негізгі құралы. Нәжістен де (яғни, адамның кіші-үлкен дәреті, адамның жыныс мүшесінен шығатын басқа сұйықтықтар, қан, арақ-шарап, ит және жыртқыш жануарлардың сілекейі, олардың зәрі және тезектері, қаз, үйрек, тауықтың саңғырықтары, т.б. ) дәретсіздіктен де тазартушы негізгі зат – су. Су – таза және тазартушы зат. Дәретсіздіктен тазаруға жарамды және жарамсыз болуы тұрғысынан су алты түрлі дәрежеге бөліп қарастырылады. Олар: Мұтлақ, мұқайят, мәкруһ, күмәнді, пайдаланылған және таза емес сулар болып бөлінеді.
1. Мұтлақ сулар: Қар, бұршақ, жауын, құдық, теңіз, өзен, бұлақ, көл, сел сулары. Судың үш сипаты бар: реңі, исі, дәмі. Реңі өзгермеген, исі шықпаған, дәмі бұзылмаған сулар – таза және тазалаушы. Яғни өз болмысы таза, сондай-ақ нәжістен де дәретсіздіктен де тазартатын суды таза және тазартушы су деп атайды.
Ақпайтын, яғни тоспа сулар, олар шамамен 50 шаршы метрлік алаңға жайылған, тереңдігі кем дегенде суды уыстап алғанда қол судың түбіне тимейтін шамасындағы кішігірім көлшік немесе сол көлемдегі хауыз болатын болса, онда олар да нәжіс араласқанымен ағын су секілді үш қасиетінің бірі жоғалмайынша таза су болып саналады. Осы мөлшерден аз су жиналған хауыздарға нәжіс түссе түсі, иісі, дәмі өзгермеседе таза болмайды.

2. Мұқайят сулар: Қауын-қарбыздың суы, өсімдік суы, гүлдердің және осыған ұқсаған сулар. Бұл сулармен ластықты кетіруге болады, дәрет және бойдәрет алуға жарамайды.
3. Мәкруһ сулар: Таза һәм тазалаушы болғанымен қолданылуы мукруһ суларға: тауық сияқты еті желінетін, еті желінбейтін лашын, сұңқар сияқты жыртқыш құстардың, мысықтан қалған сулар жатады. Басқа таза су болмаған жағдайда бұл сулармен, ластықты кетіріп, дәрет және бойдәрет алына береді.
4. Күмәнді сулар: Есектің, қашырдың қалдық сулары. Бұл сулармен басқа су табылмаған жағдайда дәрет және бойдәрет алынып, қосымша тәйәммум алынады.
5. Пайдаланылған сулар. Дәрет және бойдәрет алынған сулар. Бұл суларға лас нәрсе араласпаса таза деген үкім берілсе де дәрет және бойдәрет алуға жарамайды.
6. Таза емес сулар. Таза емес және тазалаушы емес сулар: ішіне нәжіс түскен аз сулар, ішіне нәжіс түсіп, иісі, дәмі, реңі өзгерген көп сулар, жырқыш аңдардан, иттен қалған қалдық сулар.

Ақсу аудандық мешіті.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз