https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Уасуасадан құтылу жолдары

30 Шілде 2019 0 comment Оқылды: 2116 рет

Шайтанның уасуас жасауы (азғыруы), арамызға неше түрлі жаман ойларға төтеп беретін мұсылманның қорғаны ол оның намазы. Намаз оқу оқу арқылы пенде менмендіктен, өркөкіректіктен арылады, өйткені намаз пенденің құл екенін мойындатқызады. Сәждеге басын қоюмен, кішірейеді. Хадисте Пайғамбар (с.а.у) айтқандай «пенде Жаратушысына ең жақын кез – сәжде жасаған сәті». Жаратқанның шексіз рақымына сиыну арқылы мұқтаж құл екенімізді мойындаймыз. Адам қай кезде жалғыз қалса шайтан азғыра бастайтыны ақиқат. Қарасақ шайтан көб жағдайда дін ұстанған иманына беріктен көрі қайғы – мұңмен бос жүрген адамдарды азғыруда. Сондықтан бос уақытты зая кетірмей, таңм мен кеште айтылатын зікірлерді дұға аяттарын қайталап Алланы пәктеп Пайғамбарымызға (с.а.у) салауатты көбірек айтуымыз керек. Шайтан біздің бос кезімізді пайдаланып әртүрлі жаман ой тастап, күнә жасауға итермелейді, осы кезде бізде қарсы белсенді күрес жүргізуіміз қажет. Алла Тағаламен рухани байланысты үнемі күшейтіп отырған пендені шайтан азғыра алмасы анық. Бір риуаятта Имам Ахмет Абдуррахман әт-Тәмимиден мынадай хадис риуаят етті. «Бір кісі Абдуррахман әт-Тәмимиден: «Шайтандар жабылмақшы болғанда Алланың елшісі (с.а.с.) оларға не шара қолданып еді?» – деп сұрайды. Сонда Абдуррахман: «Иә, шайтандар аңғарлардан шығып, тау-шатқалдардан түсіп жиналып тайлы-тұяғымен Алланың елшісіне (с.а.с.) келеді. Олардың арасында бір шайтанның қолында бір шоқ алауы бар екен. Ол онысымен Алланың елшісінің (с.а.с.) жүзін күйдірмекші болады. Сол мезетте аспаннан Жебірейіл періште (а.с.) түсіп, Пайғамбарға (с.а.с.): «Уа, Мұхаммед! Менің айтқанымды артымнан қайтала», – деп, мына дұғаны оқиды: «Алланың кемел сөздерімен жаратқан, жасаған, бар қылған жамандықтарынан, көктен түсетін жамандықтан, көкке өрмелейтін жамандықтан, түн мен күннің фитнә-кесапаттарынан, есікті ізгі ниетпен қағатындардан басқа қағушылардың кесірлерінен сақтанамын! Уа, Рахман!». Осы дұғаны айтқан кезде әлгі шайтандардың оттары өшіп, Алла Тағала оларды ойсырата жеңеді», – деп әңгімелеп берген екен». (Ахмет риуаят еткен). Ұйқысыздық мазамыз қашқанда сүннетте келгендей Мұхаммед ибн Яхия ибн Хиббанның жеткізуінше Халид ибн Уалид (р.а.) ұйықтай алмай, Пайғамбарға (с.а.с.) шағынғанда, ол (с.а.с.) ұйқыға жатарда Алланың кемел сөздерімен Оның ашуынан, пенделерінің кесірлерінен, шайтандардың азғыруларынан әрі олардың келулерінен сақтануға бұйырған. Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Ібілістің ашуын тудыруға Құранда «Қул йә әййуһәл-кәфируннан» күшті сүре жоқ. Расында ол сүренің мағынасы серік қосудан тазалану һәм таухид. Бір кісі Пайғамбар (с.а.с.): «Маған өсиет айтыңыз», – дегенде, ол (с.а.с.): «Ұйқыға жатарда «Қул йә әййуһәл-кәфирунды» оқып жат. Расында ол – ширктен тазалану», – деген». Алланың елшісі (с.а.с.) Абдулла ибн Хубейбке (р.а.): «Қул һуаллаһу ахад» пен екі сақтану сүресін (Фалақ, Нас сүрелерін) кешке және таңертең үш рет оқуың барлық қажетіңе жеткілікті», – деген (Әбу Дәуіт, Термези және Нәсәи риуаят еткен хадис). Алла баршамызды шайтанның уасуасынан сақтап өзінің қорғауына алсын Әмин!

Текелі қаласы «Керімбек би»
мешітінің бас имамы
Аман Айтбосынұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз